№7-Дәріс Тақырып: Адамзат тарихындағы білім беру мақсаттарының алуан түрлілігін зерттеу: тұжырымдамалар мен модельдер


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев



бет5/5
Дата19.10.2023
өлшемі138,63 Kb.
#119682
1   2   3   4   5
Байланысты:
7-Дәріс Жумашева С

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
«Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында нақты міндеттер қойып:
«Біз Абайдың «толық адам» тұжырымын қайта зерделеуіміз керек. Бұл бағытта ғалымдарымыз тың зерттеулерді қолға алуы қажет. «Толық адам» концепция­­­сы, шындап келгенде, өміріміздің кез келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының негізгі тұғырына айналуы керек деп есептеймін», деді.
Адам өмірі тұтасымен түрлі қарым-қатынастардан құралады. Онсыз адам қоғамнан бөлініп қалмақ. Ал қарым-қатынас міндетті түрде өзара жауапкершілікті туғызады. Бұл жауапкершілік қара басының қамын биік қоятын өзімшілдік араласқан кезде бұзылады. Сондықтан Абай: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек», – деп адамға нұрлы ақыл мен ыстық қайраттан бөлек жылы жүрек керек екенін айтады.

Абай әрдайым қоғамның береке-бірлігін арттыруға ден қойды. Ол "Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің – бәрі бос" деп, елді татулыққа шақырды. Біз аса күрделі кезеңді бастан өткерудеміз. Осындай сәтте бір-бірімізге қол ұшын беріп, өзара мәміле мен ынты-мағымызды арттыра түсу аса маңызды. Кемеңгердің де жан-жүрегімен тілегені жұртының амандығы мен ұлтының тұтастығы еді. Сондықтан бүгінгідей қиын шақта , Абай мұрасына жүгіну өте өзекті болып отыр", – деді ҚР президенті Қ.Тоқаев. Осы тұжырым осы тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығының дәлелдемесі деп ойлаймыз.
Қорыта келе айтарымыз, Абайдың "Толық адам" тұжырымдамасын ҚР білім алушылардың тұлғасын тәрбиелеудің жаңа моделі ретінде қарастыруға болады.

  Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі: 1. Таубаева Ш, Иманбаева С.Т., Берікханова А.Е. Педагогика. Оқулық. - Алматы: «ОНОН». 2017. – 340 б. 2. Педагогика.- Алматы:KazBookTrade, 2017- 358 с. (Хан Н.Н., Жампеисова К.К. Колумбаева Ш.Ж.). 3. Таубаева Ш.Т. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері: оқулық.- Алматы: «Қазақ университеті», 2019.-360б. Қосымша: 1. Дүйсенбаев А.Қ. Педагогика тарихы. Оқу құралы- Алматы: «Medet Group» ЖШС, 2021.- 240б. 2. Қ. Тоқаев «Абай және 21-ғасырдағы Қазақстан» мақаласы bilimainasy.kz



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет