7 Тақырып Сан есім. Есімдік Мақсаты



бет3/7
Дата06.02.2023
өлшемі103,5 Kb.
#65379
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
7. Сан есім, есімдік (1)

Болжалдық сан есімдер
Сан есімдер барлық уақытта өздері анықтайтын заттар мен құбылыстардың санын дәл, нақты көрсетпей, шамамен тұспалдап атайтын кездері де болады. Осымен байланысты тілде болжалдық сан есімдер қалыптасқан. Сондықтан ғылыми еңбектерде болжалдық сан есімге мынадай анықтама берілген: «белгілі бір заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап қана шамамен атайтын сөздер.
Сан есімге арналған зерттеулерде, оқулықтарда осы екі тәсіл іштей бірнеше түрге бөлініп жүр.
Синтетикалық тәсілдің жолдары: - болжалдық сан есімдерден, - дей, - тай, - тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы, Өзен мен бұл үйдің арасы бес жүз қадамдай жер еді (X. Есенжанов).
Бұл жұрнақтардың ерекшелігі- бірлік саны қосарланған сандарға (елу-алпыстай, жетпіс- сексендей) және ондық, жүздік, мыңдық көбейтілмелі сандарға (бесжүздей, жиырма мыңдай) қосылады.
Сонымен бірге бұл қосымшалар есептік сан есімдер тікелей тіркесіп анықтайтын мезгілдік, көлемдік мағыналы есімдерге де жалғанып, болжалдық мағынаны білдіреді. Мысалы, он тәуліктей, алты аптадай, бес айдай, екі айдай, отыз километрдей т.б.
- ер жұрнағы арқылы болжалдық сандар тек бір есептік сан есіммен жасалады.
- есептік сан есімдерге - лаған, - леген, - даған, - деген, - таған, -теген жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
- лап, - леп, -дап, - деп, -тап, - теп жұрнақтары сан есімдерге жалғану арқылы болжалдық сан есімдер жасалады.
- есептік сан есімдерге көптік жалғауы, сонан соң жатыс септігінің жалғауы жалғану арқылы болжалдық мағына жасалады. Мысалы, Жиналыс сағат екілерде басталады.
Аналитикалық тәсілдің жолдары:
- есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы, Тобылғыны түсіріп, үйге кірсек, Есембайдың 13-14 жасар үлкен баласы келген екен (С. Мұратбеков).
- есептік сан есімдерге шақты, шамалы, қаралы, таман, жуық, астам, асқан, келген, тарта, таяу сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, Ол осы жаздың басында он шақты жігітімен келіп, Жаншаның жасағына жазылғанды (X. Есенжанов). Екі жүзге тарта жігіт кетіп еді (С. Мұқанов).
Болжалдық сан есімдер де зат есіммен тіркеспей, соның орнына жүргенде ғана көптеледі, тәуелденеді, септеледі. Мысалы, Екіншісі он бес -он алтыда (Ғ. Мұстафин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет