2.Сан есімнің мағыналық топтары Сан есім сөздер заттың сандық мөлшерін түрліше атайтынына қарай, бірнеше мағыналық топқа жіктеле алады. Ғылыми грамматикаларда көрсетіліп жүргендей, сан есімдердің бір тобы зат есіммен тіркесіп, оны анықтап, есебін, ретін, мөлшерін білдірсе, біразы жинақтылық ұғымды, бөлшектік үлесті, шамалық, болжалдық мағыналарды білдіреді. Осындай ерекшеліктеріне қарай, сан есім алты топқа бөлінеді: есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есім, топтау сан есімі, болжалдық сан есім және бөлшектік сан есім. Есептік сан есім Есептік сан есім мағыналық топтардың ішіндегі саны жағынан ең көбі және бұлар «заттың нақтылы санын және абстракт сандық ұғымды білдіреді .« Мысалы, Тоқсан бес жыл бұрын арқаға аға сұлтандық тәртіп орнады (X. Есенжанов).
Есептік сан есімдер зат есіммен тіркесіп, оны анықтап тұрғанда, морфологиялық жағынан еш өзгеріске түспейді.
Есептік сан есімдер өзге сөз таптарынан жасалмайды.
Реттік сан есім Реттік сан есімдер негізінен заттың рет санын, қатар санын білдіретіндіктен, олар үнемі зат есімнің алдынан келіп тіркеседі. Мысалы, бірінші жүлде, бесінші қабат, тоғызыншы үй, он сегізінші қатар т.б.
Жинақтық сан есімдер есептік сан есімдерге - ау (- еу) жұрнақтары қосылуы арқылы жасалады: біреу, екеу, үшеу т.б. Жинақтық сан есімдердің өздеріне тән мынадай ерекшеліктері бар:
- жинақтық сан есімдер ешқашан да күрделі түрде қолданылмайды;
- жинақтық сан есімдер мағына жағынан субстантивтік қасиеті болып келетін сөздер болғандықтан, сөз түрлендіруші грамматикалық формалардың бәрін де қабылдай береді.
.
Топтық сан есім Тілімізде заттар мен құбылыстардың санын топтап көрсететін де сан есімдер бар. Топтық сан есімдер де морфологиялық құрамы жағынан дара және күрделі болады. Топтық сан есімдердің өздеріне тән мынадай ерекшеліктері бар:
- топтық сан есім жасайтын негізгі көрсеткіш – шығыс септік жалғауы.
- кейде - дан, - ден қосымшасы топтық сан есімдердің анықтайтын сөздеріне қосылып айтылады.
- топтық сан есімдер грамматикалық көрсеткіштермен түрленбейді және жаңа сөздер жасай алмайды.