7 Тақырып Сан есім. Есімдік Мақсаты


Есімдіктің мағыналық түрлері



бет5/7
Дата06.02.2023
өлшемі103,5 Kb.
#65379
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
7. Сан есім, есімдік (1)

4. Есімдіктің мағыналық түрлері.

Есімдіктер жалпы мағыналы сөздер болғанымен, олардың бірнеше топтарға жіктелуі оның мағыналық қырларын аша түседі. Есімдіктердің бірнеше топқа бөлінуіне де лексика-семантикалық ұстаным негіз болады. Есімдіктер мағыналарына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:


1. Жіктеу есімдіктері
2. Сілтеу есімдіктері
3. Сұрау есімдіктері
4. Өздік есімдіктері
5. Белгісіздік есімдіктері
6. Болымсыздықесімдіктері
7. Жалпылау есімдіктері

1. Жіктеу есімдіктері


Жіктеу есімдіктерінің саны аз, бірақ олардың қызметі мен қолданылу аясы өте жоғары. Жіктеу есімдіктеріне белгілі бір жақты білдіру үшін қолданылатын сөздер жатады. Жіктеу есімдіктері не бары 8 сөз. Олар: мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктері жақтық мәнде қолданылытындықтан, үнемі адаммен, яғни сөйлеуші (мен), тыңдаушы (сен) және бөгде адам (ол) деген ұғымдармен байланысты қолданылады.
Жіктеу есімдіктерінің бәрі де септік жалғауларын қабылдайды. Бірақ олардың септелу жүйесінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Тұлғалық жағынан алғанда мен (< ме-н), сен (< се-н), ол (< о-л) жіктеу есімдіктерінің ме-, се-, о-және-н дыбысынан құрылғаны белгілі.
2. Сілтеу есімдіктері
Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, анау, мынау, сол, сонау, осынау, ана, мына, әне, міне деген сөздер жатады.
Сілтеу есімдіктерінің негізгі мағынасы - аралық қатынасты білдіру. Демек, сілтеу есімдіктері тілде сөйлеушіге алыс я жақын маңдағы заттарды, құбылыстарды сілтеу, нұсқау, көрсету үшін қолданылады.
3. Сұрау есімдіктері
Сұрау есімдіктеріне кім? не? қай? қайсы? қандай? қалай? қайда? қайдан? неше? нешінші? қашан? қанша? қаншасы? сөздері жатады.
4. Өздік есімдіктері
Қазақ тілінде өздік есімдіктеріне тәуелдік жалғауларынсыз қолданылмайтын өз түбірінен тараған сөздер жатады. Олар мына сөздер: өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріміз, өздеріңіз, өздері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет