7 Тақырып Сан есім. Есімдік Мақсаты



бет6/7
Дата06.02.2023
өлшемі103,5 Kb.
#65379
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
7. Сан есім, есімдік (1)

5. Белгісіздік есімдіктері
Белгісіздік есімдіктері деп заттар мен құбылыстарды анық ашып айтпай, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз. Мысалы, Біреу тойып секіреді, Біреу тоңып секіреді (мақал).
Белгісіздік есімдіктері - тілде бертін пайда болған сөздер.
6. Болымсыздық есімдіктері
Бұл топқа жататын есімдіктер болымсыздық мағынада қолданылады. Болымсыздық есімдіктері көбінесе еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің тіркесуі негізінде жасалады. Яғни, еш сөзі басқа болымсыздық есімдігін жасауға негіз болады. Ал еш сөзінің өзі жеке қолданылмайды, тек өте сирек жағдайда ғана қолданылады. Мәселен, Ештен кеш жақсы (мақал).
Болымсыздық есімдіктеріне еш, ешкім, ештеңе (ештеме), ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайсы т.б. бұлардан басқа бір де бір, дәнеңе, түк, д ы м деген сөздер жатады.
7. Жалпылау есімдіктері
Жалпылау есімдіктері деп көп заттар мен құбылыстарды жинақтап айту мағынасында қолданылатын сөздерді айтамыз. Бұл топтағы есімдіктерге бәрі, барлық, барша, күллі, түгел, бүкіл деген есімдіктер жатады. Жалпылау есімдіктері екі не одан да көп заттардың жиынтығын жалпылай көрсететін сөздер болып келеді.
Есімдіктің синтаксистік қызметі
Есімдіктер басқа да сөз таптарының орнына жүретіндіктен, ол сөйлемнің барлық мүшелері ретінде қызмет атқарады.
Есімдіктің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Есімдіктердің барлығына жуығы бастауыш қызметін атқара алады.. Мәселен, Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары жаны жаздай жайраңдаған (И.Сапарбаев). Өзге емес, өзім айтам өз жайымды... (Қ. Аманжолов). Қарағым-ай, еліктер осылай жосады екен, Жолыңнан сені кім тосады екен (Ш.Сариев). Сен сияқты мені ешкім еркелетіп, сен сияқты мені ешкім түсінбеген (М.Шаханов).
Есімдіктің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Көбінесе жіктеу есімдіктер сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Есімдіктердің кейбір түрлері дара, күрделі бастауыш қызметінде жұмсалады. Сондай-ақ бұл қызметте сілтеу, сұрау есімдіктері де кездеседі. Мысалы, Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі - осы (М.Әуезов). Сіз халықтың кімі едіңіз? (Бұл да).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет