Есімдіктің толықтауыш кызметінде жұмсалуы. Есімдіктердің бәрі сөйлемде толықтауыш мүше қызметін атқара береді. Есімдіктер қимыл-әрекеттің тура және жанама объектісін білдіріп, тура және жанама толықтауыш болады. Мысалы, Өзін сыйлай білмеу - бақытсыздық, өзіне шексіз риза болу - ақымақтық (Г.Мопоссан). Соның қайсысын хикмет көресің (Абай).
Есімдікгің анықтауыш қызметінде жұмсалуы.Анықтауыш болатын есімдіктерге сілтеу, сұрау, жіктеу, жалпылау есімдіктері жатады. Мәселен, Мына қыз мені сүріндірді, енді айтпасыңа болмас-деді (Ә.Сәрсенбаев). Сіңілім, мына қағазды ал да, біздің үйге бар (Ә.Әбішов).
Есімдіктің пысықтауыш қызметінде жумсалуы.Пысықтауыш қызметін осы, сол деген сілтеу есімдіктері, қашан? қалай? неліктен? сұрау есімдіктері атқара алады. Мысалы, Сендермен қашаннан аға-інілі болғанмын (Жамбыл). Бұл жақта жерден астық алу алтын алудан қиын (Ғ.Мұстафин).
Ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер: Байтұрсынов А. Тіл та5ылымы.-Алматы,1992.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.(3-ші басылымы). –Алматы, 2010.
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А. ,1972.
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты.А.,1998.
Исаев С.Қазіргі қазақ тіліндегінегізгі грамматикалық ұғымдар.А.,1992.
Исаев С. М. Қазіргі қазақ тілі (морфология) курсы бойынша теориялық және практикалық сабақтардың мазмұны. А., 1991, 2003.