88)Лимфа (лат. lympha) — жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөлініп шығарылады. Лимфа жасушааралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады, бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды, олар үлкен веналарға құйылады.
Лимфа — кұрамында бірсыпыра белок пен торша бар, жабысқак, түссіз сұйықтық. Лимфа жүйесінен қанға көкірек өзегі арқылы келіп түседі. Лимфа лимфоциттердің қайта айналы- мына, біріншілік және екіншілік иммундық жауаптардың дамуына қатысады.
Лимфа (латынша «lympha» - таза су, ылғал) - адамның лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын сұйық дәнекер ұлпа немесе сарғылт түсті мөлдір сұйықтық. Лимфа - ағзаның ішкі ортасы, ұлпасұйықтығынан түзіледі. Тұз құрамы жағынан қан сарысуына ұқсас. Лимфаның химиялық құрамы: 95% су, 1-2% нәруыз; 0,1% глюкоза; 0,9% минералды тұздар. Адам денесінде бір тәулікте шамамен 2-4 л лимфа түзіледі. Қан сарысуына қарағанда нәруыздары 3-4 есе аздау, тұтқырлығы да төмендеу. Лимфаның құрамында фибриноген нәруызы болады. Сондықтан оның баяу болса да ұйығыштық қасиеті бар. Лимфа қан сияқты үздіксіз қозғалыста болады. Лимфада болатын лейкоциттерді - лимфоциттер деп атайды. Лимфоцит - лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі. Адамның барлық лейкоциттерінің 18-30%-ын құрайды. Лимфоциттер - ұсақ, диаметрі 8-10 мкм. Лимфа сыртқы және ішкі әсерлерге өте сезімтал. Рентген сәулесінің әсерінен лимфоциттер тез жойылады. Егер ағзаға қалқанша бездің гормонын жіберсе, лимфоциттердің саны көбейеді.
Құрамы жағынан лимфа белоктары плазма белогына ұқсас, бірақ олардың
мөлшері өте аз. Белоктардың ең аз концентрациясы (1-2 пайыз) аяқтардан,
теріден, еттен шығатын лимфада кездеседі, себебі бұл органдар
капиллярларының өтімділік қасиеті өте төмен.
Белоктар мөлшерінің аз болуына байланысты лимфаның тұтқырлығы мен
тығыздығы плазмамен салыстырғанда төменірек. Лимфа құрамында
хлоридтер мен бикарбонаттар концентрациясы көбірек. Оның əрекетшіл
ортасы сілтілік, сутектік көрсеткіші қан плазмасынан жоғары. Лимфада
эритроциттер болмайды, аз мөлшерде лимфоциттер, моноциттер жəне
гранулоциттер кездеседі. Лимфа құрамында тромбоциттер болмағанымен
фибриногеннің болуына байланысты ол ұйыйды (16- таблица).
Лимфаның құрамы мен мөлшері ол ағып шыққан ағзаның физиологиялық
күйіне қарай өзгеріп отырады. Мысалы, майлы азық жегеннен кейін ішек
лимфасының құрамында май тамшылары көбейіп, ол сүт түстес жағдайға
келеді.
Біздің ағзамызда қаннан басқа, маңызды қызмет атқаратын тағы бір сұйықтық бар, ол — лимфа. Адам денесінде оның мөлшері қанмен салыстырғанда төрт еседей артық. Ересек адамда оның түсі сәл сарғыштау, жаңа туған нәрестеде — сүт түстес ақ сұйықтық, лимфа тамырлары арқылы ағады. Адамның барлық денесі, оның әрбір мүшесі және тіндері лимфа тамырларының ішіне еніп жатады. Лимфаның жалпы ұзындьпы 70 000 километрден асады. Оның меншікті салмағы 1,017—1,026 грамм/куб сантиметр. Қан сияқты, лимфа да тіндерді қоректік заттармен қамтамасыз етеді және ағзадан артық өнімдерді шығарып, тіндерді зиянды заттардан тазартады.