Ал, ересек адамдар көру қабілетін жоғалтқанда, ауыр стресс күйіне түседі. Жақында ғана көру қабілетінен айрылған адамға, өзін-өзі төмен бағалау, төмен деңгейдегі ынта, айқын депрессиялық мінез-құлық компоненттері тән. Көретін адамдармен салыстыратын эксперименталды зерттеулерде, соқыр және нашар көретін балалардың адамдармен, қоғаммен, заттармен қарым-қатынасындағы эмоцияларын көрсетуінде сәтсіздіктер анықталған. Нашар көретін балалар мен көрмейтін балалардың эмоционалды қатынастарын, түрлі өмірлік жағдаяттарда салыстырғанда, кейінгілердің анағұрлым сезімтал екендігі анықталған.
Сонымен қатар, нашар көретін балалар, тотальды соқыр балалармен салыстырғанда, көбірек эмоционалдылы пен алаңдаушылық танытқан. Тағы бір дерек, мектеп-интернатта тұратын балалар, отбасында тұратын балалармен салыстырғанда, өзін-өзі бағалауда, өз мүмкіндіктеріне сенімсіздік танытқан. Бұл көру қабілеті бұзылған балалардың эмоциялары мен сезімдерінің дамуында, әлеуметтік орта мен адекватты жағдайлардың маңызды рөл атқаратындығын дәлелдейді: соқыр бала, қоғам мен өз өміріндегі коррекциялық– педагогикалық жайлардың ұйымдастырылуына тәуелді. Сондайақ, соқырларға белгісіз, көрмеген, қауіпті кеңістік алдындағы қорқыныш сезімі тән.

Бірақ, бұл қорқыныш тек ата-аналардың қате үйретуімен, баланың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға талпыныстарының сәтсіз аяқталуымен пайда болады. Бұл жағдай, тірі объектілермен танысуға қатысты, тірі объектілерді тексеру қорқынышы мен қаупін жою, тек танымдық қызығушылықтар мен танымдық қажеттіліктерді дамытуды, дұрыс жолмен жүргізсе ғана мүмкін болады.