№8 Дәріс Дамуында бұзылуы бар балалардың тұлғалық даму ерекшеліктері

бет15/26
Дата10.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#73255
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26

«ХХ ғасырдың басына дейін, соқыр адамдарды қоғамға пайдасы жоқ, қажетсіз деп есептеп, олардың жеке тұлға екендігі мойындалған жоқ. Себебі, көру кемістігінің орны толтырылмайды деп есептеліп келді. Ең алғаш рет, дефектология саласында, сенсорлық жетіспеушілік жағдайындағы, жеке тұлғалық даму туралы Л. С. Выготский айтқан болатын. Л. С. Выготскийдің айтуынша, кез келген кемістік, кез келген дене ақауы, адамдардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын өзгертеді. Яғни, адамдардың органикалық кемшіліктері, әлеуметтік қарым-қатынасқа ықпал етеді, мүгедек адамның әлеуметтік дәрежесін төмендетеді, өзіндік мінез-құлықтың қалыптасуына әсер етеді.

Мысалы, зағип адамдар, көретін адамдардан аулақ болуға, шарасыздыққа, жақындарына масыл болуға әдеттенеді. Шындығында, соқыр адамдар, біз ойлағандай, өздерін қараңғылықта сезінбейді, себебі, бұл олар үшін психологиялық айғақ емес. Тек ол адам, өзінен денсаулығы жағынан өзгеше адамдармен қарым-қатынас жасағанда, өз жағдайы психологиялық айғаққа айналады. Әлеуметтік қарым-қатынастың бұзылуы, туа біткен соқырлық пен көру қабілетін ерте жоғалтқан адамдардың, жеке тұлғалық дамуында, бірқатар ауытқулар туғызады.

Жоғары білікті педагогикалық көмек көрсетілмесе, жағымсыз мінез-құлық ерекшеліктері пайда болады. Егер баланы шектен тыс қамқорлыққа алса немесе керісінше, қамқорлықтан тыс қалдырса, кері мінездер қалыптасады. Мысалы: моральды жағынан – эгоцентризм, өзімшілдік, жауапкершілік пен парызды сезінбеу, жолдастық сезімді түсінбеу; ерік-жігер жағынан – өз бетімен әрекет етуге қабілетсіздік, шешім қабылдауда дәрменсіздік, иланғыштық, қырсықтық; эмоциональды жағынан – айналадағы оқиғаларға селқостық, қаталдық, сезімсіздік; интеллектуалды жағынан – танымдық қызығушылықтың болмауы, жаңа нәрсеге қызықпау т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет