Көп жағдайда, тілінің ауыр бұзылуы бар балалар, өздерінің мінез-құлық белгілерін дұрыс бағалай алмайды, сыни көзқарастың болмауынан өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Мынадай үрдіс көзге түседі, бұл балалар өздерін идеалға жақын санайды. 1-2 сынып оқушыларының мінез-құлық қасиеттерін асыра бағалауы, жасқа сай заңдылықтармен түсіндіріледі (мұндай құбылыс қалыпты дамуда кездеседі), 3 сынып оқушыларында кездесетін осындай құбылыс, бұл балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

Ынта деңгейін зерттеу нәтижелері, сөйлеуі ауыр бұзылған балалардың сәтсіздіктерге жасайтын реакциясы, қалыпты дамудағы балаларға қарағанда, өзгеше екені анықталды. Сәтті, дұрыс орындалған тапсырмадан кейін, одан гөрі күрделірек тапсырмаға ауысудың орнына, бұл балалар керісінше, жеңілі тапсырмаға қарай ұмтылады. Бұл дерек, олардың қорғаныс реакциясы ретінде қабылданады.

Бұл балалардың беделін сақтап қалуға деген ұмтылысы немесе қорғаныс реакциясы. Әсіресе, ынта деңгейінің өте төмендігі, 1 сынып оқушыларында жиі кездеседі. 2 сыныпта одан гөрі жоғарырақ, ал 3 сыныпта оқушылар мақсатты, қажетті іс-әрекетке деген ынталарын жоғарылата біледі. Демек, оқушылардың жасына сәйкес, нақты ынта деңгейі қалыптасады.