өте енжар, селсоқ, күйде болады. Ата-анасын басқа адамдардан ажыратып таниды, бірақ ешқандай жақындық сезімдерін байқатпайды. Тіпті, олардан қорқуы мүмкін, ондай кезде ұрып жіберу, тістеп алу сияқты көріністер байқалады, әдейі жасауы мүмкін. Бұл балаларға барлық балаларға тән құбылыс – ересек адамдардың көңілінен шығу, ұнау, мақтау есту, тәрізді ұмтылыстар болмайды. «Мама» немесе «папа» сияқты сөздері кейін пайда болады, ата-анасына қатысты айтылмауы мүмкін. Жоғарыда аталған симптомдардың барлығы, аутизмнің алғашқы патогендік факторларының бір көрінісі болып табылады, оның ішінде, сыртқы өмірмен байланыс жасаудағы эмоционалды жайсыздықтың күшеюі.
Аутизмі бар балалар үшін, сыртқы өмірмен байланыс жасау шыдамдылық шегінен тыс. Олар жағымды қарым-қатынастың өзінен тез шаршайды, алған әсерлерінің жағымсыз, үрейлі жақтарын ғана итермелеуге ұмтылады. «Бұл балалардағы қорқыныш сезімдері, аутистік мінезқұлықтың маңызды бөлігі болып саналады. К. С. Лебединская мен О. С. Никольская қорқыныштың үш түрін ажыратады:

балалар жасына тән кәдімгі қорқыныштар (анасынан айрылып қалу қаупі, бір жерін ауыртып алу қаупі, бұрын басынан кешкен ауырсыну сезімдері т.б.);
балалар жасына тән кәдімгі қорқыныштар (анасынан айрылып қалу қаупі, бір жерін ауыртып алу қаупі, бұрын басынан кешкен ауырсыну сезімдері т.б.);
жоғары сенсорлық және эмоционалды сезімталдықтан туатын үрейлер (қатты шу, таныс емес жерлер, бөтен адамдар, жан-жануарлардан және жәндіктерден қорқу т.б.).
- себепсіз, сандырақ тектес, негізсіз үрейлер.
Қарым-қатынас орнатуда, кәдімгі үйреншікті заттар мен құбылыстардың (кейбір ойыншықтар, тұрмыстық құралдар, судың немесе желдің шуы тб.), сондай-ақ, кейбір адамдар балада үнемі үрей сезімін туғызады. Жылдар бойы жалғасатын үрей сезімі балалардың өздерін қоршаған ортада таныс жағдайларды сақтауға тырысуға, әртүрлі қорғаныс мақсатындағы әдетсипатындағы қимыл-қозғалыс жасауға әдеттендіреді. Айналасындағы заттардың алмасуы, үйдегі жиһаздың орындарын ауыстыру, күн тәртібінің өзгеруі, бұл балаларда күшті эмоционалды кері реакция тудырады. Бұл құбылыс, «тепе-теңдік феномені» деген атқа ие болды.