№8 Дәріс Дамуында бұзылуы бар балалардың тұлғалық даму ерекшеліктері

бет17/26
Дата10.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#73255
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Байланысты:
Дәріс №8

Көз жанарын жоғалту, баланың эмоционалды-ерікті саласында, мінез-құлқында, түйсігінде, сезім тәжірибесінде өзіндік ерекшеліктер қалыптастырады. Оларда ойын, оқу, кәсіби әрекеттер барысында, қиындықтар туындайды. өскен сайын, тұрмыстық мәселелер көптеп пайда болады, олар күйзеліс, уайым сияқты кері реакцияларға себеп болады. Зағип адамдардың қоғамдық байланыстары, білім алуы, жұмыс істеуі т.б. оның сенсорлық кемістігіне байланысты мүмкіндікті шектейді, көп жағдайда, оның ұжымнан бөлініп қалуына тура келеді. Осыған байланысты, оларды арнайы бейімдеу және көрмей қалған адамдарды жағдайға дағдыландыру жұмыстары жүргізіледі (мектеп, қалпына келтіру орталықтары, реабилитациялық кабинеттер т.б.).

ТҚАЗ балалардың тұлғалық дамуы мен эмоционалды-ерікті саласының ерекшеліктері

Тұлғалық қалыптасудың психологиялық механизмдері, қалыпты дамудағы бала үшін, даму ауытқуы бар бала үшін бірдей, бірақ сол тұлғалық қалыптасу жағдайларының әртүрлілігі, даму кемістігі бар баланың тұлғалық дамуына, өзгеше әсер етеді. БЦП тәрізді, кеміс дамулар ішінде, психикалық инфантилизм типіндегі даму тежелуі жиі кездеседі. Психикалық инфантилизм негізінде, интеллектуалды және эмоционалды-ерікті салаларының жетілуінің үйлесімсіздігі болады. Инфантилизмдегі психикалық даму, жеке психикалық қызметтердың әркелкі деңгейде дамуымен сипатталады.

Бірақ М. С. Певзнердің айтуынша, «инфантилизмнің барлық формаларында, жеке тұлғаның жетілмеуі жетекші, әрі негізгі симптом болып табылады». Ресейлік әдебиеттерде, психикалық инфантилизм, кеш қалыптасқан ми жүйелерінің жетілмеуінен болатын, даму бұзылуының ерекше түрі ретінде қарастырылады (Т. А. Власова, М. С. Певзнер). Психикалық инфантилизмнің қарапайым, яғни асқынбаған түрін ажыратады, үйлесімді инфантилизм де соған жатады. Бұл формада, психикалық жетілмеу бала әрекетінің барлық салаларында байқалады, әсіресе эмоционалды-ерікті салаларында айрықша.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет