8-дәріс. Салт-дәстүрдің теориялық және діни негіздемелері мен оның ағартушылық арналары Дәстүр латынның «trаditiо»



бет3/32
Дата09.05.2022
өлшемі0,57 Mb.
#33136
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Өзін тексеру сұрақтары:

  • Зайырлы қоғам деп сіз қандай қоғамды атар едіңіз?

  • Қазақстан Республикасында діни бірлестіктерді тіркеудің қандай талаптарын білесіз?

  • Дін мен мемлекеттік биліктің ұштасқан қоғамы қалай аталады, сондай мемлекеттерді мысалға келтіріңіз?


10-дәріс. Тәңіршілдік түркі дүниесін ықпалдастыққа икемдейтін тарихи контексі және оның исламдық құндылықтарға ықпалы

Кез-келген елдің даму тарихына назар аудағанда ең бірінші сондағы сенім-нанымдары суреттеледі. Онымен қатар, діни оқиғалар қамтылған жазба жәдігерлері талданып зерделенеді. Тарихта көп кездесетін барша мәселелер дінге, діни қақтығыстарға, шіркеу-храмдардың және мешіттердің айналасындағы түрлі оқиғаларға сүйене отырып сол елдің тарихын жазудың басты себебі болып келгені ақиқат нәрсе. Түркі халықтарының қалыптасуына негіз болған тайпалар Тәңірдің барлығына ешқашан күмән келтірмеген. Сол себепті де көнетүркілер оның ішінде арғықазақтар табиғатпен етене жақын табиғат діні немесе тәңіршілдік (тенгризм, тенгрианство) деген атпен белгілі космогониялық түсінікке жақын сенімде болған. Бірақ, толыққанды дін болу үшін көптеген белгілер жетіспейді. Түркі халықтарының сөз қорындағы «мәдениет», «әдеп», «ақыл», «махаббат», «рахым» сияқты ұлттық мәдениеттің рухани-моральдық іргетасын құрайтын, дін-исламмен келген сокральдық киелі мағыналы сөздердің өзі осы діннің қаншалықты өркендетушілік функция атқарғанын, сана революциясын бейбіт жолмен-ақ жасағанын көрсетеді. Діннің хақтығы, өміршеңдігі оның адам санасын, мінез-құлқын жетілдіруге, халықтарға творчестволық күш, энергия, бірлік-ынтымақ беріп, алға жетелеуге қабілеттілігімен, оның құрғақ теориялар жинағы ғана болмай, сонымен қатар мәдениет, ғылым, этика, адамдарға пайдалы философия әрі психология, сондай-ақ саяси идеология, құқық бола алуымен өлшенеді. Осы тұрғыдан әмбебап сипаттағы ислам дінінің ерікті түрде қажеттіліктерді өтеу үшін дер кезінде келгендігін айтқан ғалымның пікірімен толықтай келісуге болады.

Ертедегі түркілердің түсініктері бойынша, алғашқыда «көгілдір аспан» мен «қара жер», ал содан кейін олардың арасында «адамзат ұлдары» жаратылған. Ежелгі түркілердің Енисей ескерткіштерінде «көгілдір аспан» күн сайын күн мен ай туатын әлемнің үстіндегі «шатыр» деп аталған. Шығып келе жатқан күн ерекше қастерленеді. Сол себепті шатыр тіккен кезде, есіктері шығысқа, яғни күн шығатын жаққа қаратылуы міндетті болған. Жер төрт жағынан шектелген және төрт бұрышы бар кеңістік ретінде ұғынылатын. Жерді, әрине, «адамның түркілерге ұқсайтын ұлдары» мекендейді.

Тәңіршілдік (Тенгриа́нство или тенгри́зм)-неологизм, яғни қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөз, фразеологиялық оралым. Еуразия далалары мен Орталық Азиядағы түркі-моңғол көшпелілерінің ортағасырлық этникалық дінінің белгіленуі, мұнда әсіресе мемлекеттік культ деңгейінде Тәңір ең биік - аспан құдай деп саналды. «Тәңіршілдік немесе тенгрианизм» терминінің авторы - қазақ этнографы Шоқан Уәлиханов, ал француз шығыстанушысы Жан-Поль Ру оны кең ғылыми айналымға енгізді. Ағылшын тіліндегі әдебиетте де Тәңіршілдік термині қабылданған.

Тәңіршілдік әлемдегі ең ежелгі және терең діндердің бірі ретінде қарау, Олжас Сүлейменовтің (АзиЯ) және Мурад Аджи еңбектерінде орын алады және исламға қарсы шыққан және исламға дейінгі түркі наным-сенімдеріне қайта оралудың жақтаушысы бола отырған Нихал Атциз (1905-1975) еңбектерінде кездеседі.

Л.Н.Гумилев «тенгрианизм» терминін қолданбаған, бірақ ол «Ежелгі түріктер» кітабында «Аспанға табынушылық - Тәңірі Орхон жазбаларында да жазылған», келесі бір еңбегінде «Көк аспанға-Тәңірге тағзым ету» қыпшақтар мен «бүкіл Ұлы Дала» үшін ортақ «қарабайыр дін», Шыңғыс хан дәуіріндегі моңғолдар Мәңгілік Аспанға табынуға негізделген монотеистік дінді ұстанған деп айтады. Тенгризмнің қасиетті мәтіндері болмаған және ауызша эпикалық дәстүрге негізделген.

Еуразия даласындағы түркі тайпаларының басым болуы басқа елдер мен өңірлерден келген миссионерлер әкелген діни нанымдармен өзара іс - қимыл жасауда түркі халықтарына ортақ дін-Тәңіршілік бірінші дәрежеде рөл атқарды. Дала халқының рухани ерекшеліктері мен ұлттық менталитеті толық көлемде көрініс берді.

Көк-Тәңірі (Көк аспан) - бәрін жасаушы Құдай - пантеистік тұрғыдан антропоморфтық емес абсолюттік, Даостың Дао, Индустардың Пара Брахманы, ежелгі гректің апейроны немесе қазіргі заманғы ғылымның біртұтас өрісі сияқты түсініледі.

Барлық басқа құдайлар Тәңірдің немесе табиғи элементтер рухтарының көрінісі ретінде табынған. Ежелгі түрік руникалық жазбаларында Тәңіріден басқа жер құдайы Умай мен жерасты әлемінің билеушісі, мүйізді қария Ерликке табынушылық болған. Ежелгі түркілер пантеонына Ер-Суб (Жер-Су), Жер, Су (Су иясе), От (Ут-ана), Күн (Кояш), Ай (Ай), Жұлдыздар, Ауа, Бұлттар, Жел, Торнадо, жай мен найзағай, жаңбыр және кемпірқосақ. Моңғолдар 99 тәңір құдайларына сенді.

«Аспанға тәңір деп табыну, - деп жазады Н.Ғ. Аюпов, - өте күрделі және көпқырлы сипатта болды: ол Күнге – Күн тәңірі, Айға – Ай тәңірі, Жұлдыздарға – Жұлдыз тәңірі деп сиынуды білдіреді. Ғарыштың бір бөлшегі ретіндегі аспан шексіз жоғарыны, оның алыстығын, қол жетпейтіндігін, өзгермейіндігін, орасан үлкендігін трансценденттік, ақыл жетпейтін нәрсе, ұлылық және артықшылық деп түсінуге негіз болды... аспан туралы осындай түсінік тұрмыстық мәдениеттің киіз үй, дабыл, қазан және тақия сияқты заттарын дөңгелек етіп жасауға ықпал етті. Кейіннен киіз үй, дабыл және қазан қастарлеп-қасиеттейтін заттар деп қабылданатын болды».

Түркі мемлекетін Енисей руникасында «Құдай қалауындағы ел» деп атаған. Бұл көне мифологиялық цикл Түркі қағанатының мемлекеттік культінің ажырамас бөлігі. Жоғарғы жағында көк аспан (және) төменгі жағында қоңыр жер пайда болған кезде, екеуінің арасында адам ұлдары құрылды. «Менің ата-бабаларым Бумын-қаған мен Истеми-қаған адам ұлдарының үстінен қайта қауышты. Сев (патшалыққа) олар тайпалық одақ пен түркі халқының құрылуын қолдады және ұйымдастырды. Білге қағанның құрметіне жазылған»- дегенді келтіруге болады.

Ертедегі түркілер мойындаған Табиғат діні б.з.д. ІІ-І мыңжылдықтарда негізіне жыл санаудың он екі жылдық жануарлар циклі – мүшел алынған күнтізбе жасаудың бастауы болды. Еуропалық түркітанушы Э.Шаванни еңбектеріне сүйене отырып қазақ зерттеушісі М.Ысқақов «түркілер жасаған мүшел Қытайға, Қытайдан Римге, кейіннен Мысырға жетті»-дер жазды.

Осындай тұжырымдар жасауға, ертедегі түркілердің жазба ескерткіштері де негіз болады. Мысалы, «көк түркінің көк семсері» атанып, қытай патшасын мойындатқан Күлтегін баһадүр құрметіне орнатылған стеллада оның жерленген және ескерткішінің орнатылған мерзімдері туралы мәліметтер жазылған: «Күл Тегіннің жаны Қой жылының он жетінші күні ұшып кетті (өлді). Тоғызыншы айдың жиырма бірінші күні біз оны жер қойнына тапсырдық. Қабір үстіндегі ғимаратты, жазу жазылған құлпытасты Мешін жылының жетінші айында, жиырма жетінші күні орнаттық».

Бүгінгі таңда Орхон жазбаларындағы көне түркілердің мемлекеттігінің және қағандардың дүниеге келу ерекшелігі, Ашина руынан тараған түркілердің тектілігі, жалпы түркі халқының қаһармандығы жан-жақты зерттелген. Руникалық жазбалардағы фрагменттік мәліметтер бойынша көне түркілер мифологиясы – мазмұны жағынан архаикалық болып келеді, атап айтқанда көне түркі мифологиясы тотемді генеологиялық және космогониялық болуымен ерекше екендігі де белгілі. Түркі мифологиясындағы көне түркі мемлекеттігінің пайда болуы туралы миф салыстырмалы түрде элитарлы және сакральды бұқаралық биліктің көрінісі, мифологиялық тұрғыдан жаңа қабатты бейнелейді.

Осыған орай, «Жерұйық» концепциясының негізін түркілер заманынан іздеудің қисыны бар. Түркі халықтарының рухани әлемінде өзіндік жинақтаушы күшке ие болған ұғымның қатарына «құт» феноменін жатқызамыз. Барлық елдердегідей түркі тілдес тайпалар да бір-біріне жақсы лебізін, игіліктің көбеюін білдіруте тырысқан.

Көне түркілер үшін еркіндіктің, азаттықтың жалпы тәуелсіздіктің маңызын Орхон-Енисей жазбаларының мәтіні арқылы түсіндіруге болады. Бұл туралы «Жерұйық» – түркілер дүниетанымындағы тәуелсіздікпен байланысы бар құтты мекен. «Себебі, түркілердің тәуелсіздікке қол жеткізуі және оны жоғалтуы жайында Орхон жазба ескерткіштерінде барынша тәптіштеліп түсіндірілген. Онда тәуелсіздікті жоғалтудың халық үшін өліммен тең екені, тәуелсіздікті алудың қайта тірілумен, жанданумен бірдей болатындығы және халықтың осындай оқиғалардан сабақ алу керектігі баса айтылған», – деп атап көрсетеді

Жалпы, макрокосмос ежелгі түркі халықтарын Жоғарғы, Орта және Төменгі трихотомды әлемдерге бөлген екен. Олардың арасында жанды заттар, құдайлар мен перілер болған-мыс. Бұл трихотомды концепция әлемнің көлденең (горизонталды) моделін тігінен (вертикалды) тұрғыда суреттейтін альтернативті моделмен толықтырылған. Ол бойынша Көк Тәңірі Жоғары әлемнің билеушісі және көне түркі пантеонының құдайы болған. Көк Тәңірі басқа құдайлармен бірлесе отырып адамдардың тағдырын да билігінде ұстаған. Тәңір қағандарға билік пен даналықты сыйлаған болса, Жоғары әлемнің тағы бір құдайы Ұмай ана адамзат баласына өмір сыйлаған. Өлім мәселесі түркі мифологиясы бойынша Эрклигтің (Ерлік) қолында болған. Түркі мифологиясында Орта әлем «Жер-Суды» киелі субстанция болып саналған. Оны нақты тарихи дерекпен нақтылаған трихшы С.Г. Кляшторный X ғасырдан қалған «Ырқ бітіг» деп аталатын Дуньхуан үңгірінен табылған руникалық жазбадан «Жол Тәңірі» деген атқа ие болған бірі ала, бірі қара аттағы жолдың құдайын анықтайды. Жол Тәңірі бейнесі түркілердің мемлекеттік культімен тікелей байланысты деп дәлелдеген. Орталық әлем мен Жоғары әлемнің арасы әрдайым байланыста болған. Аталған байланыс халықтың сыйыну тілегінен көрініс тапқан. Сөйтіп, белгілі тарихшы-ғалым көне түркі мифологиясына байланысты архаикалық Орталық Азия наным-сенім кейіпкерлері ретінде жоғарыдағы наным-сенім иелерін көне түркі пантеонының басты сипаты етіп көрсетеді.

Аспан ғарыштың бөлшегі ретінде мифологияда және Орхан-Енисей жазбаларында «Көк Тәңірі» деп аталған. «Көк аспан» - ұшу, көтерілу секілді етістіктермен сипатталады. Ал, жер көне түркі мифологиясында төрт бұрышты, шаршы кеңістік. Күлтегіннің қиссасында «төрт бұрыштың бәрі жау еді» деген мәтін түркі әлемінің дүниетанымдық шегін көрсетеді. Ышбара қағанның хатында өздері мекен еткен аймақтан тыс мекенде «төрт теңіз» бар екендігі суреттеледі. Оны жердің төңірегіндегі әлемнің мәңгі өзгермейтін негізі немесе әлемнің шегі деп түсінген. Руна ескерткіштерінің авторлары үшін әлемнің құрылысы көгілдір аспан, адамдар мекен еткен әлемді яғни жерді жауып тұратын төбе. Атап айтар болсақ, Төбе өзенінің маңында табылған ескерткіштің соңғы екі жолында: О, менің көк аспаным, бізге шатыр бола көр!

О, менің елім-Еділім, мәңгі жасай көр!-деп жазылуы түркілердің әлем жайлы түсінігін танытады. Бұл жөнінде Ышбара қағанның 585 жылы Суй императорына жазған мына хат мәтіні үзіндісінен түркі әлемі модулын шарықтата көрсетеді –«Аспан жауып тұрады, жер көтеріп жүреді, жеті ғаламшар сәуле беріп тұрады» делінген. Айта кетерлік тағы бір жайт дәл осындай үйлесімді қайталау 600 жылы Кимін қағанның хатында да кездеседі.

Ал, VII ғасырда өмір сүрген Феофилакт Симат та Күлтегін ешкерткішінде көрініс тапқан «Жоғарыда көк тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам жаралған» сөз тіркесінен «жер мен аспанды жаратқан бір Құдайға табынады» деген дерек қалдырған. Ғалымдар пікірлерінің тоғысқан жері Орта әлемде көне түркілер «Жер-Суды» киелі санағандығында. Ата-бабасынан мирасқа қалған жерді киелі санау, Жерұйығын қасиет тұту көне түркі мифологиясында нақтылы көрініс тапқан. Себебі, Жерұйық – ежелгі түркілік «ыдуқ-йер-суб» мифтік кеңістігінің дәшті қыпшақ тілді ортадағы кейінгі өзгерген атау. атақты ағылшын түркітанушысы, түркі-моңғол зерттеулерінің классиктерінің бірі Джерард Клосонның пікірінше «Жер-Су» ұғымы Құдай емес, Тәңірідей құрметтелген киелі ел, өлке, жер тараптың тұлғасы болған. Бұл турасында Ахмет Ташағыл: «Отанға деген сүйішпеншілік Орхон жазба ескерткіштерінде анық сипатталған. Сонымен қатар, Отүкен түріктер ұғымында қасиетті деп саналған. Өйткені, көк түркілердің астанасы – Отүкен болған» деп атап көрсеткен. Оны С.Г. Кляшторный «священная Отюкенская чернь» деп сипаттады. Бізше айтқанда «Жерұйығы» түркі мифологиясы бойынша әлемнің кіндігі дегенді білдіреді екен. Қағандар ордасын тіккен, түркі халқы мекен еткен, «төрт тарапқа» - «алға», «артқа», «оңға», «солға» жорыққа шыққан. Көне түркі түсінігінен қалған мифтік абыз-ақын образы Асан қайғы турасында сөз қозғауға алып келеді. Атап айтқанда, «Асан – аспан адамы», «қайғы – ақын, жырау, сазгер» деген туынды мағынаға ие екенін, Асан қайғы «Аспан жыршысы» болғанын ғана айта аламыз деген қазақ мифологиясын зерттеуге өлшеусіз үлес қосқан Серікбол Қондыбайдың зерттеушілік пікіріне қосылуға болады. Оның 4 томдық «Арғықазақ мифологиясы» осы мәселені кеңірек түсінуге жол ашады.

Алтайлықтар, шорттар, хакастар, тувалықтар және Оңтүстік Сібірдің басқа да халықтарының тарихы мен мәдениетінің ірі зерттеушісі, тарихшы Л.П. Потапов Тәңір, Ұмай, Жер-Су үш құдайына сену – көне түркі қоғамындағы барлық топтарға тиесілі ұғым болды деген пікір білдірген. Осы негізде үш мифтік шығармашылық цикліне арналған мифологиялық сюжет ғылыми айналымға енді. Нақтыласақ:

1. Космология және космогония: әлемнің пайда болуы, оның құрылымы туралы және ғарыштық кеңістік туралы мифтер;

2. Пантеон және социум: құдайлар туралы, құдай қалауындағы мемлекеттің және Тәңірі дүниеге алып келген қағандар туралы мифтер;

3. Этнология және генеология: түркі тайпасының шығу тегі туралы және түркі халқының қаһармандары туралы мифтер. Осы мифологиялық сюжеттің әр қайсысында «Жерұйық» концепциясының негізі жатқандығына көз жеткізуге болады. Дәстүрлі түркілік дүниетанымда космологияның көшірмесі болып табылатын адамның жаратылуы да әлемнің орталығында жүзеге асқан. Мысалы, Месопотамия мәдениетінде адам Жер жүзі мен Көк арасындағы «көпірдің» орналасқан жері – «жердің кіндігі - Жерұйықта» дүниеге келген. Осы символдық бейнелеулер түркілік космологияның негізгі ұсынымдары болып табылады. Түркі мемлекеті, түркі ордасы дүниенің төрт бұрышының түйіскен жерінде, яғни, дәл орталығында, әлемнің кіндігінде орналасқан. Әлемнің кіндігі – Жерұйық ең алғашқы құдайлық бастаманың, яғни, адамның жаратылыс негізі болғандықтан да киелі. Көктеме, жайлау, қыстау, күзеу – бұлар көшпелі қоғамның мемлекеттік шекарасы қызметін атқарған. Бұл кеңістіктер Тәңір тарапынан аталарына берілген мирас болғандықтан да қасиетті, киелі отан болып табылады. Өйткені, бұл кеңістіктер түп аталарының сүйегі жерленген – Жерұйық. Бұл туралы Орхон стеллалары, Енисей қырғыздарының жазбалары, көне ұйғыр руникалық мәтіндері, қимақ, қыпшақ, ғұз, қарлұқтар туралы мұсылман авторларының және Ұлы қорғанның солтүстігінде тұратын тайпалар туралы қытай деректеріндегі жазбалардан да білуге болады.

Дүниетанымды табиғат пен адам арасында қарым-қатынастық көзқарас тұрғысынан әлемді рухани түсіну, тану деп білсек, әр алуан маңызы бар адам бойындағы наным-сенім, сезім, көңіл-күй, талап дүниетанымға бірігіп, адамдардың әлемді түсіну, сол арқылы өзін түсіну, өзін қоршаған әлемде жайлы сезінудің біртұтас ұстанымын қалыптастырады. XXI ғасырда қазақ халқының Жерұйығы – Тәуелсіз Қазақстан. «Тәуелсіз Қазақстанның өмірлік философиялық тұғыры – Мәңгілік Ел»-деп Елбасы, Н.Ә. Назарбаев айтқандай «Жерұйық – тәуелсіз Қазақстан» концепцияның дұрыс екендігіне толыққанды көз жеткіздік. Себебі, аталмыш концепция түркі әлем бірлігі мен бүгінгі қоғамдық тұтастықты көрсетеді. Жаһандану заманында Қазақстан азаматы өзін ғылымға, саясатқа, мемлекеттік өмірге жеке қатыстылығын сезіндіруге мүмкіндік беретін тәуелсіздікпен орныққан, ұлттар мен ұлыстардың қасиетті, құтты мекеніне айналған «Қазақстан - Жерұйық» ұлттық идеясының концептуальды мазмұнын түйіндейтін болсақ, «Жерұйық» концепциясының тұғырнамасы түркі дүниетанымында көрініс тапқан. Негізгі мағынасы тәуелсіздік құндылығын ұлықтаған ұлттар мен ұлыстар үшін құтты мекен саналатын қоныс. Сонымен бірге, «Жерұйық» концепциясы елдің ұлттық дүниетанымын, халқымыздың дара болмысын, этномәдени кеңістігін сипаттайтын, біртұтас этнотарихи жадында жалпы түркілік суперэтностың тұтастығын және ұлттық идеяға қажетті ақпараттық негіз бола алатын табиғи феномен.

Біздің даламызды мекендеген түркі халықтарының ұстанымдары «Веда», «Авеста» кітаптарында, онан соң Көк Тәңірін танып-білген Заратуштра (Зор Ата, Жасаған) жазбаларымен жалғасып жатқаны мәлім. Бұл сөздердің төркінінен түркілік ұғымдарды аңғарамыз. Зор, Үлкен-сенім (Үлген) аталығын, Ұлы баба дегенді білдірсе, «Ас» сөзі бастан адам (инсан) дегенді білдіретіні рас (А. Сейдімбеков «Ата» деген еді). Қалай аталса да зороастра сенімі біздің жыл санауымыздан екі жарым мың жыл бұрынғы түркіге дейінгі бабалардың ұстанымы болғаны сөзсіз. Ал, түркі жұрты басынан бастап Тәңірі Құтынан ғана медет сұраған, соны мадақ етіп Оның барлығына Шек келтірмеген, Оның көрінісі күнді, айды, жерді, суды пір тұтқан, әрқайсының өз Тәңірі-рухының барлығынан шүбәсіз сенген. Дала тұрғындары таң сәріде:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет