8 сыныбына арналған №139 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т. Т. Садақбаевтың іс-тәжірибесінен


Сөздік: қазоты, қаптал, құжынаған. Мазмұндау жоспары



бет17/19
Дата06.01.2022
өлшемі139,8 Kb.
#12539
түріМазмұндама
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Диктанттар жинағы 8 сынып

Сөздік: қазоты, қаптал, құжынаған.

Мазмұндау жоспары:

1. Саяхатшылар.

2. Жабын жыланнан қорқады.

3. Таңғы самал.

4. Ауа-райы туралы болжам.

5. Мәди ағайдың сөзі.



Асау

Бүгін кер дөненнің айы оңынан туды. Неше күннен бері үзілмеген ақ нөсер кеше кешкісін сап басылған. Қарағай біткен мың сан моншақ тағынып батар күннің жұмсақ нұрымен сиқырдай құбылады. Түнде сансыз жұлдыз аспаннан бос орын таба алмай үзіліп түсіп жатты. «Сәтін салса, ертең күн ашық болады екен», - десті үлкендер.

Күн арқан бойы көтерілмей-ақ шық кепті. Кер дөнен құйрықты шаншып алып, кең жазықта құлдыраңдап бір көріп еді, - дейсің, тіпті, рақат екен! Ызыңдап құлағында жел ойнайды. Аяқ жеңіл, жер шымыр, қалай жүйіткісең де, өз еркін. Қуанғанынан қоңыраулата кісінеп жіберіп еді, басқа жылқы біткен бастарын бір-бір көтеріп, одырая қарасты. «Осының-ақ балалығы қалмады-ау», - дейтін сияқты. Оған кер дөнен пысқырсын ба, бауырын жазып, желдей есті.

Осының қызығымен жүріп, бірнеше адамның сап ете қалғанын аңғармапты да. Мойнына қыл арқан түскенін бір-ақ білді. Әй, аңғалдық-ай. Мейлі енді, не істей қояр, - дейсің, күндегі көріп жүрген адамдары – өз иесі Ілияс, көрші үйдегі Мұратбек, тағы біраз кісілер.

Бірақ пәле осы жерде-ақ басталды. Арқасына ер салып, жарбиған бір баланы әкеп мінгізді.

Бәрі дыбырласып:

- Бөкентай, бекем бол!

- Байқа!


- Арқаннан ұстаңдар! – десіп жатты. Кер дөнен көзін алартып, «Қап, бәлем, сені ме!» тұрды іштей.

Бала да мінді, басы да босады. Кер дөнен ытқып бір кетті дейсің! Тастап жіберем, - деп еді, болмады. Бала дегені пәле болып шықты.

- Ұстамаңыздар арқаннан! Қоя беріңіз, аға! – дейді. Не дегенін кер дөнен ұқпағанымен, дауысында қорқыныш жоғын сезді. Көрейін, батыр болсаң!

Шоқырақ туласқа салып әрі көрді, бері көрді. Мойнын астына алып лақтыра беріп, қайта шапшып еді, міз бағар бала жоқ. Кер дөнен ызадан жарылып кете жаздады. Ағыза жөнелді. Тауға да шықты, тасқа да шықты, жарбиған бәледе құтылар емес. Әбден ақ сорпа болып, екі езуінен қандай көбік ақты. Өкпесі өшіп бара жатқанын сезіп, тағы да айлаға салайын десе, бұрынғы шама-шарқы жоқ. Сілесі қатқан екен. Қарғадай бала үстем шығып, жынын қағып алыпты. Енді діңкелеп өлу керек немесе соның айдағанына көну керек. Екінің бірі.

Кер дөнен түлкі жортаққа түсті. Қанталаған көзі ғана болмаса, бойында жаңағы жын да жоқ, ыза да жоқ. Салпақтап, бағана мойнына арқан түскен жерге қайта келді.

- Ой, өркеннің өссін!

- Жігіт деп осыны айт! – дескен көпшілік шуласып баланы көтеріп алды. (Б.Әдетов, 340 сөз).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет