8 сыныбына арналған №139 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т. Т. Садақбаевтың іс-тәжірибесінен


Сөздік: сілесі қату. Мазмұндау жоспары



бет18/19
Дата06.01.2022
өлшемі139,8 Kb.
#12539
түріМазмұндама
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Диктанттар жинағы 8 сынып

Сөздік: сілесі қату.

Мазмұндау жоспары:

1. Кер дөнненің сәтті күні.

2. Дала рахаты.

3. Мойынға түскен қыл арқан.

4. Арқасындағы бала.

5. Баладан құтылудың амалы.

6. Жуасыған кер дөнен.

7. – Жігіт, - деп осыны айт.



Өмір артқан міндет
Ауыл үсті құмырсқадай қайнаған адам еді. Жаңбырша жауған сойылды көтере алмай, Дүйсембайдың ақ ордасының шаңырағы ортасына түсті. Түтеленген киізі мақта боп ұшты. Әлдекімдер кеңсенің ішіндегі қағазға кәрәсін құйып, от тұтатып, соның жанғанын қызық көргендей мәз-мейрам боп тұр. Бірсыпыра жігіттер көлді орала шауып, қамысқа бара сүңгісе де, аты батпақтап қайтып шыға береді.

Осы көріністі сырттан бақылағандай боп, белес басында Жалбыр тұр. Астындағы көк айғыр дүрмекке

қызығып, шиыршық атып ала жөнелгендей. Жалтақтап келген Әжібек дейтін кісі Жалбырдың алдын орап, ауылға бастырар емес.

- Бармаңыз, Жәке. Сіздің осы қарасын боп тұрғаныңызды көрген сайын жігіттердің жігері өсе түседі, - дейді.

Онысы рас, жастар әлсін-әлсін келіп, не істегендері туралы Жалбырды хабарландырып кетіп жатыр. Кеңсе өртенді. Атағы әлемге жайылған Байқанның қара шаңырағы ортасына түсіп, күл болды. Көл паналаған Дүйсембай бүгін болмаса, ертең қолға түседі. Осымен жұмысты бітті деуге бола ма?

Жалбыр аяқты үзеңгіге шірей басып, қамшымен бүйірін таянды. Қарсы алдынан ескен самал жел бойды сергітіп, ойды әлдеқайда жетектегендей. Қылшылдаған жас өмір құлдықтың не түрлі ащы азабын тартып, селт ете алмай желге ұшып еді. Елуге келген жасында бүйтіп, топ бастап, мың сан азаматты соңына ертемін, - деп Жалбыр ойлаған емес еді ғой. Ойда жоқ жұмыс болды. Жалбыр сияқты тепкіде шіріген, ыза кернеген көпшілік бүгін бұғауды үзіп, еркін демалудың бірінші адымын аттады. Осымен тұра қалса, жау тыныс алып, қалың әскерді қаптатып, елдің тас-талқанын шығаратынында сөз жоқ. Темірді қызуында соғу керек!

Артынан ерген тобы бүгін мың болса, ертең екі мыңға жетіп, күн еселеп өсе беретіні даусыз. Сол топты сүріндірмей бастай білу міндеті Жалбырға жүктелген секілді. Ендеше міндетті атқара білу керек. (Б.Майлин, 261 сөз)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет