72. Термодинамика заңдары:
- Бірінші заң. Газға берілген жылу мөлшері оның ішкі энергиясын
өзгертуге және механикалық жұмыс жасауға жұмсалады
- Екінші заң. Бір жеке алынған энергия көзінің есебінен үздіксіз жұмыс
жасау мүмкін емес
73. Электрлену екі дененің өзара әрекеттесуі нәтижесінде туындайды
74. Бірдей заряд алған денелер тебіледі, ал әртүрлі зарядтармен зарядталған
денелер тартылады
https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link
құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат
75. Артық электрондары бар дене теріс зарядқа, ал электрон жетіспейтін
дене оң зарядқа ие болады
76. Электроскоп – зарядтарды анықтауға арналған аспап
77. Электрометр – электр зарядын анықтауға және өлшеуге арналған
электр өлшеуіш аспап
78. Өткізгіштер – электр зарядтарын жақсы өткізетін заттар.
79. Диэлектриктер – электр зарядтарын өткізбейтін заттар
80. Диэлектриктерден дайындалған денелерді оқшаулағыштар деп
атайды
81. Тұйық жүйені құрайтын зарядтардың алгебралық қосындысы осы
жүйедегі зарядтардың кез келген өзара әрекеттесуінде өзгеріссіз қалады
82. Нүктелік заряд – зарядталған денелердің арақашықтығымен
салыстырғанда өлшемдерін ескермеуге болатын денеге берілетін заряд
83. Зарядтардың модульдерінің көбейтіндісіне тура пропорционал және
олардың арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал екі
нүктелік зарядтың өзара әрекеттесу күші зарядтарды қосатын сызықтың
бойымен бағытталған
84. Ортаның диэлектрлік өтімділігі – берілген ортадағы зарядтардың
өзара әрекеттесу күшінің шамасы вакуумге қарағанда неше есе
азаятынын көрсететін шама
85. Элементар электр заряды – шамасы 1,6 х 10
-19
Кл электрон зарядына
тең оң немесе теріс ең кіші электр заряды
86. Уақыт бойынша өзгермейтін және қозғалмайтын зарядтардың электр
өрісін электростатикалық деп атайды
87. Электр өрісінің кернеулігі – кеңістіктегі берілген нүктеде орналасқан
оң сынақ зарядқа өріс тарапынан әсер ететін күштің осы зарядқа
қатынасына тең физикалық шама
88. Күш сызықтары – әрбір нүктедегі жанамалары осы нүктелердің
кернеулік векторларының бағытымен сәйкес келетін сызықтар
89. Электростатикалық өрістің потенциалы өрістің берілген нүктесіндегі
зарядтың потенциалдық энергиясының сол өріс нүктесіндегі зарядқа
қатынасына тең скаляр шама
90. Өрістің екі нүктесінің потенциалдар айырымын кернеу деп атайды
91. Конденсатор – электр зарядтарын және электр өрісінің энергиясын
жинауға арналған құрылғы
92. Конденсатордың электрсыйымдылығы – пластинаның біріндегі
зарядтың конденсатор орамдарының арасындағы потенциалдар
айырымына қатынасына тең физикалық шама
93. Зарядтың сақталу заңы. Тұйық жүйені құрайтын зарядтардың
алгебралық қосындысы осы жүйе зарядтарының кез келген өзара
әрекеттесуі кезінде өзгеріссіз қалады
https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link
құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат
94. Кулон заңы. Зарядтардың модульдерінің көбейтіндісіне тура
пропорционал және олардың арақашықтықтарының квадратына кері
пропорционал екі нүктелік зарядтың өзара әрекеттесу күші зарядтарды
қосатын сызықтың бойымен бағытталған
95. Сынақ заряд – оң зарядталған нүктелік заряд
96. Өткізгіштер – электр зарядтарын жақсы өткізетін заттар
97. Электр тогы – зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы
98. Электр тогы еркін зарядтар мен электр өрісі бар ортада ғана пайда
болады
99. Ток көзі – электр тізбегіндегі кернеуді ұстап тұратын және зарядтарды
бөлуді іске асыратын құрылғы
100. Электрофор мәшинесі – бұл ток көзінде үйкеліс арқылы электрлену
нәтижесінде механикалық энергия электр энергиясына айналады
101. Термопара немесе термоэлемент – ішкі энергия электр энергиясына
айналады
102. Фотоэлемент – жарық энергиясы электр энергиясына айналады
103. Гальвани элементі – химиялық реакция нәтижесінде бөлінетін
энергияның электр энергиясына айналуы
104. Аккумуляторлар – электролиті және оң немесе теріс зарядты темір
пластиналары бар ыдыс. Аккумулятор ток көзі болу үшін оны зарядтау
керек
105. Ток күші дегеніміз – өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да
бір уақыт аралығында өтетін зарядтың сол уақытқа қатынасына тең
физикалық шама
106. 1 ампер – өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 с уақыт аралығында
1 Кл заряд өткен кездегі ток күші
107. 1 Кулон ток күші 1 А болған кезде, 1 с уақыт аралығында өткізгіштің
көлденең қимасы арқылы өтетін электр зарядына тең
108. Ток көзінің оң полюсінің жалғағыш сымдары амперметрдің оң
қысқышымен, теріс полюсі – амперметрдің теріс қысқышымен жалғануы
керек
109. Амперметр – тізбектегі токты өлшеуге арналған аспап
110. Тізбек бөлігіндегі кернеу – осы бөліктегі бірлік зарядтың орнын
ауыстыруы кезінде атқарылатын ток жұмысына тең физикалық шама
111. Егер 1 Кл зарядтың орын ауыстыруы үшін 1 Дж жұмыс атқару қажет
болса, онда өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 1 вольтке
тең болады
112. Вольтметр – тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшеуге арналған аспап
113. Вольтметрді тізбекке қосу кезінде мына ережелерді сақтау керек:
- Тізбектегі кез келген екі нүктенің арасындағы кернеуді өлшеу керек
болса, вольтметрдің қысқыштарын сол нүктелерге қосады
https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link
құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат
- Вольтметрдің оң қысқышын ток көзінің оң полюсінен шығатын
сымға, теріс қысқышын ток көзінің теріс полюсінен шығатын сымға
жалғайды
114. Өткізгішке берілген кернеу қаншалықты өссе, сол өткізгіштегі ток күші
де соншалық артады
115. Неміс физигі Георг Ом пропорционалдық коэффициентіне кері шама
енгізіп, оны өткізгіштің кедергісі деп атады
116. Тізбек бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура
пропорционал, ал оның кедергісіне кері пропорционал
117. 1 Ом дегеніміз – ұштарындағы 1 В кернеу болғанда, бойымен 1 А-ге
тең ток жүретін өткізгіштің кедергісі
118. Өткізгіштің кедергісі оның ұзындығына тура пропорционал
119. Меншікті кедергі дегеніміз – ұзындығы 1 м, көлденең қимасының
ауданы 1 м
2
болатын өткізгіштің кедергісі
120. Өткізгіштің кедергісі оның ұзындығына және сол заттың меншікті
кедергісіне тура пропорционал, көлденең қимасының ауданына кері
пропорционал
121. Реостат – тізбектегі ток күшін реттеуге арналған аспап
122. Сұлбада тұрақты резисторды екі шығысы бар тікбұрыш ретінде, ал
айнымалы резисторды үш шығысы бар тікбұрыш ретінде белгілейді
123. Тізбектегі түйін дегеніміз – үш және одан да көп өткізгіштердің
түйіскен нүктесі
124. Өткізгіштер тізбектей және параллель жалғануы мүмкін. Екі түрінің
қатар қолданылуын аралас жалғау деп атайды
125. Тармақталған тізбектің кедергісі артқан сайын, ондағы ток күші азая
түседі
126. Тізбектің сыртқы бөлігіндегі зарядтардың орнын ауыстыратын
кулондық күштердің жұмысы ток жұмысы деп аталады
127. Тізбек бөлігіндегі электр тогының жұмысы осы бөліктің ұштарындағы
кернеудің, ток күші мен жұмыс істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне
тең
128. Қуат – бірлік уақытта тізбекте атқарылған ток жұмысына тең
физикалық шама
129. Тогы бар өткізгіш бөлетін жылу мөлшері ток күшінің квадратының,
өткізгіш кедергісінің және уақыттың көбейтіндісіне тең
130. Амплитуда – тербелмелі қозғалыс кезіндегі тепе-теңдік күйден ең
үлкен ауытқуы
131. 0 К-ге жақын төменгі температураларда көптеген металдардың
кедергісі секірмелі түрде нөлге дейін түседі
132. Зат асқынөткізгішке айналатын температура шектік температура деп
аталады
https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link
құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат
133. Қыздыру элементі – барлық электрқыздырғыш құралдардың негізгі
бөлігі
134. Кедергінің өте аз мәнінде ток көзінің тұйықталып, тізбектегі ток
күшінің кенеттен артуын қысқа тұйықталу деп атайды
135. Корпусы керамика немесе шыныдан жасалған, ішінде балқымалы
элемент
–
жіңішке
сымы
бар
құрылғыны
Достарыңызбен бөлісу: |