№88 (876) Сенбі, 5 қараша



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата03.03.2017
өлшемі10,09 Mb.
#5445
1   2   3   4

Алтынбек ДАБЫЛБЕКҰЛЫ,

кент тұрғыны.



Жұмыла көтерген 

жүк жеңіл

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ 

КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ 

ШАҚЫРЫЛАДЫ

2016 жылғы 10 қараша күні сағат 17:00-де Қазалы ауданы әкімдігінің 

үлкен  мәжіліс  залында  аудандық  мәслихаттың  кезектен  тыс  8  сес-

сиясы  шақырылады.  Сессияның  күн  тәртібінде  төмендегідей  мәселелер 

ұсынылады:

1. «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қазалы 

аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы LI сессиясының 

№364 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

2. Ағымдағы мәселелер.

Қазалы аудандық мәслихат аппараты.

 100 СҰРАҚ – 100 ЖАУАП

Елекең  біздің  жағдайымызды  біліп  бо-

лып,  маған  қарап:  «Саябақ  жөнінде  қандай 

қиындықтар  бар,  нендей  көмек  керек?»  –  деп 

сұрады. 

Мен  паркті  қоршауға  мүмкіндік  бол-

май  тұрғанын,  жеке  адамдардың  малы  түсіп, 

тиыштық  көрмей  жүргенімізді  жеткіздім. 

«Қоршау  жасаудың  көзі  бар  ма?»  –  деп 

жан-жағына  қарады.  Сол  кезде  мен  Қазалы 

қаласындағы  Қызылордаға  көшірілген  ауыл-

шаруашылық  техникумының  алма  бағы  иесіз 

қалып,  ағаштары  қурап,  темір  шартақтары 

қолды  болып  жатыр,  соны  «ПМК-86» 

мекемесіне  айтып  бұздырып,  осында  әкеліп,  

парктің  алдыңғы  жағын  қоршасақ  деген 

ұсынысты  айттым.  Елекең  дереу  «ПМК-86» 

мекемесінің  сол  кездегі  басшысы  Самұрат 

Имандосовқа телефон соғып, өзіне келіп кетуін 

сұрады. С.Имандосов келгесін шартақтарды та-

сып,  «Жеңіс»  паркін  фундаметтеп  қоршауды 

тапсырды. Іскер азамат 11 күнде тапсырылған 

жұмысты ойдағыдай бітірді.  

Парктің қақ төрінен темірден қазақтың үш 

биі  –  Төле,  Қазыбек,  Әйтекелерге  арналған 

биік  пано  жасатып  орнатқан  кәсіпкер  І.Тілеп, 

билердің алдына үлкен 22х50м фонтан жасаған 

вагон  депосының  басшысы  Ә.Әбжанов,  бас-

сейн жұмысын бастаған вагон депосының бас-

шысы Ә.Әліпбаев. Бұл жұмыс осы күнге дейін 

аяқсыз бітпей тұр. 

Өзгелерді  осындай  қоғамдық  жұмыстарға 

тарту,  ынталандыру  мақсатында  орталық 

дөңгелек  алаңға  айналдыра  демеушілердің 

суреттері  ілініп,  мадақталды.  Парктің  ішінде 

ұрандар жазылған екі қанатты 8 пано, 6 арка, 98 

екі бетіне суреттер мен өсиет сөздер жазылған, 

бетондап құйылған темір тақталар орнатылды. 

Бұл жұмыстарда белсенділік көрсете білгендер 

кәсіпкер  Қ.Мусаев,  суретшілер  Қ.Ршымбетов, 

Т.Иманғалиев, тағы басқалары. 

Жазғы  «Қарлығаш»  кафесін  темірден 

аудандық  тұтынушылар  одағының  басшысы 

К.Тәжмағамбетов,  «Достық»  кафесі  мен  би-

льярд,  шахмат  орнын  жылу  мекемесінің  бас-

шысы С.Шалбасов, стадион, футбол алаңы мен 

спортшылар  аллеясын  салу  Қ.Бәкенов,  тур-

ник,  бом,  волейбол  алаңын  салу,  ұзындығы 

200 метр бордюрлерді рельстен салу ПМС бас-

шысы  С.Сұлтамұратовқа,  22  баған  орнатып, 

желі  тартып  түнгі  жарық  беру  КРЭК  басшы-

сы  Б.Бодықов  пен  Қ.Ізтілеуовтерге,  156  соғыс 

ардагерінің суреті орнатылған екі қанатты пано 

ПЧ-60 мекемесі басшысы Ә.Абдуллаевқа, «Ми-

лиция – менің қорғаным» атты 

мәңгілік алау отын жағып, ал-

лея  салу  Т.Мырзабековке,  екі 

алтыбақан,  парктің  сызба-

сын жасап орнату теміржолды 

жарықпен 

қамту 

мекемесі 



басшысы 

К.Амановқа, эксплутация вагон депосы бастығы 

А.Орынбаевқа, би алаңын салу, сахна мен 200 

орындық жайма локомотив депосының басшы-

сы Т.Сегізовке жүктелді. Кейін локомотив де-

посы (басшысы С.Розметов) бас қақпаны салып, 

«Жеңіс»  паркі  деген  жазуды  ойып  орнатты. 

Ертегілер  қалашығын  аудандық  СЭС  (басшы-

сы Т.Әбдіқадіров), мәдениет қызметкерлерінің 

аллеясын салу (басшысы Ж.Мәкеналиев), парк 

ішіндегі  жолдарды  салған  ДСУ-8  (басшыла-

ры С.Таңжарықов, С.Өтегеновтер) барлық бор-

дюр  орнына  рельстерді  әкеліп  орнатып  берді. 

ШЧ-40 мекемесі (басшысы Ж.Пазылбеков), ва-

гон  депосы  (басшысы  Ә.Әліпбаев),  «ТД-23» 

мекемесі  (басшысы  С.Айқожаев),  темір  бетон 

зауыты  (басшысы  К.Өтеулиев,  М.Өтеулиев), 

ПЧ-60  мекемесі  (басшысы  Е.Құсанов)  де  ел 

үшін аянбай беріліп жұмыс істеді. 

Келешек  парктің  ішіне  салынатын  жолдар 

мен  нысандарды  аудандық  сәулет  бөлімінің 

басшысы  Т.Бұхарбаевпен  ойласып,  сызбаға 

(карта)  түсіріп,  соған  қарап  тапсырмалар 

беріліп, жүзеге асырып отырғандар: №226 мек-

теп  директоры  К.Мергенбаева,  №234  мектеп 

директоры  Ж.Құлбаев,  №216  мектеп  директо-

ры  М.Құдайбергенов,  №70  мектеп  директоры 

Б.Сәтбаев, №249 мектеп директоры М.Ідірісова, 

№87 мектеп директоры А.Құлтасбекова, №165 

мектеп  директоры  Қ.Қалниязов,  №170  мектеп 

директоры С.Қуанышбаев пен автобаза дирек-

торы С.Нармағамбетовтер. 

Бұл  жұмысқа  Елекеңнің  жансерігі  Дәнеш 

жеңгеміз  де  науқастығына  қарамай,  ел 

азаматтарының  келіншектерін  топтастырды. 

«Жеңіс»  паркі  ішінен  жер  телімін  бөлдіріп, 

ағаш  егіп,  тұрақты  күтімге  алып,  елге  үлкен 

аналық мейіріммен өнеге көрсете білді. 

Ұлы  Отан  соғысында  қаза  тапқан 

қазалылықтарға 

арналған 

ескерткіштегі 

мәрмәр  тасқа  жазылған  есімдер,  мәңгілік 

алау  оты,  тағы  басқа  түрлі  атракциондар  мен 

ойын  автоматтары  басқа  да  спорттық  ойын-

дар орналастырылған үйлер салынып, ағаштар 

егіліп, көркейту жұмыстары жедел жүргізілді. 

Бірліктің  күшімен  біткен  «Жеңіс»  паркі               

9 мамыр 1985 жылы салтанатты түрде ашылып, 

Жеңістің 40 жылдық мерекесі ұлан-асыр аталып 

өтті. Саябақ іші қарттар мен жастарға, барлық 

этникалық  топтар  мен  діни  нанымдардың 

өкілдеріне толды. Олар соғысқа қатысушыларға 

құрмет пен ізет білдірді. Мәңгілік алау басына 

гүл  шоқтары  қойылды.  Құрметті  қарауылдар 

сапқа  тұрып,  салюттер  атылды.  Әруақты  ба-

балар рухына арнап құран бағыштау бәрімізді 

тебірентті. 

Салтанатты  жиынның  аяғы  марапаттау 

рәсіміне  жалғасты.  Соғыс  көрінісі  көрсетіліп, 

әндер шырқалып, күйлер орындалды. Жиылған 

халық  кешке  дейін  серуендеп,  тасқа  қашалып 

аты-жөні жазылған бабаларына тағзым етті. Ар-

дагерлерге солдат ботқасы асылып, таратылды. 

Сөйтіп,  «Жеңіс»  паркінің  ашылуы  көптен 

шаршаған  бейнетімізді  ұмыттырып,  бәрімізді 

шаттыққа  бөледі.  Халық  серуендеп,  тынығып, 

демалатын, боздақтарға тағзым ететін «Жеңіс» 

саябағы осылай дүниеге келген еді.  

Бүгінде  «Жеңіс»  саябағына  бара  қалсаң, 

таза  ауа,  сылдырап  аяғымен  арықтан  ағып 

жатқан  су,  жапырағы  желмен  желбіреп,  бірін-

бірі қуалап, иін тіресіп өскен әртүрлі ағаш, иісі 

аңқыған гүл шашқан жидені көресің. 

«Келешек  «Жеңіс»  саябағы  –  тәрбиенің 

ұясы  һәм  еңбекті  ақтайтын,  таланттарын 

мақтайтын,  тарихын  сақтайтын,  қастерлі 

де  қасиетті  орын  болады»,  –  дейтін  Елеу 

Көшербаев  ағамыз.  Елекең  тегін  адам  емес. 

Олай дейтінім, Елекеңнің «Арман алдамайды» 

деген  сөзі  өмірден  орын  тауып,  дәлелденуде. 

«Жеңіс» паркі осы күні орталық болып қалды. 

Қазалыға  жол  сапармен  облыстық  партия 

комитетінің  бірінші  хатшысы,  Социалистік 

Еңбек  Ері,  мемлекет  қайраткері  Еркін 

Нұржанұлы  Әуелбеков  келіп,  «Жеңіс» 

саябағын  аралап  көргенде:  «Бұл  жер  ашық 

аспан  астындағы  жалпыға  бірдей  салынған 

Академия  ғой.  Қаншама  адамға  ой  салатын 

нақыл  сөздер,  аяқ  бассаң,  іші  толған  ақыл, 

әйтеуір, есі дұрыс адам болса, саябаққа бір кіріп 

шыққанның өзінде ойы өзгеріп, білімге сусын-

дап қалары сөзсіз», – деп баға берген еді. Со-

сын: «Бұндай саябақ облыстың орталығында да 

жоқ, «Вы берите пример как работать и отды-

хать учитесь от казалинцев. – Это просто пре-

лесть, чудо, вот так. Тарихты жастарға осылай 

оқыту керек», – деп ізіне ерген облыс басшы-

ларына шаттанған түрде қарап, келешек осын-

дай жұмысты Сіздерден де талап етемін деген 

болатын. 

Кезінде  Мәскеудегі  Бүкілодақтық  жиын-

да баяндамамен шығу тегі сипатталып, жоғары 

баға  алған  саябақ  «Известия»,  «Правда» 

газеттерінің бірінші бетіне «Оазис из Казалин-

ска» деген атпен мақалаға арқау болған. 

Арнайы  «Известия»  газетінің  тілшісі  Вла-

димир  Булдашов  келіп,  ел-халықпен  кездесіп, 

паркті  аралап,  осындай  шөл  даладан,  табиғи 

апат  аймағынан  еңбекпен  парк  ашылғанын 

көзімен көріп, қолымен ұстап, жақсы сөзін тас-

тап, барған жерін әбден мақтап кеткен болатын.    

Кезінде  халқы  үшін  айтарлықтай  іс  жа-

сап,  із  тастауға  тер  төккен  аға  буындардың 

еңбектерін  бүгінде  ел  біледі,  сол  үшін  олар-

ды  құрметтейді.  Осы  жасқа  келгенше  айт-

са  ауыз  қанарлық,  ұрпаққа  ұлағатты  болып 

қаларлықтай  тындырған  істерін  бұлдамай, 

өздерін  қарапайым  ұстап  жүрген  аға  буындар 

ортамызда әлі де баршылық. Олардың өткеніне 

көз  жүгіртсек,  толағай  таудың  шыңындай  бо-

лып  көзге  шалынады.  Мұндай  «Жақсылар 

«жақсымын»  деп  айта  алмайды.  Жамандар 

жақсымын  деп  айқайлайды».  Олардың  ара 

жігін халық біліп бағалайды. 

«Жеңіс» паркі үлкен мұра болып, халықтың 

серуендеп тынығып демалатын, әруақтарға та-

бынып  тағзым  етіп  сыйынатын,  жастардың 

өткеннен өнеге алып шабыттанып, шынығатын 

қастерлі де, киелі орынға айналды. Иә, адамға 

ең  керегі  абырой  десек,  ол  осындай  табан-

ды  еңбектің,  тынымсыз  ізденістің,  қажырлы 

қайраттың, білім мен біліктің, күш пен жігердің, 

ауызбіршіліктің нәтижесінде ғана келеді. 

«Есті адам ақы емес, ақыл сұрайды» деген. 

Оң-солын ойлайтын, болашағын болжайтын па-

расатты басшы әрқашан да ізгі істі қолдайды... 

Елеу  Көшербаевтың  қолы  жетпей  кеткен  ке-

лешек  ел  үшін  осы  паркті  одан  әрі  дамытып, 

жұмыс  жасауды  армандаған  ойларын  соңғы 

буын  ұрпақтар  жалғастырып,  жүргізіп  отыр-

ды.  Кезінде  ауданға  әкім  болған  Жарылқасын 

Шәріпов,  Самұрат  Имандосов,  Нәжімадин 

Мұсабаев,  Болатбек  Пұсырманов,  Нұрман 

Талқанбаев, әсіресе, Айтбай Көшербаев елге көп 

жұмыс  істеді.  Бұдан  кейін  Мұрат  Имандосов, 

Бақыт  Жаханов  пен  Нажмадин  Шамұратовтар 

«Жеңіс»  саябағын  гүлдендіріп,  көріктендіруге 

үлкен күш салып, елдің батырлары мен мемле-

кет және қоғам қайраткерлерінің ескерткіштерін 

орнатты. Соғыс ардагерлерінің аттарын мәрмәр 

тасқа  жазып,  мәңгілік  сақталатын  ескерткіш 

жасатып, екі зеңбірек орнатып тойлағаны бүкіл 

елдің ойынан шықты. 

Парктің  ішіндегі  жолдар  кеңейтіліп,  таба-

нына брусчаткалар төселіп, екі қапталына бор-

дюрлер салынып, «Жеңіс» паркінің ішкі аула-

сына  түгелдей  түнгі  жарықшамдар  мен  жаңа 

қақпа орнатылды. Саябақтың ішіне кірген кез-

де әруақтар: «Сіздердің бізді ұмытпай, жасаған 

құрметтеріңізге  рахмет»  деп  және  әрбір 

ағашының жапырағы құлағыңа әр жылдың та-

рихын сыбырлап айтып тұрғандай сезіледі.

Бір  мақалаға  барша  мәселені  сыйғызу 

мүмкін емес, сондықтан аты аталмай қалғандар 

болса кешірім өтінемін.  

Тарихта  ұмытылмайтын  бір  нәрсе  –  ол 

азаматтың  адамгершілігі,  адамдығы,  кісілігі, 

адалдығы, тұтас тұлға ретіндегі парасатты бол-

мысынан  қалатын  жақсы  іздер.  Олай  болса, 

қазалылық жастар бұл жұмысты ұлғайтып, әрі 

қарай ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыра береді де-

ген сенімдемін. 

Оразғали БЕКБАНОВ,

Қазалы аудандық ардагерлер 

кеңесінің төрағасы.

Аудандық ономастикалық жұмысшы тобының13 қазан 2016 жылғы №3 

хаттамасына сәйкес, Әйтеке би кенті, Қ.Пірімов көшесінен жаңадан ашы-

латын  «Тәуелсіздік  аллеясына»  атау  беруге  байланысты,  2016  жылдың 

5  желтоқсаны  күні  сағат  17:00-де  төмендегі  көрсетілген  мекен-жайда 

жергілікті қоғамдастық жиыны өткізілетіндігін хабарлаймыз.

Жиынның өткізілетін орны: Әйтеке би кенті, Қ.Пірімов көшесінің бойы.

Әйтеке би кенті әкімінің аппараты

мемлекеттік мекемесі.

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚ 

ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

Бейсенбі күні «Нұр Отан» партиясының Қазалы 

аудандық филиалы саяси кеңесі бюросының отыры-

сы  өткізілді.  Бюро  мәжілісін  партияның  аудандық 

филиалының  төрағасы,  аудан  әкімі  Нажмадин 

Шамұратов ашып, жүргізіп отырды. Басқосуда төрт 

мәселе қаралды.  

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе аудан көлемінде 

жұмыссыздықтың  алдын  алу  шараларын  қамтыды. 

Аудандық  халықты  жұмыспен  қамту  орталығының 

басшысы Мұрат Бекмамбетов «Жұмыспен қамтудың 

жол  картасы  –  2020»  бағдарламасы  аясында  ауыл 

тұрғындарын  жұмыспен  қамту  барысы  жөнінде       

баяндады.

Ал, екінші мәселе бойынша партияның аудандық 

филиалының төрағасы осы жылдың 9 қарашасында 

«Нұр  Отан»  партиясы  аудандық  филиалының 

кезекті  XXII  есеп  беру  –  сайлау  конференциясын 

шақыру және оның күн тәртібіне үш мәселе енгізу 

туралы  ұсыныс  берді.  Мұнан  соң,  ол  партияның 

аудандық филиалы саяси кеңесінің 2015-2016 жыл-

дары атқарылған жұмыстарын саралады.

Сондай-ақ,  саяси  кеңесі  құрамын  сайлау  ту-

ралы  «Нұр  Отан»  партиясы  аудандық  филиа-

лы  төрағасының  бірінші  орынбасары  Қасқырбек 

Мәмбетжан хабарлама оқыды.

«Жас  Отан»  Жастар  қанаты  аудандық 

филиалының  атқарушы  хатшысы  Әлібек  Қуаныш 

«Нұр  Отан»  партиясы  Қызылорда  облыстық 

филиалының кезекті XXIІ есеп беру – сайлау конфе-

ренциясына делегаттарды сайлау туралы мәселелер 

мен ұсыныстарды атап өтті.

Шара  соңында  қатысушылар  ұсынылған 

мәселелер  мен  қойылған  сұрақтар  бойынша  тиісті 

жауаптарын алды.

Е.ТАБЫНБАЕВ.

Саяси кеңес 

саралаған 

сауалдар

«Қазақстан 

Республикасының 

мем лекеттік қызметі  туралы»  Заңына 

сәйкес,  бос  мемлекеттік  әкімшілік 

лауазымға  іріктеу  жүргізетін  кон-

курстық  комиссия  хатта масының 

шеші мі  негізінде  Қазалы  аудандық 

мәслихат  аппара тының  ұйымдастыру 

бөлімінің  басшысы  Мухамбет  Кен-

жебек  Мухамбетұлы  атқарып  кел-

ген  қызметінен  босатылып,  Қазалы 

аудандық мәслихат аппараты ның бас-

шысы лауазымына тағайын далды.

Кенжебек  Мухамбетұлы  –  1978 

жылы  Қазалы  ауданында  дүниеге 

келген.  Білімі  жоғары,  2001  жылы 

Қазақстан  «Экология»  халық  ака-

демиясы  жанындағы  дербес  эко-

логия 


университетін 

инженер-


эколог,  2005  жылы  Қорқыт  Ата 

атындағы  Қызылорда  мемлекеттік 

университетін педагог-психолог, 2009 

жылы  заңгер  мамандығы  бойынша 

бітірген. 

Еңбек  жолын  2005-2006  жыл-

дары  Тасарық  ауылдық  округі  әкімі 

аппаратының  бас  маманы,  2006-2007 

жылдары  Қазалы  аудандық  мәслихат 

аппаратының  жетекші  маманы,  2007-

2014  жылдары  Қазалы  аудандық 

мәслихат  аппаратының  бас  маманы, 

2014-2015 жылдары Қазалы аудандық 

мәслихат аппаратының бас инспекто-

ры қызметтерін атқарған. 

2015  жылдың  желтоқсан  айынан 

бастап  Қазалы  аудандық  мәслихат 

аппаратының ұйымдас тыру бөлімінің 

басшысы қызметін атқарып келді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат.

Тағайындау

“““““““““ЖЕҢІС



”” ““““САЯБАҒЫНА – 

35

 



ЖЫЛ

 


ЕСКЕ АЛУ

№88 (876) Сенбі, 5 қараша 2016 жыл.

Бұқаралық  ақпарат  құралда-

рында  жарияланып  жүрген  және 

сонымен  бірге  әдебиеттерде,  дін 

проблемасына  арналған  матери-

алдарда  діни  ұйымдар  кеңінен 

қолданылып келеді. Өкінішке орай, 

бұл ағымдағылар өздерін шынайы 

діндар және ақиқат жолындағылар 

санайды.


Діни  ұйымдар  –  бұл  сананы 

әртүрлі  әдістер  арқылы  бақылай 

отырып,  тұлғаның  физикалық 

және  психикалық  жағдайының 

бұзылуына  әкеп  соғуымен  қатар 

отбасының, қоғам мен мемлекеттің 

қауіпсіздігіне  теріс  ықпал  жасай-

тын ұйым.

Діни  ағым  адамның  ой-

санасын  талқандап,  құқығы  мен 

бостандығын  бұзып,  материал-

дық,  психологиялық  және  физио-

логиялық  дамуына  зиянын  тигі-

зетін ағым.

Діни  ағымдар  жеке  тұлғаның 

қалыптасуына да аса қауіпті, яғни 

секта тұлғаның психикасын іштен 

улап,  өздеріне  бағынышты  етіп 

алады.  Ол  туыстық  қатынастарға 

да  қауіпті,  осының  салдарынан 

отбасылардың  ойрандалуы  жиі 

кездесетін  құбылыс.  Сондай-ақ 

мемлекеттік  деңгейде  де  қауіпті. 

Өйткені,  секта  өзінен-өзі  бір  мем-

лекет  ішінде  тағы  да  өз  заңымен 

өмір  сүретін  және  өте  әлсіз, 

бірақ,  өмір  сүріп  тұрған  жүйеге 

дұшпандық көзқарастағы ұйым.

Діни ұйымдардың жеке тұлғаға 

кері  әсері  мен  зардаптарына  жеке 

ерекшеліктердің бұзылуы, торығу, 

шешім  қабылдауда  тәуелділіктің 

болуы,  өз  өмірін  бақылаудан 

және  еркінен  айрылу,  жан 

жарақатынан  кейінгі  күйзеліске 

байланысты 

жабырқаушылық, 

баяу  психологиялық  даму,  табиғи 

еріктілігінен  айырылып,  әзілді 

түсінуден  қалу,  психологиялық 

жағдайдың 

нашарлауы, 

үрей 

мен  мазасыздықтың  ұстамалары, 



бағытынан адасу, діни рәсімдерден 

тыс 


достық 

қарым-қатынас 

орнатуға  қабілетсіздік,  ұйқының 

бұзылып,  қорқынышты  түстер 

көруі  жатады.  Егер  сіз  оқушының 

немесе туысқандарыңыздың мінез-

құлқындағы  өзгерістерді  бай-

қасаңыз,  мәліметтер  жинақтап, 

күн делік  қалыптастырыңыз.  Оған 

оқушымен  байланыстағы  адам-

дарының 

аты-жөні, 

телефон 

нөмірі  және  мекен-жайын  жазып 

алып,  топқа  қатысты  бар  барлық 

мәліметтерді 

сақтап, 

оқушы 


мен  топтың  қарым-қатынасына 

бай ланысты 

оқиғаларды 

жа-


зып  отырыңыз.  Егер  іріткі  ұйым 

түрі  Сіз  үшін  белгілі  болса,  жаңа 

орта  атауларын,  лақап  аттарын, 

сөздері,  кестесінің  ерекшеліктерін 

белгілеуді  ұмытпаңыз.  Ата-ана-

лардың  біреуі  өзінің  кәмелетке 

толмаған  баласын  іріткі  ұйымға 

тартып  жатқаны  белгілі  болса 

шұғыл  түрде  арнайы  мамандарға 

(теолог, дінтанушы мешіт имамда-

ры) хабарласыңыз.

Оқушыларға жадынама:

Көшеде  діни  ұйымның  жина-

лысына шақырған уағызшылармен 

әңгімелеспеңіз.  Егер  сізге  діни 

тақырыптардағы парақша, кітапша 

немесе журнал ұсынса, рахмет ай-

тып  сыпайы  түрде  бас  тартыңыз. 

Діни 

ұйымдардың 



қатарына 

қосылып,  жетістік  пен  тыныштық 

табамын  және  өмірлік  мақсатыма 

жетемін  деп  ойламаңыз.  Сену  не-

месе  сенбеу  таңдауы  тек  қана 

сіздің 


еркіңізде. 

Сондықтан 

шешім  қабылдардан  бұрын  оның 

қажеттілігі  жайлы  ойланыңыз. 

Дұрыс  қабылданған  шешім  сіздің 

денсаулығыңызды  ғана  емес, 

өміріңізді де сақтауы мүмкін.

Егер  Сіз  діни  ұйым  мүше-

лерімен  кездесе  қалсаңыз,  ол  аза-

матпен  қарым-қатынаста  үнемі 

өз  қалпыңызда,  сабырлы,  ашық 

болыңыз.  Олармен  шындықты 

іздеуде  өз  таңдауыңызды  жаса-

ңыз,  ұйым  мүшесін  өзін-өзі  құр-

меттеуге  үйретіңіз.  Бірақ,  қандай 

жағдай  болмасын,  оның  жаңа 

сенімін  сынға  алмаңыз.  Тіпті, 

әзілдеуге  де  жол  бермеңіз.  Көбіне 

жан 

жылуыңызды 



бермеуге 

ұмтылыңыз.  Оның  сеніп  жүрген 

ілімінің  сөздіктерін  үйреніңіз. 

Оларды білу, екеуара әңгімені одан 

әрі жақындастыра түседі.

Ұйым  мүшесіне  қарым-қаты-

нас  кезінде  оның  бұрынғы  қызы-

ғушылықтары  мен  айналысатын 

іс-әрекеттеріне,  отбасылық  және 

достық  естеліктеріне  де  назар 

аударыңыз.

Діни  ұйым  мүшесін  құтқаруға 

деген  қадамдарыңызды  аяқ  асты 

қалдырмаңыз.  Діни  проблеманы 

жалғыз шешпеңіз. Себебі көптеген 

азаматтар  дін  мәселесіне  келген-

де  адасып  жатады.  Қажетінше  те-

олог,  дінтанушы  мамандардан  не-

месе 114 қауырт желі телефонынан 

көмек сұраңыз.



Қуанышбек РАХМЕТОВ,

Қызылорда облыстық ішкі саясат 

басқармасының дін мәселелерін 

зерттеу орталығының 

Қазалы ауданы бойынша маманы.

Діни ағымдардың белгілері 

және зияны

Қазіргі  уақытта  шетел  көзінен  түскен  түсімдерді  қадағалау 

мақсатында, “Төлемдер және төлемдік жүйе туралы” ҚР заңына 

енгізілген  өзгерістер  шеңберінде  Салық  кодексіне  де  түзетулер 

енгізілді.  “Төлемдер  және  төлемдік  жүйе  туралы”  заңға  және 

ҚР  Салық  Кодексіне  енгізілген  өзгерістер  ағымдағы  жылдың 

10  тамызында  ресми  басылымдарда  жарияланды.  Осылайша, 

Қазақстан  әлемдегі  дамыған  отыз  елдің  стандарттарына  көше 

отырып,  шетелдік  қаржыландыруға  қатысты  салық  бақылауын 

кеңейтуді көздеп отыр. 

Салық  кодексінің  14,  20,  77,  557,  627  баптарына  енгізілген 

түзетулерге  сәйкес,  шетелдік  көзден  қаржыландыру  алған  жеке 

және  заңды  тұлғалар  мемлекеттік  кіріс  органдарына  міндетті 

түрде есеп береді. Осының негізінде мәліметтер базасын жүргізу 

және салық регистрлері туралы мәлімет реттеледі.

Бұл  өзгерістер  бизнес  жүргізіп  және  есептілік  тапсырып 

отырғандарға  қатысты  емес,  бұрын  реттелмеген  3  атқаратын 

қызмет түрлері бойынша жүзеге асырылады. Олар: заң бойынша 

көмек көрсету, қоғамдық пікірді зерттеу (коммерциялық мақсатта 

жүргізілгеннен басқасы), ақпаратты жинау, талдау және тарату.

Жүзеге асырылып жатқан шаралар хабарлама түрінде, салық 

төлеушілердің  құқығын  шектемейді.  Олар  процедураның  алы-

нуын және қолданылуының ашықтығына бағыт талған. Шетелдік 

көздерден ақша және мүлік алғаны жөнінде келісім жасалғаннан 

кейін,  10  күн  ішінде  азаматтар  мен  заңды  тұлғалар  мемлекеттік 

кірістер  органдарына  бекітілген  формада  хабарлама  жібереді. 

Есептілік есепті тоқсанның келесі екінші айының 15 жұлдызына 

дейін  яғни  есептік  тоқсаннан  кейін  45  күнде  тапсырылады. 

Есептілікті  қағаз  жүзінде,  сонымен  қатар  үйден  шықпай-ақ            

электронды түрде ұсынуға болады.

Заң  ақша  мен  мүліктің  көлеміне  қандай  да  бір  шектеу  қою 

қызметін  атқармайды.  Сол  себептен,  алатын  ақшаның  көлеміне 

де  ешқандай  шектеу  жоқ.  Бар  болғаны,  оны  алғаны  және  қайда 

жұмсағаны жөнінде ақпарат берілсе жеткілікті.

Шетелдік  көздерден  ақша  немесе  мүлік  алушы,  оларды 

ұсынушы  тұлғалар,  түскен  қаражаттар  және  басқа  мәліметтер 

туралы  ақпарат  Қазақстан  Республикасы  Қаржы  министрлігі 

Мемлекеттік  Кірістер  Комитетінің  интернет  порталында  жария-

ланатын болады.

Еліміздің әлемдегі дамыған отыз мемлекеттің қатарына кіру 

тұжырымдамасын  жүзеге  асыру  бағдарында  ел  ішінде  саяси-

экономикалық  және  әлеуметтік  жаңаруларға  қолайлы  жағдай 

туғызу,  халықаралық  қауымдастықта  ұлттық  мүддемізді  қорғау 

басты  басымдықтарымыздың  бірі  болып  қалмақ.  Осы  орайда, 

жаңа  заңның  қабылдануы  алға  қойған  мақсат-мұраттарымызды 

іске асыруда міндетті қадамдардың бірі болып абылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет