Бигелді ҚОНЫСБАЕВ,
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының бөлім басшысы.
Шетелдік қаржыландыру
бойынша өзгерістер
Салық – халық қазынасы
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Тіл – ұлттың тарихы мен
тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің
негізі, қатынас құралы. Атадан
балаға мирас болып қалатын баға
жетпес мұра. Әрбір адам бойына
ана сүтімен дарып қалыптасады.
Елбасы
халыққа
арнаған
Жолдауында:
«Біз
барша
қазақстандықтарды
біріктіруші
бас ты факторлардың бірі –
еліміздің мемлекеттік тілін, барлық
қазақтардың ана тілін одан әрі
дамытуға бар күш-жігерімізді
жұмсауымыз керек» деген. Ата
Заңның 7-бабында «Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік
тіл – қазақ тілі» деп тайға таңба
басқандай
айқын
жазылған.
«Қазақстан
Республикасындағы
Тіл туралы» Заңында «Қазақстан
Республикасының
мемлекеттiк
тiлi – қазақ тілі» деп тағы да атап
көрсетілді.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан халқына арнаған Жол-
дауында «Қазақ тілі – біздің ру-
хани негізіміз... Біз қазақ тілін
жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз...
Қазақстанның болашағы – қазақ
тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай
өмірдің барлық саласында үстемдік
етіп, кез-келген ортада күнделікті
қатынас тіліне айналады...» дей
келе, «Қазір біз балаларымыз қазақ
тілімен қатар орыс және ағылшын
тілдерін де белсенді меңгеру
үшін жағдай жасауға шаралар
қабылдап жатырмыз» деп тілдерді
дамыту мәселесі мемлекеттік
деңгейдегі міндет екенін де атап
көрсетті. Сондай-ақ, Елбасының
«Үштілділік мемлекеттік деңгейде
ынталандырылуы керек. Орыс
тілін білу – біздің ұлтымыздың та-
рихи артықшылығы екені баршаға
белгілі... Біз ағылшын тілін иге-
руде серпіліс жасауымыз ке-
рек. Қазіргі әлемнің осы «линг-
ва франкасын» меңгеру еліміздің
әрбір азаматына өмірдегі шексіз
жаңа мүмкіндіктерді ашады» де-
ген сөздері арқылы тілдердің
үштұғырлы саясатының маңызы
зор екенін аңғару қиын емес.
Мемлекеттік тілдің дәрежесін
көтеру,
қолданысқа
енгізу
мәселесімен біраз жылдардан бері
айналысып келеміз. Бұл шара рес-
публика көлемінде қолға алы-
нып жатқандықтан, сол шеңберде
қойылып отырған талап. Ол же-
келеген бұйрық арқылы емес Ата
Заңымыз бен «Тіл туралы» Заң
баптары арқылы міндеттеліп отыр.
Ал, біз өз Отанын, туған тілі мен
дәстүрін сыйлайтын осы елдің
азаматы ретінде, заң талаптарын
мүлтіксіз орындауға тиіспіз.
Мемлекеттік тіл – татулық
пен бірліктің тірегі. Қазақ тілінің
мемлекеттік тіл ретінде кеңінен
қолданылуына қажетті жағдай
жасауға атсалысу, оның қоғамдық
аясын кеңейту – әрбір азаматтың
міндеті.
Күлпараш ОРАЗАЛИЕВА,
Қазалы аудандық сотының
жетекші маманы,
заңгерлер одағының мүшесі.
Татулық тірегі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (бұдан кейін – БЖЗҚ)
жеке зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты,
уақытылы және толық аудару қажеттілігі маңызды. Себебі сіздің
белсенді еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі қамсыздандыруыңыз
елеулі дәрежеде осыған байланысты.
– БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері неге
байланысты?
– БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері оған
уақытылы аударылған зейнетақы жарналарының көлеміне, жиілігіне,
ұзақтығына және толықтығына тікелей байланысты. Осыған орай БЖЗҚ
салымшыларға БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агенттер аударымдарының
уақытылы және толық болуын тұрақты түрде өз бетінше бақылауға кеңес
береді. Зейнетақы жинақтарыңызды кез келген БЖЗҚ бөлімшесіне барып
не интернет-хабарландыруда таңдап тексере аласыз.
– Зейнетақы жарналарын төлеу бойынша кім агент бола алады?
– Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен
мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарнала-
рын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және БЖЗҚ-ға аудара-
тын жеке немесе заңды тұлға, сонымен қатар, қызметiн Қазақстан Респу-
бликасында шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi, филиалдары,
өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлға агент бола ала-
ды. Басқа сөзбен айтқанда, агент – сіздің жұмыс берушіңіз.
– Агенттің міндеттері және оларды бұзғандағы жауапкершілігі
қандай?
– Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасын-
да зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының (бұдан әрі – Заң)
39-бабының 10-тармағына сай агент БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарна-
ларын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақытылы есептеуге,
ұстап қалуға (есепке жазуға) және төлеуге міндетті.
Заңның бұл нормалары бұзылса, нақты төленген және қызметкер кіріс
алған жағдайда, агент уақытылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) немесе
аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарының сомасын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады неме-
се агенттер мерзімі өткен әрбір күнге (Мемлекеттік корпорацияға төлейтін
күн қосылады) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми
мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен бірге
міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің пайдасына
аударуы тиіс (Заңның 28-бабының 1-тармағы).
Сонымен қатар, Заңның 29-бабының ережелеріне сәйкес агенттер
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiпке сәйкес
әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есебіне жазылған) және
аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзуге мiндеттi және мiндеттi
зейнетақы жарналарының салымшылары мен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы
жарналары төленетін қызметкерлерге есептелген, ұсталған (есебiне
жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi
кәсiптiк зейнетақы жарналары туралы мәлiметтi есептiден кейiнгi айдың
15-нен кешiктiрмей ай сайын ұсынуға мiндеттi.
– Зейнетақы жинақтары жоқ не жеткіліксіз адамдар не істеуі
керек?
– БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары жоқ не зейнетақы жарналары
тұрақсыз аударылатын тұлғаларға, сондай-ақ жұмысқа орналасқысы не
қосымша жұмыс істегісі келетін адамдарға Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Тұлғаларға
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жол-
дамалар беру» мемлекеттік қызметінің стандартын әзірлегенін хабар-
лаймыз. Қызметті Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы
бар аудандардың және қалалардың жергілікті атқарушы органдары, оның
ішінде облыстардың Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармалары мен Астана және Алматы қалаларының
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары тегін
көрсетеді.
– Бұл қызметті пайдалану үшін не істеу керек?
– Мемлекеттік қызметті пайдалану үшін жергілікті атқарушы
органдарға не www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталына өтініш
білдіру қажет.
Аталған мемлекеттік қызметті көрсетудің түпкі мақсаты – өтініш
білдірген тұлғалардың жұмысқа орналасуы.
Бұл ақпарат сізге пайдалы болады және БЖЗҚ-дағы зейнетақы
жинақтарыңыздың көбеюіне, оның ішінде жұмысқа орналасу арқылы
өсуіне, осыған орай сіздің БЖЗҚ-дан алатын болашақ зейнетақыңыздың
мөлшерінің ұлғаюына көмегі тиеді деп үміттенеміз.
БЖЗҚ байланыс орталығы 14-18 (Қазақстан аумағында қоңырау шалу
тегін) www.enpf.kz.
Зейнетақы жинақтары
еңбекақыдан құралады
Есеп
Оқырмандар тілегіне орай
МАҚСАТ – СЕНІМ ҮДЕСІНЕН ШЫҒУ
Ақсуат ауылындағы №100 орта мектепте «Нұр
Отан» партиясы аудандық филиалына қарайтын
«Кеңтүп» бастауыш партия ұйымының есеп беру
жиналысы өтті. Оған №100 орта мектеп, №9 «Ба-
лауса» балабақшасының ұжым мүшелері қатысты.
«Кеңтүп» бастауыш партия ұйымының 2015-
2016 жылдары атқарған жұмыстары туралы, бас-
тауыш партия ұйымының саяси кеңес мүшелері
мен төрағасын сайлау, «Нұр Отан» партиясының
кадрлық резерві туралы, Қазалы аудандық партия
филиалының кезекті ХХII конференциясына деле-
гаттар сайлау туралы мәселелер қаралды.
Жиналыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселе
бойынша бастауыш партия ұйымының төрағасы
Р.Қаржаубаев баяндама жасап, қанағаттанарлық
деген баға берілді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселеге байланы-
сты бюро мүшесі мен төрағасы, хатшысы сайлан-
ды. «Кеңтүп» бастауыш партия ұйымының хатшы-
сы Қ.Тілеген «Нұр Отан» партиясының кадрлық
резерві туралы хабарлама жасады. «Нұр Отан» пар-
тиясы Қазалы аудандық филиалының кезекті ХХII
конференциясына делегат болып Р.Қаржаубаев,
Қ.Тілеген, Ш.Мүберекова сайланды.
Жиналысқа «Нұр Отан» партиясы аудандық фи-
лиалы саяси кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихат
депутаты М.Өтеев қатысып, сөз сөйледі.
Альфира НҰРХОЖАЕВА.
* * *
Ү.Түктібаев ауылында «Майдакөл» бас тауыш
партия ұйымының кезекті есеп беру, сайлау жи-
налысы болды. «Майдакөл» бастауыш партия
ұйымының төрағасы, №88 орта мектептің дирек-
торы Қ.Қожалепесов ұйымның 2015-2016 жылы
атқарған жұмыс тарын баяндады. Елбасы жетекшілік
жасайтын «Нұр Отан» партиясының бүгінгі биік
белестері, оған деген халықтың құрметі мен елдің
селкеусіз сенімі, әлем саясаткерлерінің партияға
беріп отырған жоғары бағасы, бүгінгі елімізде
жүргізіліп отырған бағдарлы реформалардағы
жетекші партияның рөлі жайына тоқталды.
Халықпен бірге өркениет өресіне өрлеу жолындағы
партияның алдағы атқарар ауқымды жұмыстарын
тілге тиек етіп, партия мүшелерінің әрқашан мақсат
үдесінен шығатындығына сенім білдірді.
Жарыссөзге шыққан А.Ерімбетов, Т.Әбдіраман,
Қ.Алтынсары, Г.Тілеуімбетова лар «Нұр Отан»
партиясының бүгінгі ұлықты ісіне ризашылығын
айтып, табыс тіледі. Төрағаның баяндамасына
қанағаттанарлық деген бағасын берді.
Жиналыста жеті адамнан тұратын партияның
бюросы бекітіліп, төрағалыққа басым дауыспен
Қ.Қожалепесов қайта сайланды. Сонымен бірге
«Нұр Отан» партиясының Қазалы аудандық XXІІ
конференциясына делегаттар сайланды.
«Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің
Қазалы ауданындағы этносаралық сарапшысы
С.В.Крюгер «Нұр Отан» партиясының жаңадан
қабылданған мүшелеріне партия билетін табыс етті.
Батырхан НҰРЫМБЕТОВ.
2016 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАША АЙЫНА
АРНАЛҒАН НАМАЗ КЕСТЕСІ
(Астана уақытымен белгіленген)
Күні
Таң
намазы
Бесін
намазы
Екінті
намазы
Шам намазы
Құптан
намазы
1
07:08
13:36
16:53
18:41
20:01
2
07:09
13:36
16:52
18:40
20:00
3
07:11
13:36
16:50
18:38
19:59
4
07:12
13:36
16:49
18:37
19:58
5
07:13
13:36
16:48
18:35
19:56
6
07:14
13:36
16:47
18:34
19:55
7
07:16
13:36
16:45
18:33
19:54
8
07:17
13:36
16:44
18:32
19:53
9
07:18
13:36
16:43
18:30
19:52
10
07:19
13:37
16:42
18:29
19:51
11
07:21
13:37
16:41
18:28
19:50
12
07:22
13:37
16:40
18:27
19:49
13
07:23
13:37
16:38
18:26
19:48
14
07:24
13:37
16:37
18:25
19:47
15
07:25
13:37
16:36
18:23
19:46
16
07:27
13:37
16:35
18:22
19:46
17
07:28
13:38
16:35
18:22
19:45
18
07:29
13:38
16:34
18:21
19:44
19
07:30
13:38
16:33
18:20
19:43
20
07:31
13:38
16:32
18:19
19:43
21
07:32
13:39
16:31
18:18
19:42
22
07:34
13:39
16:30
18:17
19:41
23
07:35
13:39
16:30
18:16
19:41
24
07:36
13:39
16:29
18:16
19:40
25
07:37
13:40
16:28
18:15
19:40
26
07:38
13:40
16:28
18:14
19:39
27
07:39
13:40
16:27
18:14
19:39
28
07:40
13:41
16:27
18:13
19:39
29
07:41
13:41
16:26
18:13
19:38
30
07:42
13:41
16:26
18:12
19:38
“ЖАНҚОЖА БАТЫР” МЕШІТІ.
Жирен жаман әдеттен
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес бүгінгі күні ең өзекті мәселеге
айналып отыр. Егемендік алғалы
мемлекеттік органдардың қызметін
реттейтін бірталай нормативтік-
құқықтық актілер бекітілді. Ел-
басы Н.Ә.Назарбаев айтқандай:
«Сыбайлас
жемқорлық
қоғам
тұрақтылығына, мемлекеттік кон-
ституция негіздеріне қатер тигізеді,
сол үшін сыбайлас жемқорлықпен
күресу еларалық міндет». Елба-
сының өз бақылауында болған-
дықтан, мемлекеттік органдар
мақсатты және нәтижелі шаралар
жүргізуде.
«Сыбайлас
жемқорлыққа
қар сы күрес туралы» Заңында нақ-
ты түсінігі және құқық бұз ғанға
жауапкершілік шаралары бел-
гіленген. Мемлекеттік міндет терді
атқаратын адамдардың, сондай-
ақ соларға теңестірілгендердің
лауазымдық өкілеттігін және мүм-
кіндіктерін пайдалана отырып не
мүліктік пайда алу үшін олардың
өз өкілеттіктерін өзгеше пайдала-
нуы, жеке өзі немесе делдалдар
арқылы заңда көзделмеген мүліктік
игіліктер мен артықшылықтар алуы,
сол сияқты бұл адамдарға жеке
және заңды тұлғалардың аталған
игіліктер мен артықшылықтарды
құқыққа қарсы беруі арқылы олар-
ды сатып алуы сыбайлас жемқорлық
деп есептеледі. Сонымен қатар,
пара беру де қылмыстық іс болып
табылады.
Құқықтық мемлекеттің ең басты
мақсаты – азаматтардың құқығын
және еркіндігін қорғау.
Біздің қоғамда сыбайлас жем-
қорлыққа орын жоқ. Өз құзыре-
тінің шегі маңайында сыбайлас
жемқорлықпен күресу азаматтық
борыш саналады.
М.ЖҰМАХАНОВА,
«Республикалық орман
селекциялық орталығы» РМҚК
Оңтүстік аймақ филиалы кадр ісі
жөніндегі инспекторы.
Қоғам болып күресейік
Жеке кәсіпкерлік нысанына отбасылы азаматтарды қабылдаймыз.
Жұмысшыға тұрғын үй, отын-су тегін беріледі. Жалақысы тұрақты.
Әлеуметтік төлемдері төленеді.
Байланыс телефондарымыз: 8778-333-44-66, 8777-662-06-57.
2-1.
ХАБАРЛАНДЫРУ ЖАРНАМА
ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАМЫЗ
«Өмір
–
өткінші,
сыйластық – мәңгі» деген
осы екен. Арыстай азамат,
ардақты әкеміз Тілеужан
Алуашовтың да ортамыз-
дан ұзағанына бір жылдың
жүзі болыпты-ау.
1944
жылдың
25
желтоқсанында
Аран-
ды ауылында дүниеге кел-
ген әкеміз еңбек жолын
қазіргі Қожабақы ауылында бастаған. 1963-1980 жылдар
аралығында «Энгельс» совхозында мал шаруашылығында,
1981-2004 жылдар аралығында «Қазалы жолшы»
мекемесінде жол жөндеуші болып жұмыс істеді. 2004
жылы осы мекемеден зейнеткерлікке шықты.
Ауыл шаруашылығында атқарған еңбегі ескеріліп,
1973 жылы Жоғары Совет кеңесінің бұйрығымен «Ерен
еңбегі үшін» медалімен, 1975 жылы «1974 жылғы
Социалистік еңбек жарысының жеңімпазы» медалімен
марапатталған.
Анамыз Айсұлу екеуі отау құрып, сегіз перзентті
тәрбиелеп өсірді. Олардың барлығын аяқтандырды. Ба-
лалары мен немерелерінің қызығына кенелді. Өкініштісі,
2015 жылдың 24-желтоқсанында дүниеден озды.
Өмірлік күш-қайрат беретін адамың бары жақсы
екен. Әкеміз дүниеден өткелі асқарымыз аласарып,
қазынамыз ортайғандай күйге ендік. Жасың қаншаға
толса да қиналған сәттеріңде үлкендік ақыл мен кемел
қамқорлықты іздейді екенсің. Қызғаныш, бақталасу де-
ген ұғымдардан арда жан өзінде бармен бөлісуді мақсат
тұтатын.
Жан әке, татитынсың дара аңызға,
Сағынды немерең де, балаңыз да.
Болғаның бақыт екен қарап тұрсақ
Жайраң қағып аман-сау арамызда.
Жан-әке, ұл-қызыңның тірегі едің,
Игі ісіңді әрқашан біледі елің.
Рухыңа бағыштап аяттарды,
Сағыныштан жүректен жыр егемін.
Есіміңіз жүректе жатталады,
Еске алумен ұрпағың бақ табады.
Өнегемен дарытқан тәрбиеңіз
Жадымызда мәңгіге сақталады.
Әкеміздің жатқан жері жайлы, иманы жолдасы бол-
сын деп сағынышпен еске ала отырып, ағайын-туыс,
құда-жекжат, дос-жарандарды Т.Бөріқұлақов көшесі №17
үйде 2016 жылы 11 қарашада 17:00-де өтетін молдасы, 12
қараша күні 12:00-дегі жалпы жылдық асына шақырамыз.
ЕСКЕ АЛУШЫЛАР: жұбайы Айсұлу,
балалары, келіндері, немерелері.
ЖАДЫМЫЗДА МӘҢГІГЕ САҚТАЛАДЫ
№776
7346
Мекен-жайымыз: 120400, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр көшесі №11 үй, E-mail: kazaly@bk.ru
Кезекші редактор А.ҚОСБАРМАҚОВА.
сейсенбі,
Газет редакцияның компьютер орталығында теріліп,
беттеліп, «Сыр медиа» ЖШС
баспаханасында басылды.
Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4.
Тел: 8 (7242) 40-06-68
Газет таралымы бойынша 21-6-94 немесе
8 (7242) 70-14-08 телефондарына хабарласуға болады.
Таралымы 7398 Тапсырыс №1332
№88 (876) Сенбі, 5 қараша 2016 жыл.
Бас редактор
Дәурен ОМАРОВ
Мерей
Сәті түскен сұхбат
Тіршілік түйткілдері
Туған жер – тұнған шежіре
Қазақ халқының дарынды
ұлдарының бірі, ғажайып ақын
Ғафу Қайырбеков ағамыз ақындар
туралы: «Өмірде ақынның көп
болғаны жақсы. Әрине шын ша-
бытты ақын болса және шабыт
кестесі, үн дауысы әр алуан бол-
са. Өйткені, ақындық – әулиелер
туысы, періштелер жолдасы. Ол
– киелі, иелі құдірет перзенті.
Олардың жаратылысы жай адам-
дардан мүлде басқаша. Ақындықты
әулие тұтпау – бейшаралықтың
белгісі», – деп әдемі де асқақ
анықтама берген екен.
Шынында, шалқыған, шамыр-
қанған шақтар дүбірлі дүниенің
дүниеауи
ойларынан
қашып,
жансауға іздеген шақтарда дәруді
ақын жырларынан табасың. Сенің
көпіре сөйлеп, көркін келтіре
алмаған ойыңды екі ауыз сөзбен
ойнатқан ақын құдіретінде шек бар
ма?!
Жырлары жаныма жақын,
әрбір
өлеңінен
жалғызсырап
жабыққан, шалқып шаттанған
сәттерді таба алатын жерлес ақын,
Қазақстан Журналистер одағының
мүшесі Алмагүл Қаржаубаева да
үш жиырманың үстіне шықты.
Күнделікті тіршіліктен қол үзбей
жүріп, ақындықтың аламаны-
на атын қосқан Алмагүлдің де
тындырғаны көп. Сөз өнерін серік
еткен ақын қыз бір қолымен бесік
тербетіп ана болды, аяулы жар,
асыл әже атанды. Көпжандай
ағамыздың көрікті жары көп
көңілінен шыққан қаламгер де.
«Сыр самалы», «Қасиетті Қазалым
– ел дегенім» атты өлеңдер
жинағын жарыққа шығарды. Оның
қайбір өлеңін оқысаңыз да мейірім
мен пейілге жұтап тұрған мына за-
манда жаныңа шуақ, бойыңа қуат
дарытып, өмірге құлшындыра
түседі. Көрікті жыр көргені бар-
дан туады. Алмагүл ақын текті
жердің түлегі. «Нағыз ұлы болатын
нар қазақтың» деп өзі жыр арнаған
нағашысы, абзал ақын, дара тұлға
Сейіл Боранбаев тағылымының
өзі неге тұрады. «Баланың жақсы
болмағы нағашыдан» дегендей ана
сүтімен берілген дарын, талант
тума ақын екенін танытады.
Ойнақ салып ой – қиялда
көп елік,
Балғын шақтың қызығында
жүр едік,
Жырымды оқып, қуанды әкем,
жан анам,
Тақыр жерге шыққандай-ақ
гүл өніп.
Көп елесті аршып
әкем санадан
Деді: Атасы – би,
болыстан тараған.
– Жырларымен бүкіл елге
танымал
Нағашысына тартқан, – деді ал
анам, – деп жырлайды ақын өзінің
тұңғыш өлеңі баспасөзге басылып
шыққан сәттегі ата-ана қуанышын
суреттеп. Жай, қарапайым жандар
өмірдегі жақсылы-жаманды жайт-
тарды көзімен көріп, көңілмен
қабылдаса,
ақындар
жүрегі
арқылы көріп, жанымен тебіренеді
ғой. Қай кезде де шын ақын
уақыттың перзенті, шындықтың
шырақшысы, ардың айнасы.
Қазалының қасиетті топыра-
ғында дүниеге келіп, ақындар мен
батырлар туған өлкеде жапырағын
жайған ақын «Замана келбеті»,
«Өзіңдейлер», «Қалған көңіл» атты
өлеңдерінде келеңсіздіктерді көріп
жерінсе, «Батыр баба ұрпағы»,
«Отанның қорғандары» тағы басқа
өлеңдерінде жақсыны көріп шат-
танады. Анасына арнаған «Анам-
ды жоқтау», «Әке-ана», «Анамды
аңсау» атты өлеңдерін оқығанда,
дәл өз жүрегімнен шыққан
мұңымды, сағынышымды шертіп
отырғандаймын.
Тіктей алмай келем әлі
бойымды,
Өзің болып кім түсінер
ойымды,
Сен секілді жан –
жүрегі езіліп,
Ойламайды менің
ешкім жәйімді.
Иә, өзің ана, тіпті әже болсаң
да ананың орны толмайды ақ
екен. Мен поэзия сыншысы неме-
се ақын емеспін. Жаныма жақын
жырлардың иесі замандасым,
құрдасым, Қазалының маңдайға
біткен ақын қызы Алмагүл
Шәріқызы Қаржаубаеваны мерей-
тойымен құттықтап, шалқыған ша-
быт, отбасына бақыт тілеймін.
Сезімтал болу да бір қайғы,
Жастықты көңілім қимайды.
Жас көңіл менен қарт өмір
Жеңе алмай жанды қинайды,
– деп Қадыр ағамыз айтқандай,
сезімтал жүректерді ойлы жырла-
рыңмен қуанта бер дегім келеді.
Жүрегің жас, сезімің сергек бо-
лып, қаламың қолыңнан түспесін,
замандас!
Достарыңызбен бөлісу: |