№88
(876)
Сенбі,
5 қараша
2016 жыл
А уд а н д ы қ қ о ғ а м д ы қ- с а я с и г а з е т
Тамыры – терең, тарихы – кенен
“ЖЕҢІС” САЯБАҒЫНА
–
35
ЖЫЛ
«Өмір – өзен» дегендей зымырап бара жатқан уақыт-ай! 1981
жылдың күз айы. Көп жылғы теміржол саласындағы мамандықты тас-
тап, поселкелік атқару комитетіне төрағалық қызметке келуім мені көп
ойландырды. Жұмысты неден бастасам деген сауал туындады.
Поселкелік атқару комитеті депутаттары бас қосқан отырыспа-
да барлық қиындықтарды жеңудің жолын қарастыруда заңға сәйкес
дербес жұмыс істеуге бетбұрыс жасау керектігі айтылды. Ұлы Отан
соғысындағы Жеңістің 40 жылдығына арнап, «Жеңіс» саябағын және
Алтай каналы жағасынан сая жай салуды тұрғындар күшімен асар әдісі
арқылы жүзеге асыруға бастама көтеріп, оны халық жиындарында
мақұлдатып алдық.
«Жеңіс» паркін салудағы мақсатымыз – ауданның еңбек адам-
дары бос уақыттарында демалатын, серуендеп бой жазатын, Отан
үшін от кешіп жанын пида еткен бабалар ескерткішіне жас ұрпақ ба-
рып рухтанып, бас иіп, тағзым етіп еске алатын, сөйтіп қастерлі де,
киелі жер жасап, мәдени орталыққа айналдыру. Ал, саяжай мәселесіне
келетін болсақ, жастар жаз айларында шомылатын, үлкендер күнге
қыздырынып, тынығатын орын жасау керек болды.
Поселкенің шығыс бетіндегі көлемі 80 гектар жабайы шым басқан
ойлы-қырлы шұқыр жерлерді техникасыз көптің қолымен тегістеп,
жабайы арам шөптерден арылту жұмыстарын әрбір мекеме, мектеп,
кәсіпорындарға бөліп, арық қазу, аяқ су жеткізу, түрлі ағаштар мен
жиделер отырғызу жұмыстары басталды. Жолдар мен құрылыстар
салу, жарық жүргізуді ақысыз-пұлсыз жасату айтуға оңай болғанымен
атқару, оңайға түскен жоқ.
Кім тегін жұмысқа құмар дейсің, оның үстіне көре алмаушылық,
қызғаныш пен іштарлық жасайтындар жиналыстарда, қаншама
жүйкеге тиетін сөздерді жаудырып, басымызға пәле тілеп алғанымыз
әлі күнге есімізден кетпейді. Кездейсоқ кесірлерге тойтарыс беру тек
қана жұмысты тоқтаусыз жүргізу арқылы ғана іске асырылатынын
біздер жақсы түсіндік. Небір сөздерді амалсыз естіп, қайткенде де ме-
желенген шаруаларды бітіру жолын іздеумен бірге намысты қолдан
бермеуге тырысып, атқарылған жұмыстар кідіріссіз жүріп жатты.
Біреулерді мақтадық, біреулерді сынадық, енді біреулерді
көптің ортасына салып ұялттық, әйтеуір, жаңа бастамаға көпшілікті
жұмылдырдық. Күннен-күнге атқарған жұмыстар көзге көрініп, елдің
бізге деген сенімі арта бастады. Түсінігі бар адамдар мойын бұрып,
жұмыстан кейін және сенбі, жексенбі күндері еңбек құралдарымен
саябаққа ағыла бастады.
«Бітер істің басына, жақсы келер қасына» деген. Осындай қарбалас
сәтпен тұспа-тұс 1983 жылдың 14 қазанында Қазалыға аудандық пар-
тия комитетінің бірінші хатшылығына Елеу Көшербаев келді. Елекең
саябақ орнын аралап көріп: «Бұл жақсы бастама екен. Жұмысты
әлде де күшейту керек. Қажетті көмектер берілетін болады. Жігіттер,
жарайсыңдар!» – деп жақсы сөзімен біздерді рухтандырып, көтермелеп
кетті.
Бірнеше күннен кейін мені өзіне шақырды. Кабинетінде аудандық
атқару кеңесінің төрағасы Жолдасбек Ердешбаев,
аудандық партия комитетінің екінші хатшысы Болат
Қарғабаев, аудандық атқару комитетінің орынбасарлары
Қуанышқали Шапшаңов, Рахат Өтегеновтер отыр екен.
БАСПАСӨЗ – 2017
«Қазалы» газетіне
жазылуға асығыңыздар
Өздеріңіз әр санын әр дайым асыға күтіп отыратын «Қазалы» газетіне
2017 жылға жазылу басталды.
Жазылу «Қазалы» газе тінің редакциясында жүр гізіледі.
Бағасы жеке адамдар үшін 6 айға – 2000 теңге, 1 жылға – 4000 теңге
(индекс 65032).
Мекеме, кәсіпорындар мен басқа да ұжымдар үшін 6 айға – 3000 теңге,
1 жылға – 6000 теңге (индекс 15032).
Аудан ажары
Байланыс телефондары: 8 (724-38) 23-8-04, 21-6-94
www.qazaly.kz
@qazaly.kz
E-mail: kazaly@bk.ru
Біраз уақыттан бері Қ.Пірімов атындағы
көшенің тұрғынымын. Ол – аудан орталығындағы
жүргіншілер мен көлік жүргізушілерін орталықпен
байланыстыратын негізгі көшелердің бірі. Көшеге
жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ескерткіштер
қойылып, жаяу жүрушілерге жағдай жасалады
деген хабарға қаныққанмен, бүгінгідей көрікті
күйге енеді деп ойлағанымыз жоқ. Бұған дейін
көліктер толас таппайтындықтан, немерелеріміз
бен кішкентай балаларымыз есіктен шықса
алаңдайтынбыз. Енді көшеде олардың ойнай-
тын орындары бар. Орындықтар, кіші ұлттық
нақыштан сыр беретін сәулетті мүсіндер, әдемі
демалыс алаңқайлары қарап, көз сүйсінеді. Бұл
– ауданның өсіп-өркендегенінің айқын көрінісі.
Көшелі іс көпке үлгі.
Бұл жұмыстарды ұйымдастыру, жүзеге асы-
ру, орындау барысына атсалысқан азаматтарға
қазалылықтар дән риза деп ойлаймын.
Гүлжан ЖҰБАНЫШ,
Қ.Пірімов көшесінің тұрғыны.
Көшелі іс көпке үлгі
Біздің есепшотымыз:
«Сыр Медиа» ЖШС
СТН 331 000 011 645
БСН 100 740 005 115
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне
қою 17.08.2012 жыл
сериясы 33001 №0003930
ИИК KZ349260701180488005
АО «Казкоммерцбанк»
БИК KZOKZKX
«ҚАЗАЛЫ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ.
Бейсенбіде
Әйтеке
би
кентін дегі «Наурыз» мейрам-
ханасында Қызылорда облы-
сы кәсіп кер лер палатасы Қазалы
аудан дық филиалының директо-
ры Е.Аймахановтың есебі тың-
далды. Оған облыстық кәсіп-
керлер палатасының директо-
ры Ғ.Жақсылықов және аудан
әкімінің орын басары С.Бабанаев,
аудан
про куроры
Ғ.Едігеев
қатысты.
Облыстық кәсіпкерлер па-
латасы Қазалы ауданындағы
филиалы 2014 жылдан бастап
жұмыс істейді. Басты міндеті
– кәсіпкерлер қауымдастығын
біріктіру арқылы билік пен бизнес
арасында көпір орнату және тегін
түрде кәсіпкерлердің мүдделерін
қолдау және қорғау.
– Қыркүйе кте өткен Үкіметтің
кеңейтілген отырысында Елбасы
экономикалық өсімді қамтамасыз
ету мақсатында бірқатар нақты
тапсырмалар жүк теді. Соның
негізінде Ұлттық кәсіпкерлер па-
латасы бизнесті дамытуға арналған
10 басым қадам ды айқындады.
Онда айқындалған міндеттер бо-
йынша жұмыстар істелуде. Фи-
лиал тарапынан кәсіпкер болуға
ниетті азаматтарға қаржылай
емес қолдау көрсету мақсатында
атқа рылған жұмыстардың нәти-
жесінде кәсіпкерлер санында өсу
байқалады, – деді Е.Аймаханов.
2016 жылдың 9 айында 4181
шағын кәсіпкерлік субъектісі
есепке алынды. Ал, 2015 жылы
3990 кәсіпкерлік болған еді.
Бүгінгі таңда жұмыс істеп
тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің
1785-і сауда-саттықпен айналыс-
са, 60-ы ауыл шаруашылығы,
90-ы өнеркәсіп, 31-і құрылыс, 9-ы
медициналық қызмет саласын-
да, 647-сі такси жолаушылар та-
сымалында және жүк тасымалын-
да, 85-і қоғамдық тамақтандыру
орындарында, 99-ы үйлерін және
көліктерін жалға берумен, 158-і
өзге де қызмет түрлерін көрсетеді.
Қазалы ауданы бойынша
мемле кеттік кірістер басқар-
масына 2016 жылдың басынан
323 жеке кәсіпкер тіркелген. Па-
лата филиалының кеңес шілері
кәсіпкерлер мен кәсіп кер болуға
ниетті 1048 тұрғынға 3998
мемлекеттік бағдарламалар ая-
сында кеңес берген. Олардың ба-
сым көпшілігі – жұмыссыз жас-
тар. Сонымен қатар, екі күндік
«Бизнес кеңесші» оқу семинары
тұрақты өткізіліп, 188 кәсіпкер
мен кәсіп ашуға ниетті жандарға
арнайы сертификаттар табыс
етілді.
Ауыл шаруашылығы коопера-
тивтерін құру мақсатында, фи-
лиал тарапынан Бекарыстан би
ауылынан «Мирас», Аранды
ауылдық округінен «Кішкене-
Ата», Өркендеу ауылынан «Жан-
кент Ерасыл», Қазалы қаласынан
«Бейімбет»
коо пе ративтерінің
барлық құжат тары рәсімделіп,
Әділет басқар масы нан тіркеуден
өткізілген. Енді қар жыландыру
бағыты
бойынша
жұмыстар
атқарылуда.
Аудан кәсіпкерлеріне қаржы
ұйымдары тарапынан 2016 жыл-
дың 9 айында 69 өтініш бойын-
ша жалпы көлемі 452,6 млн теңге,
екінші деңгейлі банктер арқылы
12 өтінішке 205 млн теңге не-
сие қаржысы берілген. «Эко-
Даму» шағын несиелер беру
бағдарламасына Қазалы ауда-
нынан 2014 жылы 10 ауылдық
округ енгізілсе, филиал тарапы-
нан 3 ауылдық округті тізімге алу
ұсынылып, мақұлданды.
2016 жылға «Атамекен» ҰКП
мен облыс әкімдігі арасындағы
әріптестік меморандумға сәйкес,
«Микробизнес – Қызылорда»
жобасына 660 млн теңге бөлінді.
Сол арқылы 2015 жылы 9 жобаға
аудан кәсіпкерлері 45,4 млн теңге
алса, 2016 жыл басынан бері 22
жобамен 130 млн-нан астам теңге
несие қаражатына қол жеткізген.
Прокуратура органдарының
басым бағыттарының бірі – кәсіп-
керлікті қолдау мен олардың
құқы ғын қорғауға бағытталған
заңна маның қолдануын қадағалау.
Осы мақсатта аудандық прокура-
турамен бірлескен өзара ынты-
мақ тастық пен іс-қимыл тура-
лы іс-шаралар жоспары негізінде
меморандум жасалды. Қара жат
негізінде бақылау және қада-
ғалау органдарының тарапы-
нан қысымшылықты төмендету,
бизнесті дамыту үшін әкімшілік
кедергілерді болдырмау және биз-
несті дамытуға қолдау көрсету
мақсатында
жұмысшы
топ
құрылып, кәсіпкерлерді құқықтық
қолдау жұмыстар ұдайы жүргізіліп
келеді.
Бұдан бөлек, Е.Аймаханов ау-
данда туризмді дамытуға байла-
нысты қонақ үйлер, мейрам хана-
кафелер және туристік нысан дарға
талдау жасалғанын жеткізді.
Кәсіпкерлікті қолдау аясын-
да аудан көлемінде атқарылған
жұмыстар ауқымды. Бұны Қазалы
аудандық кәсіпкерлер кеңесінің
жұмысы, оның мақсаты туралы
баяндаған аудандық кәсіпкерлер
кеңесінің төрағасы М.Өтеевтің,
кәсіпкерлердің құқықтарын қол-
дау бағытында атқарылып жатқан
жұмыстар туралы айтқан ау-
дан прокуроры Ғ.Едігеевтің және
Қазалы ауданындағы шағын және
орта кәсіпкерліктің дамуы тура-
лы сөз алған аудан әкімінің орын-
басары С.Бабанаевтың сөзінен
толық аңғаруға болады.
Сонымен бірге, аудан про-
куроры Ғ.Едігеевтің айтуынша,
беймезгіл уақытта дүкендерде,
көңіл
көтеру
орындарын-
да арақ-шарап сату тыйылмай
тұр. Бұл құқық бұзушылық пен
қылмыс жасаудың көбеюіне әкеп
соқтыратындығын айтып, кәсіп-
керлерді заң шеңберінен шықпай
жұмыс істеуге шақырды.
Ал,
Қызылорда
облысы
кәсіп керлер палатасының ди-
ректоры Ғ.Жақсылықов ауыл
кәсіпкерлеріне
қолдау
мен
көмектің көптігін тілге тиек етіп,
жиынды қорытындылады.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.
КӘСІПКЕРЛІК
КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЮДЕ
29-30 қазанда Қазалы жерінде Қазақстан Республи-
касы Тәуелсіздігінің 25 жыл дығына арналған іс-шаралар
ұйымдасты рыл ғаны мәлім. Бағдарлама бойынша ғылыми-
тәжірибелік конференция, ақындар айтысы, Ғ.Мұратбаев
атындағы облыстық жастар сыйлығын табыстау салтана-
ты болды. Сондай-ақ, Бегім ана, «Асандар көтерілісі»
құрбандарына арналған ескерткіштер мен Жалаңтөс
баһадүр мавзолейі және Тәуелсіздік монументі ашы-
лып, бабалар рухына ас берілді. Ат бәйгесі, жыраулар
фестивалі тамашаланды.
Бейсенбі күні болған актив жиынында аудан әкімі
Нажмадин Шамұратов осы мерекелік бағдарламаның өз
дәрежесінде өткізілгендігіне тоқталды.
– Республикамыздың сегіз облысынан қонақтар
қатысқан дүбірлі тойға облыс басшысы мен мейман-
дар оң бағасын берді. Мұның барлығы да сіздердің
ұйымшылдықтарыңыз бен ауызбіршіліктеріңіздің арқасы.
Сол үшін де әрқайсыларыңыздың Тәуелсіз еліміздің
нығаюына қосқан үлестеріңізге шынайы алғысымды
білдіріп, баршаңыздың отбасыларыңызға ынтымақ пен
асқақ абырой тілеймін! – деген аудан басшысы көшелер
келбетін келтірген тарихи-мәдени нысандарды күтіп-
ұстау жайына мән берді. Сонымен бірге, жаңадан ашылған
ескерткіштер үлгісінің қонақтарға кәдесыйға тартылғанын,
оның болашақта да жалғасатынын айтты.
Тәуелсіздік тойындағы толымды шараның талапқа
сай аталуына атсалысқан аудан әкімінің орынбасар-
лары мен аудандық мәслихат хатшысына, аудандық,
облыстық мәслихат депутаттарына, аудан әкімі аппара-
ты қызметкерлері мен дербес бөлім басшыларына, еңбек
ардагерлері мен ауылдық округ әкімдеріне, құқық қорғау
органдары мен мекеме басшыларына, мектеп директор-
лары мен балабақша меңгерушілеріне мерейтойлық ме-
дальдар тапсырылды.
Марапатталғандар атынан сөз алған аудандық «Ар-
дагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Оразғали Бекбанов: «Тойдың болғанынан боладысы
қызық» дегендей, оған дайындық оңай болмады. Алайда
көптің күшімен ойдағыдай атқарылып, шаршағанымыз
ұмытылды. Болашақта да осындай ынта-ықылас берсін!
Алған медальдарың құтты болсын. Бабалар әруағы
әрдайым желеп-жебеп жүрсін!» – деген жылы лебізін
ортаға салды.
С.БАХИЕВ.
ЕЛ МЕРЕЙІ
КӨККЕ КӨТЕРІЛДІ
Берекет Кәрібаев,
тарих ғылымдарының докторы,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры.
Алдағы жылдың ең айтулы оқиғасы «ЭКСПО-2017»
көрмесіне Сыр өңірінен 75 мың адам қатысады деп
межеленіп отыр. Бұл туралы облыс әкімдігіндегі ап-
парат мәжілісінде облыстық кәсіпкерлік және туризм
басқармасының басшысы Нұржан Өмірсерікұлы мәлім
етті.
Бұл күнде облыс бойынша көрмеге дайындық
жұмыстары басталып кеткен. Басқарма басшысының ай-
туынша, өңір тұрғындарының көрмеге кіру кестесін
әзірлеп бекіту, көлікпен қамтамасыз ету, туристер пакетін
қалыптастыру, көрменің электрондық билеттерін сату бой-
ынша дайындық жұмыстары басталған.
Ресми ақпарат көздерінен.
Көрмеге дайындық қызу жүргізілуде
№88 (876) Сенбі, 5 қараша 2016 жыл.
– Ел азаматы ретінде, МӘлМС енгізуден
мен не аламын?
– Біріншіден, ҚР аумағында Сіз таңдаған
кез келген емханадағы медициналық көмек. Бұл
жағдайда, емхананың шығыстарын толығымен
Қор өтейді;
Екіншіден, ТМККК және МӘлМС пакеттері
шеңберінде қарастырылған медициналық көмекке
жұмсалатын қосымша төлемдердің барлық
түрінен босатыласыз;
Үшіншіден, Сізге елдің кез келген
дәріханасында ұсынатын, құрамы бойын-
ша кеңейтілген және жақсартылған дәрілік
заттардың тізбесіне толық қолжетімділік (Қорда
фармацевтикалық қызметтердің жеткізушілері
ретінде тіркелген);
Төртіншіден, ӘлМСҚ-да Сіздің пайдаңызға
аударылған салымдар және медициналық
ұйымдарда Сізге көрсетілген қызметтер туралы
ай сайынғы ақпаратты алу мүмкіндігі;
Бесіншіден, сапасыз қызмет көрсетілсе не-
месе МӘлМС қатысушысы ретінде құқықта-
рыңыз бұзылған жағдайда Қор арқылы өз
құқықтарыңызды және мүдделеріңізді қорғау.
– 1996-1998 жылдардағы ММСҚ-ның
жұмыс тәжірибесі біздің есімізде. Осындай
жағдай қазір де қайталанбайтынына кепілдік
бар ма?
– Қоғамда жүзеге асырылатын кез кел-
ген өзгерістердің өз жағымды және жағымсыз
жақтары бар.
1996-1998 жылдардағы сақтандыру медицина-
сын құру тәжірибесін сын көзбен ғана қабылдауға
болмайды, оның сөзсіз жақсы жақтары бар.
Бұл реформаның ең басты нәтижесі
экономикадан қосымша қаражатты тарту есебінен
денсаулық сақтау жүйесі объектілерінің желісін
және медициналық көмектің барлық ел халқына
қолжетімділігін сақтау болып табылады.
Мысалы,
осындай
мамандандырылған
бағдарламаның болмауы балалар мектепке дейінгі
мекемелерін жекешелендіруге әкеп соқты, оның
салдары осы күнге дейін сезіледі.
Одан басқа, 90-жылдардағы экономикалық
шындықтар ағымдағы жағдаймен салыстыруға
келмейді.
20 жыл бұрын көптеген кәсіпорындар
күрделі қаржылық қиыншылықтарға тап болғаны
бәріміздің есімізде, олардың көбісі банкротқа
ұшыраған, еңбекақы бойынша үлкен қарыздар
жинаған. Экономикалық дағдарыс жаппай,
оның ішінде медициналық сақтандыру қорына
төлемеудің негізгі себебі болды.
Қордың жағдайы экономикалық белсенді емес
халық үшін тұрақты аударымдарды қамтамасыз
етуге
қаратылған
жергілікті
атқарушы
органдардың да қиын жағдайға тап болғанына
байланысты күшейе түсті.
Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен
қамтудың елеулі өсімін белгілейміз. Отандық
кәсіпорындарда 6,5 миллионнан астам жалданған
жұмыскерлер еңбек етуде, ай сайын жұмыс
берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорына 53 млрд теңге және өз жұмыскерлерінің
пайдасына Әлеуметтік сақтандыру қорына
23 млрд теңге аударады. Белсенді емес халық
үшін ӘлМСҚ салымдарды төлеу бойынша
міндеттемелерді мемлекет өз мойнына алатынын
атап өткен жөн.
Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған
медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты
қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.
– МӘлМС енгізу медициналық қызметкер-
лердің ақшалай «ризашылығын» шешуге
қалай көмектеседі?
– Медициналық қызметкерлердің ақшалай
«ризашылығы» немесе қосымша бейресми
төлемдердің негізінде, бірінші кезекте, еңбекке
ақы төлеудегі теңгермешілік бар.
Қазір біліктілігі, тәжірибесі, дағдылары
мен білімдеріне тәуелсіз бір мамандандырудың
дәрігерлері бірдей еңбекақы көлемін алады.
МӘлМС жағдайында пациенттердің өздері
таныған дәрігер көрсетілетін қызметтердің
көлемі мен сапасына сәйкес (немесе адекватты)
еңбекақыға ие болады.
Азаматтар жарналарды аудара отырып, өз
гос питализацияларын немесе емханаға жүгінуін
төлеп отыр. Осыған байланысты, жүйенің
қатысушылары, МӘлМС жүйесі белгілеген жар-
налардан басқа қосымша төлемдерді жүзеге
асырмауға тиіс.
Осылайша, сақтандыру медицинасының
дамуы мен медициналық көмекке бейрес-
ми төлемдердің проблемасы өзінің өзектілігін
жояды.
– Мен үш баланың анасымын, ажырас-
қанмын, ресми түрде жұмыс істемеймін, али-
мент алмаймын, қосымша табыстар болып
тұрады. МӘлМС-пен не істеймін?
– Біріншіден, Сіздің балаларыңыз үшін 18
жасқа дейін мемлекет Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қорына салымдар енгізеді.
Екіншіден, егер Сіз жұмыс істемесеңіз және
3 жасқа дейінгі баланы күтумен айналыссаңыз,
онда мемлекет сол кезеңге Сіз үшін де міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне
жарналарды жүзеге асырады.
Басқа жағдайларда медициналық көмек алу
мүмкіндігін сақтап қалу үшін Сізге:
а) тұрғылықты орын бойынша жұмыспен
қамту орталығына хабарласуыңыз қажет, ол жер-
де сіздің біліктілігіңіз бен жұмыс тәжірибеңізге
сәйкес жұмысқа орналасу нұсқаларын ұсынады.
Егер ұсынылған нұсқалар жарамаса, онда Сіз
жұмыссыз мәртебесін аласыз және бұл жағдайда
мемлекет белгіленген уақыт ішінде Әлеуметтік
медициналық сақтандыру қорына Сіз үшін са-
лымдар төлеу бойынша міндеттемені өз мойны-
на алады.
б) салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде
тіркелуге аласыз және Сіз мәлімдеген табыстың
немесе табыс болмаған жағдайда минималды
еңбекақы төлемінің 2 пайызы көлемінде салым-
дар жасауға болады.
в) егер алдындағы екі нұсқа жарамаса, онда
Сізге өз бетінше екінші деңгейдегі банктер
арқылы минималды еңбекақы төлемінің 2 пайызы
көлемінде Медициналық сақтандыру қорына са-
лымдар жасауға болады.
– Айтыңызшы, ҚР барлық аумағы бо-
йынша сақтандырылған азаматтарға, мы-
салы, іссапарға жіберілген, демалыстағы
адамдарға медициналық қызметтер көрсетіле
ме? Әлде тек тіркелген тұрғылықты орын бо-
йынша ма?
– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтан-
дыру (МӘлМС) пакеті шеңберіндегі медициналық
қызметтер, сақтандырылған азаматтық орналасқан
жерінен тәуелсіз, Қазақстан Республикасының
барлық аумағында көрсетіледі.
(Басы. Жалғасы келесі сандарда).
Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша
Той туралы ой
Еліміздің Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толуына орай, түрлі іс-
шаралар өткізіліп, елді мекендерді көркейту-көгалдандыру жұмыстары
ұйымдастырылуда.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, аудан көлеміндегі мекеме-
лер мен кәсіпкерлер, аудан тұрғындарының демеушілігімен Әйтеке би
кентіндегі Қ.Пірімов атындағы көше бойына «Тәуелсіздік» аллеясы жаса-
лынды. Оған «Бегім ана», «Асандар көтерілісінің» құрбандарына арналған
ескерткіш және Жалаңтөс баһадүрдің 440 жылдығына орай тұрғызылған ке-
сене мен «Тәуелсіздік монументі» орнатылды.
Халық игілігі үшін күн-түн демей құнды ескерткіштердің уақытылы
пайдалануға берілуін қадағалап жүрген: Нажмадин Шамұратов, Болат
Теміров, Қайрақбай Орынбасаров және мекеме басшыларының еңбегін
айрықша атауға болады.