Жұмагүл ПАРХОТ.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,
ақын Алмагүл Қаржаубаева 60 жаста
Жаныма жақын жырлары
Сәдірбай
тым-тәуір
отбасының
отағасы еді. Көзінің ағы мен қарасындай
жеткіншек қарадомалақтары да көз
қуанышы болып ержетіп келеді. Әйелі
Мәржәпия бір мекемеде еден жуушы.
Әйтеуір біреуден ілгері, біреуден кейін
дегендей тірлік етіп келе жатқан-ды.
Сәдірбайдың сорына жұмыс орны жа-
былып қалды да қысқартуға ұшырады.
Сәдірекең күрт сынды. Ішімдікке бұрын
да “кет әрі” емес еді. Енді онысын үдете
түсіп, салынып ішетін болды. Күнде
ес-түссіз көшеде құлап жататынды
шығарды. Мәржәпия да қашанғы шыда-
сын, үйде ұрыс-керіс көбейіп, отбасының
берекеті кетті.
Сәдірбай бүгін де үйге удай мас бо-
лып келді. Бір есін жиғанында әйелі
мұның жер-жебіріне жетіп, қарғап-
сілегенін естіді. Қаны кеуіп, қатты су
ішкісі келіп жатыр екен. Үш ұмтылып, ор-
нынан сүйретіліп әзер тұрды. Тұла бойы
дел-сал, басы зілдей, құдды біреу сабап
тастағандай тәлтіректей басып дәлізге
шықты. Бөшкеде тұрған мұздай судан
бақырашпен толтыра алып қақалып-
шашалып ұзақ ішті. Қалғанын басына
төңкере салды. Жан шақырып, есі кіріп
қалды.
Қайтадан үйге кіргісі келмеді. Не
істеу керек, қатты ойланды. Өлгісі келді,
өмірден бір жола түңілді. Онан басқа
жол жоқтай көрінді. Не, мұның жаны
басқалардан артық па? Кетіп жатырған
жоқ па, небір қыршындар.
Мал қора жақтан арқан тауып
алып сарайға барды. Ойы асылып өлу,
ең оңайы осы. Көп болса 5-10 минут
қиналармын, сосын бітті, мұның құлағы
тыныш болмақ. “Сволош” қатын, енді
кімді қарғар екенсің, қал енді басың
қуарып. Қатынның ең жақсысы көп бол-
са үш күн жылайды деген бар. Әй, сен
менен құтылғаныңа қуанатын шығарсың
мүмкін.
Бір көне стол тауып алып үстіне
шықты. Арқанды ілмешектеп, мойнына
салды да жоғарыдағы өрлік бөренеге, со-
сын тағы арқанға қарады. Жоқ, өле салу,
жан беру оңай емес екен, өлімнің түрі
сұмдық суық екен. Өмір деген мына жай-
нап тұрған жарық дүние қандай тәтті еді,
шіркін!
Кенет, қауашағына бір жымысқы ой
келе қалды. Мұның жер жебіріне жетіп,
итке алғысыз етіп қарғап-сілеп ала-
тын әйелін сынағысы келді. Шешініп
арқанның бір ұшын бұтының арасынан
өткізіп, бір ұшын беліне байлап киініп
алды. Бос жатқан арқанның бір шетін
мойнына орай салып тұйығын бөренеге
байлады да сарайдың терезесінен қарап
отырды.
Бір кезде үйден Мәржәпия шығып,
сарайға бет алды. Мұны күтіп отырған
Сәдірбай столды теуіп жіберді де тілін
салақтатып көзін алартып “өлді” де
қалды. Ойында ештеңе жоқ сарайға кірген
Мәржәпия күйеуінің асылып тұрғанын
көріп, ойбайлап далаға атып шықты.
Көрші-көлем де жиналып қалды.
Сәдірбайдың бөтелкелес досы Қоқым
“өлікті” арқаннан шешіп алмақшы бо-
лып жақындай бергені сол, оған жан
бітіп, Қоқымға қарап көзін қысқаны. Не
болғанын түсіне қойған Қоқым ал кеп
тарқылдап тұрып күлсін. Ойбайын са-
лып, дауыс шығарып отырған Мәржәпия
да тырбаңдап арқаннан босап жатқан
күйеуін көріп, бұрынғы әнін өзгертіп ал
келіп қарғысты қар дай бората жөнелді.
Арасында: “Жұрттың зәресін алып, о
несі әй, осындай да ойын бола ма екен”,
– дейді.
Бұл оқиғаны барлық ағайын-туыс
естіді. Бәрі ойласып, сәрсенбінің сәтінде
Сәдірбайдың үйіне жиналды. Айыпкерді
ортаға алып, көл-көсір ақыл айтылды. Бұл
өлгенде ешкімнің де ештеңесі кетіп, жері
кеңімейді. Тек мына үш баласы үшін ғана
өмір сүруі тиіс екен. Ол осыны ұқты. Бір
туысқаны жұмыс тауып беруге уәдесін
берді.
Міне, содан бері Сәдірбай арағын
қойды. Отбасының түтіні түзу ұша бас-
тады. “Адасқанның айыбы жоқ, қайта
үйірін тапқан соң” деген осы.
Жетілген БАРЛЫБАЕВ.
А
ДАСҚАННЫҢ АЙЫБЫ ЖОҚ...
Бәрекелді!
Жақында Тереңөзек кентінде белгілі қоғам
қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арнал-
ған волейболдан ХVІІІ халықаралық турнир
болып өтті. Облыс құрама командасының сапын-
да ойнаған Қ.Күлетов атындағы №92 мектептің
10 сынып оқушысы Бисұлтан Бекділда І орын
иеленді.
Ұйымдастырушылар
Бисұлтанды
арнайы мақтау қағазымен және медальмен мара-
паттады.
Мектебіміздің оқушыларын жаттықтыруда
Қазақстан Республикасының спорт және дене
шынықтыруға еңбек сіңірген жаттықтырушысы
Марат Мамаевтың қосқан үлесі зор. Қ.Пірімов
ауылындағы №92 мектеп ұжымы Марат Ма-
маев пен халықаралық турнирдің жеңімпазы
атанған Бисұлтан Бекділдаға шығармашылық та-
быс, отбасына амандық тілейді. Әрқашан биік
шыңдарды бағындыра беріңіздер.
Өзінің шебер ойынымен көптің көзіне түсіп жүрген Бисұлтан ауданымызда
өткен облыстық «Алтын күз» спартакиадасының алауын жақты.
Аймира БЕКБАЕВА,
№92 мектеп кітапханашысы.
Бисұлтанның
бір белесі
Қазалы ауданының Бозкөл ауылында ұзақ жыл есепші болып, абы-
ройлы еңбек еткен Тілеуберген атаның көкірегі толы алтын сандық
еді. Кезінде құймақұлақ қарттың газет беттерінде дүркін-дүркін жарық
көрген шежірелерін білмейтіндер кемде-кем. Мен бүгін Тілеуберген
атаның ел аузында сақталып қалған «Адам ата» деп аталатын аңыз
әңгімесін сүйікті газетімнің оқырмандарына ұсынғанды жөн көрдім.
Біздің Лақалы ауылына жақын орналасқан Адам ата бейіті туралы мы-
надай деректер бар екен. Адам атаның бейіті жатқан жердегі алқапта өте
ерте заманда үлкен шаһар болған деседі. Сол мекенді Едікәм деген әкім
басқарады. Бір күні дария тасып, мұз қатып, су көтеріледі. Содан шаһар
тұрғындары қаланы айналдыра қоршап, биік қорған тұрғызады. Бірақ
халық әбден қалжырап, аштықтан шаршайды. Ақыры қаланы су басып,
тұрғындар апат салдарынан сыртқа шыға алмай, түгел қырылады. Осы
бейіттің басындағы әлі күнге дейін өсіп тұрған тораңғыл ағашы суға ба-
тып кеткен адамдардың қанынан өсіп шыққан көрінеді. Егер ниеті түзу
адам тораңғылды сындырса, одан сүт шығады екен. Ал, пиғылы нашарларға
тораңғылдан қан шығатын көрінеді.
Бір күні Тілеуберген ақсақалдың құдасы – Тойбазар Бәйкенов, Әбжәми
Ағыбаев және Диханбай үшеуі суға түсіп алып, Адам атаның басына келіп,
құран оқиды. Содан қайтатын уақыт та болады. Бір кезде аузы жеңілдеу
Диханбай қарап отырмай:
– Мына кісі өте ірі адам болған ба? Сонда... – деп пендешілікпен қолайсыз
сөз айтады. Бұлар шошып кетіп, мініс аттарына келсе, өз көздеріне өздері
сенбейді. Манағы үш жерге бөлек-бөлек тұсап, кеткен аттардың шыңғысы
бір-бірінің көздерінен өтіп кетіп, байланып қалыпты. Бұлар қайтадан құран
оқиды. Сонда да болмайды. Ақыры аттардың жүгенін сындырып алып,
үйлеріне келгесін балтамен шауып тастапты.
Иә, құпияға толы сырын ішіне бүгіп жатқан Адам ата бейіті туралы әлі
талай аңыз әңгімелердің айтылары сөзсіз. Десек те, біздің бір білетініміз,
Адам ата – әулие болған кісі. Өйткені аталмыш бейіттің маңында әр жерде
екі-үш метрден сынып, шашылып жатқан тораңғылдардың мамыр айында
көктеп тұрғанын көзімен көргендер бар.
Нұргүл САХИ,
№93 мектептің мұғалімі,
Лақалы ауылы.
АДАМ АТА
– Ілия аға, киелі Қазалы жеріне
қош келіпсіз. Сіздің тарихи тұлғаларды
тірілтіп, өлкетану ісіне де өзіндік
үлесіңізді қосып жүргеніңізді жақсы
білеміз. Бүгін қазақ жұртына қастерлі
тұлға болған Бегім ана ескерткішінің
басында кездесіп тұрмыз. Әңгіме
әлқиссасын осыдан тарқатсақ…
– Елбасымыз: «Бүгінгі күнді түсініп-
түйсіну үшін де, болашақтың дидарын
көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз
жіберуіміз керек»,-дейді.
Досжан ақынның:
– Сөйлейін, сөйле десең ұлы дудай,
Кем ақыл бұрынғы айтқан
сөзді қумай.
Сен сұрап ұранымнан мін таппайсың,
Ұраным жауға шапқан
«Қарабура-ай»,
– деген жолдары бар. Тірісінің өзінде
аңызға айналған абыз тұлға Қарабура –
исі қазақ үшін қастерлі. Еліміздің қай
қиырына барсақ, алдымыздан ол тура-
лы аңыз шығады. Тіпті, орыс зерттеушісі
Алексей Левшин, поляк ұлтының мақтаны
Бронислав Залесский секілді белгілі
ғалымдар жазба қалдырған.
Сол Қарабура бабаның ұрпағы Бегім
ана туралы аңыз желісін Сыр жағасындағы
ағайын жақсы біледі. Аңыздың қандай
нұсқасы болсын, ол Санжар сұлтанның
жары
Бегімнің
жазықсыз
құрбан
болғандығына негіздейді. Ең құдіреттісі,
Бегім – әйел затындағы ең сұлу, таза, ары
мен жарының алдында адал жан.
Кеңес дәуірі кезінде де ғылым
академиясының мұрағатында аңыздың
жазба нұсқасы сақталған. Арада қанша
уақыт өтсе де, ешкім оны өшіре, өзгерте
алмаған. Бегім ана – Орта Азия халқының
сұлулық символы ғана емес, түркі әлемі
ғалымдарының қызығушылығын туғызып
отырған тақырып.
Ана ескерткішінің Қазалыда орна-
тылуы – тарихи құбылыс, халық тілеуі.
Сонымен қатар, Жалаңтөс баһадүр мен
Асандар көтерілісі құрбандарының да
рухына тағзым етіп жатыр. Халық арма-
нын жүзеге асырып, жұртшылық бастама-
сын қолдаған азаматтардың жұмыстарын
көріп, ризашылық пейілде отырмыз.
Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде
өткенге бетбұрыс жасалып, орталықтар
ескерткіштер галлереясына айналған.
Сыр бойының арғы-бергі тарихы жойқын
күрестерден тұрады. Бүгінгі қолға алы-
нып отырған шаруа да сол жас ұрпақтың
патриоттық сезімін оятып, ел мен жерді
сүюге ұмтылдыратын іс дер едім.
–
Патриоттық
сезім
тура-
лы
айтып
қалдыңыз.
Жалпы,
елжанды лық, отансүйгіштік сезім ді
қалып тастырудың тағы қандай жолы
бар?
– Патриоттық тәрбие беру Кеңес тік
кезеңде жүйелі жолға қойыл ған еді. Мұны
жасырудың қажеті жоқ. Әкем соғыстан
сегіз жерден жараланып оралды. Мұның
алдында бірнеше жыл «байдың ұрпағы»
деген желеумен қудаланса да сол кездегі
мемлекеттік саясатқа қарсы келмейтін.
Менің айтпағым, өткенді көксеу емес,
бізді тәрбиелеген ән екендігі. Ән –
болашақ ұрпақтың киелі бір тірегі іспетті.
Ел болудың, тұтастығымызды сақтаудың,
ұлт болып өмір сүрудің жарқын үлгісі.
Халқымыз жүріп өткен жолда оның діті
мен ділі, бүкіл қайғы-қасірет, шемен шері,
қуанышы мен қызығы, бүтін болмысын
бізге бұзбай жеткізетін құндылықтың
бірі осы ән. Ән халық арасына тез тара-
лады, әуезді иіріміне баулып, санаға оңай
сақталады.
– Сіздің есіміңіз айтылғанда «Фе-
номен» ұғымы қатар жүреді. Жазу-
шы, композитор, өнер зерт теушісі,
драматург, фольклоршы секілді бір
бойыңызға бірнеше өнер тоғысуының
сыры неде? Қанмен келген қасиет пе
әлде өмірлік тәжірибе жетістігі ме?
– Жасымыздан халық музыкасына
қанығып өстік. Бес-алтылар шамасында
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Алпамыс»
сияқты жырларды жатқа айтатынбыз.
Қазақы қайнар тәрбие бізді жан-жақты
болуға, ізденістен талмауға, алға қойған
мақсатқа жетуге ұмтылдыратын қабілет
дарытты. Өнердің қай түрі болса да жүрегі
жұмсақ адамға жат емес. Мұның бір қыры
текте жатса керек.
– Суретші Ілия Жақанов тура лы
айтып өтсеңіз. Бұл сіз меңгерген маман-
дықтың бірі ме, әлде хоббиіңіз бе?
– «Бесіктен бейітке дейін білім ізде»
деген. Суретшілік алғаш хоббиім бол-
са, қазір келесі маман дығыма айнал-
ды. Бұрын да бойымнан осы өнерге де-
ген жақындықты байқайтынмын. Алай-
да, қай істе де сол саланы жетік меңгеру,
игеру керектігін ұқтым. Осылайша Ха-
лел Досмұхамедов атындағы Атырау
мемлекеттік университетіне құжат тапсы-
рып, 78 жасымда суретшілік мамандықты
меңгеріп шықтым. Менің дипломдық
жұмысым «Жерұйық» атты топтамам бол-
ды. Онда Алтай мен Атыраудың арасын
жайлаған қазақ даласы майлы бояуда бе-
дерленген. Мұнан өзге бұл жанрда сезім
толқынысынан туған түрлі тақырыптағы
туындыларым бар.
– Күрделі музыкалық шығарма-
ларыңыздан өзге тұтас бір қоғамды
әуезділігімен баураған «Еділ мен
Жайық», «Жайлаукөл кеш тері», «Әсе-
лім» секілді әндерді қазақ тыңдар-
мандары сағынды деп ойламайсыз ба?
– Музыка жазуды тоқтатқаным жоқ.
Қазіргі уақытта да саз өнерінен алыста-
май, ертеңгі буын білуге тиіс жайлар-
ды жеткізуді мақсатыма айналдырып,
білген-түйген, зерттеп-зерделеген тақы-
рыптарыммен айналысу демын. Соң ғы
жаз ған кітабым «Бір кезде Ақан едім
аспандағы...» деп аталады. Ол кітапта
Құлагерді Батыраш емес Барақбай
өлтіргендігі, ал Балқадишаның сек-
сен бестегі шалға емес, өз сүйгеніне
қосыл ғандығы айтылады. Бұл менің
шығарғаным емес, Мағжан жазған. Мен
соны жаңарттым.
– Сүбелі сұхбатыңызға рахмет!
Әңгімелескен
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА.
Өткен аптада аудан орталығы Әйтеке би кентінде
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған дүбірлі той өтті.
Маңызды шарада жазушы, композитор, өнер зерттеушісі,
драматург, Қазақстан және Қырғызстанның еңбек сіңірген
мәдениет қызметкері, Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері Ілия Жақановпен сұхбаттасудың орайы
туды. Біз өнер майталманы, Алашқа ортақ азаматтың
бүгінгі ұрпақ тәрбиесі туралы пікірлерін көкейге түйіп,
оқырмандарымызға жеткізуді мақсат тұттық.
Ілия ЖАҚАНОВ:
«Жетпіс сегіз жасымда
суретші мамандығын алдым»
Құтты болсын бүгінгі алтын тойларың,
Бірге самғап арман-тілек, ойларың.
Үлгі болып үлкенге де, жасқа да
Болашаққа татулықпен бойладың.
Бағалатар күндеріңді әр атқан,
Болмыстарың беретіндей дара ақпар.
Алтын емес, жақұт тойын тойлауды
Нәсіп етсін екеуіңе жаратқан.
ТІЛЕК БІЛДІРУШІЛЕР:
бауырлары.
Құтты болсын бүгінгі
алтын тойларың
Саналы ғұмырларында жүректері жарасым, көңілдері
үндестік тауып, бүгінде отасқандарына 50 жыл толып, «Ал-
тын тойларын» тойлағалы отырған ардақты жездеміз
Қасымхан Мәшенбаев пен сүйікті апамыз Зада
Келмағамбетқызын қуаныштарымен құттықтаймыз.
Бірі ішкі істер, бірі сауда-саттық саласында абы-
ройлы жұмыс істеп, бүгінде балалары мен олардан
өрбіген ұрпақтарының ортасында бейнетінің зейнетін
көріп отырған абзал жандарға денсаулық, бақыт,
өмірдің барлық жақсылығын тілейміз.