Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады.
Дарынды балалармен жұмыс істеу дарындылықты айқындаудан басталады. Ол үшін алдымен бала бойындағы қабілеттікті, бейімділікті тани білуіміз қажет. Ғылыми зерттеулерде баланың әр кезіндегі қабілеті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен белгілі бола бастайтынын дәлелдеген.
Қабілет-дәреже әр адамда әр түрлі денгейде болады. Іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің түрін дарындылық деп атайды. Біреулер «Дарындылық - іс-әрекеттің белгілі бір салада ерекше жетістіктерге жетуге жағдай жасайтын, адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі» десе, енді біреулер «Дарындылық үш қасиеттің – ортадан жоғары ақыл-ой қабілеттілігі, шығармашылық жол таба білу және мақсатқа құштарлықтың үйлесімділіг» дейді (америкалық педагог Дж.Рензулли).
Ал педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық - белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Белгілі психолог Н.С.Лейтестің айтуынша: «Дарынды бала - бұл белгілі бір салада жетістіктері айқын көрінетін немесе сондай жетістіктер әлеуеті мол бала». Дарындылық – қабілеттердің жиынтығы, қызметтің бірнеше түрінен көрнекті нәтижеге жеткен, қоғамға пайдалы ісімен көзге түскен жеке адам.

Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп тұжырымдады. Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.