Жоспар-кестеде жылдық 102 сағаттың тоқсандық сабақ сандарына, спорт түрлерінің сағаттарына бөлінуі көрсетіледі.
Әр сабақтың жоспар материалдары сыныптардың тоқсандық жоспарларынан алынады
Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар.Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан, пәнге қызығушылықтарын арттыру мақсатында тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады.
Мұғалім сабақты тартымды етіп өткізу үшін теория мен практиканы ұштастырып, жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігіне баса назар аудару қажет.Оқушылар қабілетін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі жаттығуларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арасындағы бәсекелестікті және өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады. Осылай ойын элементтерін, әдістерін деңгейлеп орындату арқылы оқушылардың тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын «даму мониторингі»кестесін белгілей отырып, оқушы біліміне талдау жасап отыру қажет
ә) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мәселені зерттеу а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою Сабақтың құрылымы: б) ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау Дене тәрбиесінің барлық әдістері:
арнайы (тек қана дене тәрбиесі процесіне тән) және
жалпы (дидактикалық білім беру және тәрбие бағытында қолданылатын) болып екі топқа бөлінеді
Дене тәрбиесінің арнайы әдістері: а) қатаң шектелген жаттығулар әдістері
ә) ойын әдісі
б) жарыс әдісі
Дене тәрбиесінің жалпы әдістері: а) сөзді қолдану әдістері
ә) көрнекілікті қолдану әдістері