№9 Дәріс Тақырып: Дәнекер ұлпалар


-сурет.  Ретикулалық дәнекер ұлпасы



Pdf көрінісі
бет10/10
Дата25.11.2023
өлшемі2,19 Mb.
#126297
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1-сурет
Ретикулалық дәнекер ұлпасы: 
1
—ретикулалық талшықтар,
2
—ретикулалық клеткалар. 


Ретикулалық ұлпаға фагацитоз тән. Көк
бауыр мен лимфа бездерінің ретикулалық ұлпасы 
арқылы үнемі қан мен лимфа өтіп тұрады.
Сондықтан ретикулалық клеткалар бөгде
белокпен бірінші болып кездесіп, оны ұстайды да 
макрофагтарға
айналады.
Мұндай қасиет бүйректің, бүйрек үсті бездердің 
және көптеген басқа бездер капиллярларындағы
эңдотелийге тән.
Жалпы корғаныш касиеттері бар дәнекер 
ұлпасының барлық элементтерін бір тұтас аппаратқа 
біріктіріп,
ретикулоэндотелиалдық
жүйе деп атайды.
Бұл жүйе организмде қорғаныш қызметін 
атқарады



Қан — трофикалық және қорғаныш функцияларын 
атқаратын сүйық дәнекер ұлпа. Ол пішіндік элементтер 
мен плазмадан тұрады. 
Пішіндік элементтерге эритроцит (гректің
эритрос — қызыл), лейкоцит (гректің лейкос — ақ) 
клеткалары жатады.
Плазмада қан пластинкалары (тромбоциттер) 
болады. Олар тұтас клеткалар емес, мембранамен 
қапталған цитоплазманың бөлігі. 
Бұлар сүйек майында өте ірі клеткалар — 
мегакариоциттердің ыдырауының нәтижесінде пайда 
болады. Қан пластинкаларында ядроның құрылымды 
бөліктері болмайды.


Эритроциттер мен пластинкалар қызметтерін 
тікелей қанның ішінде, ал лейкоциттер өздерінің әр 
түрлі міндеттерін қанда емес, дәнекер ұлпасында 
атқарады. 
Эритроциттерді 1673 ж. Левенгук ашқан. Бұлар 
қанның негізгі клеткалары. Лейкоциттерге қарағанда 
500— 1000 есе көп. Ер адамның 1 мм
3
қанында 5 
миллионға жуық, әйелдерде 4—4,5 миллион 
эритоциттер болады. Адам организміндегі 
эритроциттердің саны орташа есеппен 25 триллион.


Эритроциттердің саны организмнің жынысына, 
жасына, физикалық күйіне, жердің биіктігіне, жыл 
маусымына және басқа факторларға байланысты өзгеріп 
отырады. 
Жаңа туған нәрестелердің 1 мм³ қанындағы 
эритроциттердің саны 6—7 миллионға жетеді. Содан кейін 
азаяды, 10—11 жаска келгенде қалпына келеді. 
Ер адамдар қартайған кезде қайтадан көбейеді,
себебі олардағы гемоглобин азаяды. 
Эритроцит құрамының 66 проценті су, 33 проценті 
гемоглобин белогы. Гемоглобин - глобин мен пигмент 
гемнен түрады. Сонымен бірге эритроциттерде басқа 
белоктар, атап айтқанда, ферменттер және липидтер 
болады. Эритроциттер оттегін тасымалдауға бейімделген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет