№9 Дәріс Тақырып: Дәнекер ұлпалар



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата25.11.2023
өлшемі2,19 Mb.
#126297
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
 
Коллагенді талшық
дәнекер ұлпаға мықтылық қасиет 
беретін, әртүрлі бағытта, немесе ретімен орналасқан қалыңдығы 1-
3 мкм, ал ұзындығы әртүрлі болып келетін фибриллярлы белок. 
Тармақталмайды, бірнеше талшықтар қосылып шоғыр түзейді. 
Пісірген кезде алдымен ісінеді, сонан кейін еріп, желімге 
айналады. Осы қасиетіне қарай коллагенді деп атаған.
Эластинді талшықтар
эластин белогінен түзілген, 
физикалық қасиетіне қарай бұларды эластикалық немесе серпінді 
талшықтар деп атайды. Серпінді талшықтардың қасиеттері 
коллагендік талшықтарға карама-қарсы. Олар өте созылмалы, оңай 
үзіледі және шоғыр құрамайды. Құрамында микрофибриллалар 
мен аморфты компоненттер бар. Пісіп жетілген эластин 
талшықтарының құрамының 90% аморфты компонент, 10% 
эластин белогы. 


 
Ретикулалық талшықтар
жай әдістермен өңдегенде 
нашар байқалады. Дәнекер ұлпаны күмістің тұздарымен өңдегенде 
жақсы көрінеді, сондықтан 
аргирофилдік
талшықтар деп аталған. 
Бұл талшықтар өте жіңішке, қысқа, жиналған кезде тор түзеді, 
ретикулалық (ретикула — тор) деп аталуы осы қасиетіне 
байланысты. Борпылдақ дәнекер ұлпасы талшықтарының 
арасында, құрылымы жоқ негізгі заттар болады. Оны жасуша 
аралық заттардың 
аморфты
компоненті 
дейді

Аморфты зат 
ұлпалардың
 
тіршілігінде маңызды рөл атқарады және жоғары 
молекулалық қышқыл мукополисахаридтерден, гепариннен, 
гиалурон және хондроидтин күкірт қышкылдарынан тұрады.


РЕТИКУЛАЛЫҚ ҰЛПА
«Ретикулум" - тор деген сөзден шыққан.
Құрылысы жағынан мезенхимаға ұқсас. Клеткалары
тармақтарымен байланысып тор құрайды (1-сурет). Тордың 
қуысында ұлпалық сұйық зат пен көп мөлшерде қан 
клеткалары да кездеседі.
Ретикулалық ұлпанын мезенхимадан айырмасы 
клеткалардың бетінде орналаскан коллаген белогінің 
фибриллалары мен фибриллаларды байланыстыратын 
аморфтық, клетка аралық заттың ішінде ретикулалық 
талшықтар болады.
Ретикулалық талшықтар коллагендік талшықтардан амин 
қышқылдарының сандық қатынасы жағынан ажырайды 
және оларда липиттер көп болып, 
қышқыл мукополисахаридтер болмайды. 
Ретикулалык ұлпа организмінің көптеген жерінде, 
әсіресе сүйек майында, көк бауырда, лимфа бездерінде,
ішектің кілегейлі қабықшасында, тамақтың бадамша 
бездерінде көп болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет