№9 Дәріс Тақырып: Дәнекер ұлпалар


май жиналады. Сүтқоректілер мен адамда май



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата25.11.2023
өлшемі2,19 Mb.
#126297
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
май жиналады. Сүтқоректілер мен адамда май 
ұлпасының екі түрі бар: 
ақ және қоңыр. 
Май 
жасушалары ірі 30 – 50 мкм, домалақ, ортасында 
үлкен май тамшысы орналасқан, ядросы шетке 
ығысқан, сондықтан пішіні сақина тәріздес. Ақ май 
ұлпасы адамда бүйрек майында, санда, бөкседе, 
шарбыда, құрсақтың төменгі бөлігінде орналасады. 
Қоңыр май жаңа туған нәрестелерде және қысқы 
ұйкыға кететін сүтқоректілерде байқалады. Қоңыр 
май ұлпасы ересек адамда кездеспейді, ал 
сүтқоректілердің жауырын аймағында, мойынында, 
омыртқа жотасының бойында, төсте, қол белдеуінің 
бұлшық еттерінің арасында орналасады. 


Май ұлпасының қоңыр түсті болуы ұсақ қан 
тамырлар торы мен цитохром пигменттерінің көп 
болуына байланысты. Майдың ыдырауынан көп 
мөлшерде энергия мен су бөлінеді, яғни май ұлпасы 
макроэнергия синтезіне қатысып, ағзадағы судың 
депосы да болып табылады. 
 Адам ашыққан кезде іш майын, тері астындағы 
және бүйрек майын жоғалтады. 
Сондықтан май жасушаларының ішіндегі 
талшықтар жойылып, жасушалардың пішіні 
өзгереді. Май ұлпасы ішкі мүшелерді соққыдан 
сақтайды, организмдегі жылудың сақталуын 
қамтамасыз етеді.


Май ұлпасы


 
Ұлпалық базофильдер 
(лаброциттер, 
гепариноциттер) адам мен сүтқоректілердің 
борпылдақ дәнекер ұлпаларында, көмекей безінде, 
бауырында, алқым безінде, жатыр қабырғасында, 
сүт бездерінде, асқорыту жолының кілегей асты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет