№9 Дәріс Тақырып: Дәнекер ұлпалар


меланиннің ұсақ түйіршіктері бар. Пигменттік жасушалардың



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата25.11.2023
өлшемі2,19 Mb.
#126297
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
меланиннің ұсақ түйіршіктері бар. Пигменттік жасушалардың 
бір түрі пигментті өздері синтездейді, оларды - 
меланоциттер
 
деп атайды. Екінші түрінің фагоциттік қабілеті болғандықтан, 
дайын пигментті жұтып құрамына енгізеді. Пигементтік 
жасушалар көздің тамырлы және түсті қабаттарында, емшек 
ұшының маңында және басқа жерлерде де байқалады . 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аксолотл терісіндегі 
хроматофор пигмент 
түйіршіктерімен 
толған. 
1 – жасуша ядросы, 
2 – пигмент 
түйіршіктері. 
 
 


Борпылдақ дәнекер ұлпаның жасуша аралық заттары 
аморфты немесе 
негізгі заттан және коллагендік, эластиндік, ретикулалық талшықтан тұрады. 
Аморфты зат гель тәрізді сұйық құрылым, жасушалар мен 
талшықтардың арасын толтырады. Оның негізгі компоненті 
полисахаридтердің комплекісі – қышқыл мукополисахаридтер (гиалурон 
қышқылы, гепарин, хондроитин күкірт қышқылы) мен аздаған мөлшерде 
нейтральдық мукополисахаридтер және бейколлагендік белоктар да 
кездеседі, қоймалжың субстанция, интегратты – буферлі жүйе деп аталады.
Дәнекер ұлпасының әртүрлі бөліктеріндегі негізгі заттың мөлшері 
біркелкі болмайды. Қылтамырлар мен ұсақ тамырлардың маңында және май 
қабаттары бар бөліктер мен ретикулалық жасушаларға бай ұлпаларда негізгі 
зат аз болса, ал шығу тегі басқа ұлпалардың шекарасында (эпителиймен 
шектелген) негізгі зат көп болады. 
Аралық заттың күйі мен құрылысы түрлі жағдайларға 
байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, оның өткізгіштігі өзгереді.
Негізгі зат заттардың алмасуында маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге 
бактериялардың организмге таралуына кедергі болады. Негізгі затта 
коллагендік , ретикулалық және эластиндік талшықтар орналасқан. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет