3.Жиырғыштық
.Қозу толқынына жүрек еті жиырылумен жауап береді.
Жиырылу деп ет талшықтарының ұзындығының қысқаруын немесе кернеу
күшінің (тонус) артуын айтады. Жүрек еті бүлшық еттермен салыстырғанда
шабандау - баяуырақ жиырылады.
•
4.Автоматия
.Жүрек етінің сыртқы өсерсіз тек ағзаның өзінде туындайтын
қозу толқындарының ықпалымен жүмыс істеу қабілетін жүрек
автоматиясы дейді. Жүрек автоматиясы өткізгіш жүйенің қызметіне
байланысты.
5.Рефрактерлік
- қозу үстіндегі жүрек етінің тосын тітіркендіргішке жауап
бермейтін қасиеті. Рефрактерлік кезең үш сатыға бөлінеді. Олар абсолютгік
(толық) рефракгерлік, салыстырмалы рефракгерлік жөне экзальтация
(лепілдеу) сатылары. Систола кезінде жүрек еті-нің қозғыштық қасиетінің
жойылуын толық рефрактерлікдеп атай-ды. Бүл сатыда жүрек еті ешбір
тітіркендіргішке жауап бермейді. Жүрек еті босаңсый бастағанда (диастола)
оның қозғыштық қасиеті өзгеріп, күшті тосын тітіркендіргішке елсіз жауап
алынады. Бүл са-тыны салыстырмалы рефрактерлік деп атайды. Осыдан соң
жүрек тынымы кезінде жүрек етінің қозғыштығы күшейеді - экзальтация
сатысыбасталады. Қалыпты жағдайда абсолюттік рефрактерлік сис-тола
кезеңін толық және диастоланың алғашқы сатысын қамтиды. Рефрактерлік
қасиеттің болуымен байланысты жүрек жүмысының ырғағы сақталып, тетанус
(қарысу) орын алмайды. Қан тамырларына айдалады және артерия мен вена
жүйелерінде қысым айырмашылығы пайда болады. Бүл қанның тамырлармен
жылжуын қамта-масыз етеді. Жүрек еті босаңсыған кезде жүрек
қуыстарындағы қысым күрт төмендеп, қан веналардан жүрекшелерге
сорылады, ал жүрекшелер жиырылғанда қан қарыншаларға қүйылады.
Босаңсыған жүрек еті біраз уақыт тыныштық күйде болады, оны журек
Достарыңызбен бөлісу: |