а) Тақырыпты мақсатына сай зерттеп оқыңыз. Екі шығарманы салыстырыңыз. Мәтіннің негізгі ойы қандай? Тақырып бойынша ұсынылған мәтіндермен танысып, талдау нәтижесін кестеге жазады.
ХVІІ ғасырдың соңындағы Еділ мен Жайық өзендерінің айналасындағы шұрайлы жайылым жерлерінен айырған патшалық Ресейдің қазақтарды отарлау саясаты туралы. Міне сондай кезде орыстың отарлық саясатына ең алғаш болып қарсы шыққан батыр, би әрі шешен Сырым Датұлы болды. Сырым бастаған көтерілісте 7 мыңға жуық әскер болғандығы айтылады.
Ақынның «Бәйтерек» поэмасы Тәуелсіздіктің қымбат екенін, осы жолда қаншама саңылақтарымыздың топшысы қиылғандығын сипаттап, ұлтқа
рух береді.
«Бәйтерек» поэмасы арқылы ақын қазақ елінің өткені мен бүгінін жырға қосып, ертеңіне сенім артады. Жас ұрпаққа Тәуелсіздік символына айналған Бәйтеректің, Тәуелсіздіктің мәңгі жасауын аманаттайды.