Білім беру ұйымының атауы
|
|
Пәні:
|
Қазақстан тарихы
|
Бөлім:
|
9.3Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991 – 1996 жылдар)
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 9
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы мемлекеттілікті қалыптастырудағы іс-шаралар.
Зерттеу сұрағы: 1995 жылғы жаңа Конституцияны қабылдаудың тарихи маңызы неде?
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
9.3.1.8 Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық – саяси дамуын талдау;
9.3.1.6 Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылау;
9.3.1.3 Қазақстан Республикасы Конституциясын мемлекеттің тұрақты дамуның кепілі ретінде бағалау
|
Сабақтың мақсаты
|
Қазақстан Конституциясының тарихи маңызын анықтау
Жаңа Конституцияның қоғамдық құрылыстың түбегейлі өзгеруіне тигізген себебін тұжырымдайды.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
|
Ынтымақтастық атмосферасын құру.
Президент Қ. К. Тоқаевтың ант беру рәсімінен сурет ұсынамын.
-Бұл сурет жайлы не айта аласыз?
-Суреттегі президенттің іс-әрекетіне қарап, қандай қорытынды жасауға болады?
Сабақтың мақсаттарын және бағалау критериилерін оқушылармен бірге талдаймын.
|
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
|
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
|
Тақырып
тық суреттер
|
Жаңа білім
|
Оқушыларға алдын-ала 1993 және 1995 жылғы Конституциялар бойынша ықшамдалып жасалған ақпарат ұсынамын. Ақпарат бойынша ұсынылған кестені толтырады. Оқушыларға берілетін кестенің үлгісі:
|
Қабылдану алғышарттары
|
Қонституция құрылымы
|
Мәні,
маңызы
|
1993 ж. Конституция
|
|
|
|
1995 ж. Конституция
|
|
|
|
Мәтінді оқып шығып, GROW талдауы арқылы бағалау.
1.Мақсат (Goal) – Конституцияның қабылдану мақсатын анықтау
2.Шынайылығы (Reality) – жүзеге асырылуы (ағымдағы жағдайды талдау)
3.Опциялар (Options) – (мәселенің күшті әлсіз жақтарын анықтау)
4.Қорытынды (What) – қорытынды жасау, ұсыныс, шешімдерді көрсету.
|
Дескриптор:
1.Конституциялардың қабылдану алғышарттарын анықтайды
2. Конституция құрылымдарын жіктейді.
3. Мәні мен маңызын талдайды
Дескриптор:
1.Конституцияның қабылдану мақсатын анықтайды
2.Жүзеге асырылуы мен ағымдағы жағдайды талдайды
3.Конституцияның күшті және әлсіз тұстарын қарастырады
4.Қорытынды жасау, қоғамның игілігі үшін тиімді оң өзгерістер әкеле алатын ұсыныс беру, шешімдерді көрсету
|
|