Психодиагностиканың 50-60 жылдары Рессейде даму жағдайы және оның сол кезеңдегі уақиғалармен байланысы жөнінде тарихи түсінік беру.
Психологиялық тестілеудің дамуы мен қалыптасуында Ресей психологтарының да қосқан үлесі зор. Революцияға дейінгі Ресейде ХХ ғасырдың басында тесттер танымал болды. Осы уақытта тестке көп көңіл бөлген педагогтар да болды, себебі олар тесттердің көмегімен оқушылардың қабілеттілік деңгейі жөнінде, тұлғалық ерекшеліктері жөнінде мәліметтер жинақтап, психикалық дамуын болжап және бағалауды жүзеге асырамыз деп ойлады. Мектептерде оқушыларды эксперименталды-психологиялық тексеру мақсатында кабинеттер ұйымдастырылды. Психология дамуындағы табиғи-ғылыми бағытты жақтаушылар (А.П.Нечаев, Н.Е: Румянцев, Г.И. Россолимо) тестілеу идеясын таратуға белсенді әрекет етті, тесттерге үлкен үміт артты.
Ресейде психологиялық тестілеу жөнінде еңбектер 1917 жылға дейін әйгілі психолог және психиатрлар Г.И. Россолимо және Ф.Е. Рыбакова есімдерімен байланысты.
1908 жылы Г.И. Россолимо жалпы қабілеттің даму деңгейін өлшеуге арналған шкаланы басылым етіп шығарады, бұл шкала психология мен психодиагностика тарихына «Психологиялық профильдер» атауымен енді. Автордың ойынша тесттің негізгі мақсаты – қалыпты балалардың дамуын әртүрлі деңгейде ақыл-ойында ауытқушылықтары бар балалардың дамуынан айырмашылығы бар екенін критерийлер арқылы өңдеу. Бұл мақсатты шешу үшін тестті 11 субтесттен құрастырды (11 субтест 11 психикалық процесті зерттеуге негізделеді және олар бес топқа жинақталады: зейін, қабылдау, ерік, есте сақтау, ассоциативті процестер) және бұл субтесттердің көмегімен алынған мәліметтер профиль түрінде берілді. Тапсырмалар зерттелушілер категорияларына байланысты (балалар, интеллигентті ересек адамдар, интеллигентті емес ересек адамдар) бөлінді. Бірінші рет профильдер графикалық тілден арифметикалық тілге ауысты. «Профильдер» ғылыми қоғамдастықтың жағынан жоғары бағаға ие болып, көптеген тілдерге аударылды.
Ф.Е. Рыбакованың кеңістікті қиялдың даму деңгейін анықтауға арналған зерттеулері де қызықты. «Рыбаков фигуралары» әлемге әйгілі болды, оған ұқсас көптеген тесттер жасалды. Мысалы, 1955 жылы Р.Мейли ұсынған интеллект тесті.
Революцияға дейінгі Ресейде тесттер жасалып, өңделгенмен, қолданылуы мен дамуы шетелде (көбіне басқа авторлардың есімдерімен) жүзеге асты.
1912 жылы Г.И. Челпанов «психологиялық тесттердің тек қана ғылыми мәні бар, тек ғылыми зерттеулерде ғана қолданады, бірақ практикалық мақсатта қолдануы мүмкін емес» деп айтты. Челпановтың бұл пікіріне сүйенсек, тесттер тек адамның жеке көрінулері мен қасиеттері жөнінде мәлімет береді, бірақ бұл алынған мәліметтерді ұзақ уақыт тесттік емес әдістермен дәлелдеу қажет.
Кеңестік кезеңде 1920-30 жылдары практика жүзінде тесттер кең түрде қолданыла бастады. Психологиялық тестілеу саласында еңбектенген ғалымдар:
Украинада өздерінің новаторлық зерттеулерін А.М. Мандырка мен М.Ю. Сыркин басып шығарды. Бұл ғалымдардың жұмыстарында психологиялық тестілеудегі статистиканың теориялық аспектілерін ашуға үлкен көңіл бөлінеді (Мандырка), сонымен қатар тесттердің нақтылық критерийлері мен алынған мәліметтердің әлеуметтік факторлармен байланысына көңіл бөлінеді (Сыркин). Осы уақытта психодиагностика дамуында Выготскийдің де үлесі зор болды. Ол психологиялық диагноз туралы, оның ерекшеліктері мен кезеңдері туралы ілімі әлі де маңызын жойған жоқ.
Тестке қарсы шыққан ғалымдар: К.Н. Корнилов, А.В. Залкинд, С.С Моложавый, Н.К. Крупская. Тесттерге қойылған қатал қарсылықтардың негізгі себебі, тесттердің көмегімен зерттелген балалардың көбі ақыл-ой жағынан қалыс қалған болып шықты. 1920 жылы жүргізілген зерттеулер арқылы балалардың интеллектік даму деңгейінде ұлттық және әлеуметтік айырмашылықтар бар екендігі анықталды. Өзбекстан балаларының интеллект деңгейі Ресей мен Украина балаларының интеллектуалдық деңгейіне қарағанда көп төмен болған. Бұл балалардың интеллектуалдық қалыс қалуының себебі: қиын әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, физиологиялық даму ерекшеліктері. Орта Азия балалары ғана емес, сонымен қатар славяндық жұмысшылар мен шаруалардың балаларының да интеллектуалдық дамуы төмен болды. 1920 жылы зерттеулер көрсеткендей, Кеңестік кездегі балалардың IQ деңгейі американдық балалармен салыстырғанда 7 % төмен болған. Сонымен қатар, басшы қызметкерлердің балаларының IQ деңгейі жұмысшы балаларына қарағанда жоғары болған.
1935-41 жылы соғыс алдындағы кезеңде ақыл-ой дамуы диагностикасында «сапалық ыңғай» қарастырылады. Мұндай ыңғай қабілет процесін сәйкес іс-әрекетті орындау үстінде зерттейді. Сапалық диагностика салыстырмалы түрде тар міндеттерді шешуде тиімді болып табылады, ол лабораториялық жағдайларға бағытталуына байланысты практика сұраныстарын өтеуге бейімлелмегендіктен тесттерді ауыстыра алмаған.
СССР кезіндегі дифференциалдық-психологиялық зерттеулер «жеке ерекшеліктердің пайда болуы мен дамуы туралы күрделі теориялық негізі жоқ» деп танылды. Интеллект факторы немесе жеке қасиеттердің өмір сүруі жөнінде шын дәлелдеулер үшін дифференциалды психология мінез-құлықтың психофизиологиялық көрінулерін тіркеп отырады (Теплов, Небылицын) Сонымен, Б.М. Тепловтың көзқарасы бойынша тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктері интеллект тесттер көмегімен кездейсоқ жағдай ретінде анықталуы керек. Олар жеке ерекшелік болып есептелмейді, егер олар жүйке жүйесі қасиеттерімен байланысы анықталып, «мінез-құлықтық» (нейродинамикалық) көрінуінің тұрақтылығы қарастырылмаған болса.
1980 жылдары психодиагностиканың жалпы және жеке мәселелері жөнінде пікірлер әлі де жалғасты. Е.Т. Соколова, В.С. Аванесов, М.М. Кабанов, Б.В. Кулагин, Л.Ф. Бурлачук, Б.Г. Херсонскийдің кітаптары шықты. Әрбір кітап психологтардың қызығушылығын туғызды, практика жүзінде танылды. Студенттерге арналған оқу құралдары, мамандарға арналған анықтама-сөздік жарыққа шықты. Бұл жұмыстарда тестілік материалдардың дифференциалды-психологиялық өлшеулермен байланысты жүзеге асады, бұл психодиагностиканың ғылым ретінде қалыптасуына зор үлесін қосты.
Оригинальды әдістемелерді жасау жолында бірінші қадамдар жасалып, олар қазіргі психологиялық зерттеулерде белсенді қолданылып жүр. (А.Е. Личко, В.М. Мельников, Ямпольский, Акимова, Столин,т.б. ) Осы жылдары психологиялық тесттерді жасаушылар мен қолданушылар басшылыққа алатын этикалық нормаларды жасауға үлкен көңіл бөлінді.
1980 жылдардың соңында психодиагностикада зерттеудің негізгі салалары анықталды, жылдар өте келе ғылымда жалпы психодиагностика деп аталатын мәртебеге ие болды. Арнайы психодиагностика салаларына мыналарды жатқызуға болады: клиникалық, кәсіби, спорт және педагогикалық. Осы салалардың бәріне диагностикалық тесттердің компьютерлік нұсқалары енгізілді. Осы уақытта жалпы психодиагностиканың шекарасы да кеңейе бастады, мұнда қазіргі есептеу техникаларының мүмкіндіктерін есепке ала отырып, диагностикалық құралдардың қолданылуы мен тиімділігін бағалау жөнінде мәселелер қарастырылды.
СССР құлдырағаннан кейін ХХ-ғасырдың соңғы 10 жылдығында психодиагностиканың дамуы тұрып қалды. 1960 жылдар СССР кезіндегі психодиагностика дамуының негізгі шыңы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |