Тұлғаның құрылысының сыңарын ата Психологиялық әдістеменің белгілі бір типін білдіру үшін проекция ұғымын алғаш рет 1939 жылы Л.Франк қолданды. Ол тұлғаны проективті зерттеудің негізінде жатқан 3 негізгі принципті көрсетті:
тұлға құрылымында немесе ұйымындағы әмбебап бағыттылығы. Дәстүрлі психометриялық процедураға қарағанда, тұлға қабілетпен белгі тізбегі ретінде емес, өзара байланысты процестер жүйесі ретінде қарастырылады.
Проективті тұрғыда тұлға қажеттілік, эмоция және жеке тұлғалық тәжірибе негізінде ұйымдасқан динамикалық процестердің салыстырмалы тұрақты жүйе ретінде қарастырылады
Бұл индивид өмірі барысында әрдайым белсенді тұрақты әрекет етеді, «индивидтік ішкі әлемі жүйесін құрады, бағыттайды,бұзады, өзгертеді және аударып отырады». Әр бір жаңа әрекет индивидтің әрбір эмоция көрінісі, оның қабылдауы, сезім, сөйлеу, қозғалыс акті, тұлға белгісін көрсетеді. Бұл үшінші және негізгі теоретикалық жағдай, әдетте «проективті болжам» деп аталады.
Барлық проективті әдістеме үшін ортақ белгі болатын:
анықтамалғандық, қолданыс стимулдардың әр мәнді болмауы
зерттеуші жауабын «дұрыс» және «қате» ретінде бағалаудың болмауы
Л.Франк проективті әдістеменің классификациясын (жүйесін) жасады:
конститутивті зерттелушіне қандайдаараморфты материал ұсынылып, оған мән беруге тиіс
конструктивті. Безендірілген ол бөлшектер ұсынылады да (адам және жануар фигурасы, өмір сүру орнының моделі) одан мағынаға не тұтас нәрсе жасап және түсіндіру қажет.
интерпретативті. Қандайда болмасн бір жағдаят немесе жаңалыққа интерпрецация жасап, талдау қажет. Тақырыптық апперцепция тесті – осы әдістеме түрінің жақсы мысалы.
катартикалық – ерекше ұйымдастырылған жағдайда ойын іс-әрекетін жүзеге асырылу ұсынылады.
рефрактивті. Тұлға ерекшеліктерін жасырын мотивтерді зерттеуші қарым-қатынас тәсіліне мысалы сөйлеу, жазу сияқты еріксіз өзгерістер бойынша диагностикалауға тырысады.
экспрессивті. Зерттелушінің еркін немесе тапсырылған тақырыпқа сай бейнелеу іс-әрекетін жүзеге асыру, «үй-ағаш-адам» әдістемесі.
импрессивті. Бұл әдістеме ұсынуға тізбектегі стимулды таңдау нәтижесін зерттеуге негізделген. Зерттелуші өзінің қалаған, ұнаған стимулын таңдайды.
Аддитивті. Бұл әдістемеде зерттелушіден бастамасы бар сөйлемді әңгіме немесе тарихты аяқтау талап етіледі.