90.Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы. Ф. И. Голощекиннің кіші қазан саясаты


Білім және ғылым жүйелеріндегі реформалар.БОЛАШАҚ БАҒДАРЛАМАСЫ



бет19/21
Дата26.12.2023
өлшемі74,92 Kb.
#143989
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
113.Білім және ғылым жүйелеріндегі реформалар.БОЛАШАҚ БАҒДАРЛАМАСЫ.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім»Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1993 жылы 5 қарашадағы № 1394 қаулысымен құрылды. Бағдарламаның құрылуына уақыт талабы ықпал етті. Мемлекетіміз тәуелсіздігін енді алып, экономикада еркін нарықтық қатынастар жолына, демократия және әлемдік қоғамдастыққа толық ену жолына шықты, бұл өмірге көптеген реформаларды әкелуді талап етті. Кез келген реформаны өткізу өздеріне берілген міндеттерді орындауға қабілеті білікті кадрлардың болуын талап етеді. Кеңестік кеңістігіндегі мемлекеттер тарихында тұңғыш рет дарынды жастарға толықтай мемлекет есебінен шетелде білім алу мүмкіндігі берілді.1994 жылдан бастап 2004 жылды қоса алғандағы кезеңде «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде әлемнің 13 елінде 785 стипендиат білім алды. 2005 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жыл сайын үш мың жас және дарынды қазақстандыққа «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша әлемнің жетекші оку орындарында білім алу мүмкіндігін беру қажеттігі туралы жариялады. Стипендиаттар санын арттыру қажеттілігі уақыт талабы. Қалыптасқан нарықтық экономика жағдайында мемлекет бәсекегe қабілетті экономика моделіне индустриалдық- инновациялық даму, білім және ғылым, менеджмент, маркетинг, логистика, жаңа ақпараттық технологиялар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау және басқа да салалардағы мамандарға тұрақты өсіп келе жатқан қажеттілікпен Қазақстан үшін басымды салалардың тұрақты өсуіне негізделген даму жолын таңдаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет