-Шахмат ойынында кімді
үлгі тұтасың?
-Маған Г.Каспаровтың
көпқырлылығы, В.Ананның
білімпаздығы және
Ю.Полгардың темірдей мінезі
ұнайды.
-Көбінесе қарсыластарыңа
қандай тәсіл қолданасың?
- Бұл - құпия. Негізі тап мынау
тәсілді қолданамын деп айтуға
болмайды. Барлығын шахмат
тақтасы және қарсыластың
жүрісі шешеді. Шахматта ал-
дын ала жоспарлап алып, сол
жоспармен ғана жүру мүмкін
емес. Оқиға әп-сәтте, қас-
қағымда өзгеруі мүмкін.
– Шахматтан басқа қандай
спортпен айналысасың?
- Шахмат - ойдың ойыны.
Үнемі сонымен ғана айналыссаң
жүйкең жұқарады. Осының
алдын алу үшін мен міндетті
түрде күнде жүгіремін
және бассейнге барамын.
Жарыстарда кейбір партиялар
6 cағатқа созылуы мүмкін.
Шахматшы осындай жағдайға
физикалық тұрғыдан дайын
болуы керек.
- Шахмат ойынынан өмірлік
пәлсапа қалыптастыруға бола
ма?
- Шахмат деген - өнер, спорт
және өмір. Ол осы 3 ұғыммен
ұштасқанда ғана жемісін же-
гізеді. Шахматтағы бір ғана
қате жүріс, өмірдегі шалыс
қадам сияқты. Сондықтан бұл
жердегі әрекеттің барлығы
cтратегиялық жоспар ретін-
де жүзеге асуы тиіс. Өмірде де
осылай болғаны абзал. Адам әр
қадамын «жеті рет өлшеп, бір
рет кесіп» отыруы керек.
Шахмат адамның ойлау
және есте сақтау қабілеттерін
арттырады. Адамды байсалды,
сабырлы болуға, қажырлықты
шыңдауға, тәуекелге бел
бууға, бастаған ісіңді соңына
дейін жеткізуге үйретеді.
Табандылыққа тәрбиелейді,
қайсарлыққа баулиды.
- Ақшаға шахмат ойнап
көрдің бе?
- Жоқ, мен мұндайға ешқашан
бармаймын. Шахматқа дәл осы-
лай қорлық көрсетуге болмай-
ды. Шахмат - құмар ойыны емес,
зияткерлік ойын. Бұл -ақсүйек
ойын. Оны еріккеннің ермегі
қылу әбестік. Шахмат қана емес,
ақшаға ойналған кез келген
ойын және оны ойнаған адамдар
жақсылардың қатарынан емес.
Анам маған үнемі адал еңбек
етіп, адал ақша табу керек
екенін айтып отырады. Оның
үстіне мемлекет бізге шәкіртақы
төлейді. Ақшаға шахмат ойнай-
тындай отқа, суға қарап отырған
жоқпыз. Солай болғанның
өзінде мен шахматты ақшаға ой-
намас едім. Өйткені әр нәрсенің
киесі мен қасиеті және берекесі
болады. Соны қадірлемесең,
қастерлемесең құты қашады.
Ал құт қашқан жерге ырыс пен
ынтымақ береке мен байлық
ешқашан келмейді.
– Халықаралық Гроссмей-
стер Дәрмен Сәдуақасовпен
жекжаттықтарың бар ма?
–Жоқ, алайда жұрттың бәрі
мені Дәрмен ағаның қарындасы
деп ойлайды. Тектеріміздің
бірдей болғандығы болмаса, біз
туыс емеспіз.Аталарымыздың
аты Сәдуақас болғанымен, жазы-
луы әртүрлі. Десек те бұған мән
беріп жатқан ешкім жоқ. Әрине,
мен Дәрмен Сәдуақасовтың
туған қарындасы болсам, маған
жаман болмас еді.
-Айтпақшы, Дәрмен
Сәдуақасовтың кубогына
арналған V республикалық
шахмат турнирінде сен бала-
лар арасындағы шахматтан
әлемнің 2 дүркін жеңімпазы
Жансая Әбдімәлікпен блиц-
шахмат ойнап едің ғой.
Соның нәтижесі қалай бол-
ды?
-Біз ойнаған жоқпыз.
-Қалай ойнаған
жоқсыңдар?
-Ойнаған сияқты болып
суретке, теледидарға түстік.
-VII-ші қысқы Азиаданың
алау құтысын ұстаған
адамдардың арасында сенің
де болғаныңнан хабардармыз.
Бұл туралы не айта аласың?
-Қазақ елінің абы-
ройын асқақтатқан Азиада
ойындарының Алау эстафета-
сы кезеңіне қатысқанымды зор
бақыт санаймын. Алаугерлердің
қатарына іріктеуден өтіп кірдім.
Азиада спорт мерекесі, рух пен
сұлулықтың мерекесі болды.
Сол мерекеде мен қазақтың
айтулы азаматтарымен қатар
тұрып, солармен қатар жүрдім.
Әл-Кувейттен бастау алып
келген отты ұстадым. Бойымды
мақтаныш пен шаттық сезімі
кернеді. Мен Қазақстанда,
оның ішінде Астанада туғаныма
қуандым. Елдің маған сеніп ар-
тып, маған көз тігіп отырғанын
сездім.
– Қайда оқисың?
-Астанадағы №3 мектеп-
гимназиясының 8 сынып
оқушысымын. Оқу озатымын.
Математика мен Қазақстан та-
рихын жақсы көремін. Себебі
математика деген есеп. Шах-
мат та есепке жүгінетін ойын.
Ал тарихқа келсек, ол менің
елімнің өткені, тағдыры. Ел та-
рихын білу менің борышым.
Жарыстар көбейіп кет-
кен кездерде мектепке бармай
қаламын. Мұғалімдерім бәріне
түсіністікпен қарауға тырысады.
Бірақ мен солай екен деп сабақ
оқымай қоймаймын. Керісін-
ше өзім қатыспаған сабақтарды
өз бетімше меңгеріп аламын.
–Сабақтан тыс уақытта немен
айналысасың?
-Қолым бос болғанда анама
үй шаруасына көмектесемін.
Шахмат ойнаймын,
классикалық кітаптар оқимын.
Қазір Ілияс Есенберлиннің
«Көшпенділерін» оқып жа-
тырмын. Мұның алдында Паул
Коэльенің шығармаларын түгел
ақтарып шықтым.
-Нені ұнатпайсың?
-Өзімнен өзім уақыт
ұрлағанды ұнатпаймын. Жапон
халқында «Ертең - кеш, бүгін
- қазір» деген сөз бар екен.
Мүмкіндігінше осы ұстаныммен
өмір сүруге тырысамын. Себебі
менің әрбір күнім, сағатым са-
наулы. Белгіленген уақытта мен
қыдырып, сабақ оқып, спортпен
шұғылданып, шахмат ойнап,
демалып үлгеруге тиіспін.
-Нені бағалайсың?
-Ұйымдастыру қабілеті
жоғары және алдына мақсат
қоятын, сол мақсатына жет-
пей тынбайтын жандарды,
сондай-ақ маңайындағылардың
барлығына махаббат пен
мейірім төгіп жүретін адамдар-
ды қатты сыйлаймын.
-Қалай киінгенді
қалайсың?
-Спорттық үлгідегі киім-
дерге қырын қарамаймын.
Классикалық киім кисе де бола-
ды. Негізі «Сasual» үлгісіндегі
киімдерге басымдық беремін.
-Қандай арманың бар?
-Ерлер арасында гроссмей-
стер болғым келеді. Мүмкін
түбінде Юдит Полгар секілді
ерлер арасындағы турнирлерге
қатысатын шығармын деп ой-
лаймын.
-Неге?
-Ер адамдармен ойнаған
қызық. Ашық біріншіліктер-
де мен үнемі ер адамдармен
ойнауға тырысамын. Өйткені
олардың ойлау жүйесі басқа. Ер
адамдар ашық ұрысқа да шыға
алады, сенің қателігіңді күтіп
отырып та ойнай алады.
-«Ойлау жүйесі басқа» де-
ген қалай?
-Ер адамдар әйел адамдарға
қарағанда мықты ойнайды. Мені
олардың тактикасы мен страте-
гиясы қызықтырады. Олардың
білім көкжиегі де кең. Олар-
дан әрдайым мүлде ойламаған
жүрісті күтуге болады.
-Шахмат тақтасын неге
ұқсатасың?
-Ақ пен қараның, күн мен
түннің, жақсы мен жаманның
тайталасына ұқстамын. Күрес
бітпейді. Біреуі жеңеді, екіншісі
жеңіледі немесе итжығыс бола-
ды. Қашан көрсең қиян-кескі
ұрыс, бітпейтін дау, бітіспейтін
жау. Жалғаса береді, жалғаса бе-
реді. Өмірде де солай.
-Орта мектептерге шахмат-
ты пән ретінде енгізуге қалай
қарайсың?
-Менімше, қажет емес
сияқты. Өйткені шахматты
екінің бірі тиісті дәрежесінде
ойнай алмайды. Оның зорлап
оқыту арқылы жақсы нәтижеге
жетеміз деп ойлау құр әурешілік.
Үйірме ретінде ашуға болатын
шығар. Ал пән ретінде енгізген
дұрыс емес деп ойлаймын.
Сұхбаттасқан
Қанат МАХАМБЕТ
Cұхбат
Ұлт қайраткеріне топырақ бұйырды
Ұлттық университетімізде
білім алып жатқан студенттер-
ге аға буыннан алар үлгі-өнеге
жетерлік. Соның ең бастысы –
ұлтқа қызмет етудің айрықша
үлгісін көрсетіп жүрген про-
ректор Дихан Қамзабекұлының
орны бөлек.
Қаңтар айының 21-і күні
елімізде айтулы күн саналған –
қайраткер С.Садуақасұлының
мәйіт-күлінің Мәскеудің Дон зи-
ратханасынан елге 78 жылдан
кейін алынуы - халық тарапы-
нан зор қолдау тапқаны белгілі.
Мұның басы-қасында Дихан
Қамзабекұлының болғанын жұрт
біледі. Десек те, мұндай оқиға елде
бұрын-соңды болмағандықтан,
қайраткер Смағұл Садуақасұлының
мәйіт-күлі Астанадағы С.Ғылмани
мешітінің арнайы бөлмесінде 4 ай
бойы сақталды.
Басты себеп – қайраткерді
жер қойнына беру жағы, яғни
бірі Қабанбай батыр зираты-
на қояйық десе, бірі Жастар
шағын ауданындағы зиратқа
беру қажет деді, енді бірі ұлттық
пантеон жасаймыз деген секілді
қоғамда біраз талқылауға түсіп
кеткені рас. Дана халқымыз
«топырақ бұйырған» дейді. Алаш
қайраткері С.Садуақасұлына
топырақ Елордадағы Астрахань
тас жолы бойындағы мұсылман
зиратынан бұйырды. Мамырдың
20-жұлдызында қасиетті жұма күні
ұлтымыздың маңдайына біткен
марғасқасы - С.Садуақасұлының
мәйіт күлін С.Ғылмани мешітінен
құран оқытылып, табыт үстіне
еліміздің туы жабылып, бір топ
халық қалаулылары жер қойнына
шығарып салды.
Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, про-
ректор:
- Қазір кейбір азаматтар «неге
Смағұл сүйегі үлкен пантеонға
қойылмады» дегендей сын айтып
жатыр. Қазақ халқы өлім-жітімді
болжамаған. Топырақ қайдан
бұйырады, соған сай жерлене-
ді. Мықты қайраткер қай жер-
де жатса, сол жер қадірлі емес
пе?! Бізде ұлттық қабірстан жоқ.
Діни тұрғыдан алсақ, бұл таласты
мәселеге әкеледі. Діндар азаматтар
«ешқашан да бір кісіні бір кісіден
төмендетуге болмайды» дейді.
Хан да, қарапайым адам да Алла
алдында пенде ғана. Бірақ зайыр-
лы мемлекет ретінде айтсақ, біз
ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру
үшін елге қызмет еткен мықты
азаматтардың зиратын көрнекі
етіп қойғанды дұрыс көретін
жайымыз бар. С.Садуақасұлының
мәйіт күлі жерленетін Астра-
хань тас жолы бойындағы зи-
рат 1-2 жылда жабылады. Содан
кейін біз бұл зиратқа Абай мен
Шәкәрімнің, көзі тір кезінде
өзі қатты құрмет тұтқан алаш
қайраткері Ә.Бөкейханұлының
бір уыс топырағын алып келмек-
шіміз. Осылайша, ұлттық пантеон
мәселесі алдағы уақытта шешіледі
деп ойлаймын.
Құндыз ЕРАЛЫ
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
10
11
МАМЫР
2011
МАМЫР
2011
Акция
Арманым - отандық ғылымның дамуына үлес қосу
Ол қазақтың қарапайым бала-
сы, бірақ әлемнің менмін деген
өнертапқышымен теңесе алады.
Себебі айтары бар, көзге көрсетер
жаңалығы бар. Ол - әмбебап цир-
куль мен бала жыласа өздігінен
тербелетін автоматты бесік ойлап
тапқан өнертапқыш - Серікбол
Шәймарданұлы.
Бүгінде ғылым қарыштап дамып ке-
леді. Баласы үшін барын аямайтын ата-
ана шетелдің түрлі ойыншықтарынан
бастап, сәби кезінен баласын манеждің
түр-түріне салады. Қалада өскен көп
бала қанша ғасыр өтсе де маңызын
жоймай келген атабесігімізді білмейді.
«Қазақтың ұлттық бесігіне заманауи
өзгеріс енгізіп, жақсартуды ойладым»
дейді өнертапқыш Серікбол.
Серікбол әмбебап циркульді
Қытайда жүріп, 6-сыныпта ойлап та-
уыпты. «Ер балалардың көбі ісіне
салақтау келеді ғой, бірде сабаққа жа-
затын қалам алып бармадым, мұғалім
тез жазу керектігін айтты, сөмкемді
қарасам сыныптағы балаларды
инесімен сұғып алып қорқытатын
циркулім бар екен. Екінші тұсындағы
қарындашымен ұстазымның айтқанын
жазып отырып, «осы циркульге тағы
қандай мүмкіндіктер қоссам болады
екен?» деп балалық қиялға беріліп кет-
тім» деп бастады ол әңгімесін.
Иә, қиялды көп жұрт дұрыс
түсінбейді. Әсіресе, қазір техни-
ка ғасырында адамзат ойлану-
дан, қиялдаудан қалып барады. Ал
Серікболдың мектеп партасында
ойлаған ойы оны талай белеске же-
теледі. Серікбол жасаған циркульдің
11 түрлі ерекшелігі бар. Бала кезінен
көрсем, білсем деп жүретін ол бар-
жоғы 2 айдың ішінде циркульге өзі
білетін оқу құралдарының барлығын,
яғни линза, қалам, қарындаш, сағат,
өшіргіш, сызғыш, транспортир,
ұштағыш, штрих қосып, сызбасын сы-
зып тастапты.
Серікболдың әмбебап циркульді ой-
лап табуына тағы бір әсер еткен жағдай
– теледидардан өнертапқыш ұйғыр ба-
лаларын мақтап көрсете беруі. Содан
Серікбол «Ұйғыр баласының менен
несі артық?» деп, бастаған ісіне ұлттық
намыспен құлшына кіріседі. Мұнысын
кейін ата-анасына көрсетеді. Зейнет-
керлікке шыққан әкесі баласының
өнеріне риза болып, сызбасын арқалап
аймақтағы техника комитетіне па-
тенттік құн алуға барады. Ондағылар
сызбаға қарап тұрып, Серікболдың
әкесін бірер күннен соң өтініштің
қабылданған-қабылданбағанын білер-
сіз деп шығарып салады. Серікбол
Қытайдағы Шіңгіл ауданы бойынша
патенттік құн алуға өтініш жазған
алғашқы оқушы болғандықтан, ол
жақтағылар оның мекен-жайын дұрыс
жазбай сол жылы патенттік құн алын-
бай қалады.
Содан 2 жыл дегенде Серікболдың
әмбебап циркулі патенттік құнға
ие болады. Бірақ оны ары қарай
қалыпқа құйып тарату үшін Қытай
жағы көп қаржы сұрайды. Тіпті олар
Серікболдың ойлап тапқан циркулінің
авторлық құқығын сатып алуға бір-
неше рет қолқа салады. Алайда әкесі
циркульдің сызбасын сатуға үзілді-
кесілді қарсы болады. Қалыпқа құйып
таратуға қарапайым отбасында қаржы
болмай, циркульдің жыры сонымен
аяқталады.
Серікбол 10-сыныпты оқып
жүргенінде қазақтың ұлттық
бұйымдарына ерекше ынтасы ояна-
ды. Бірде мектеп оқушылары физи-
кадан модуль жасау керек болады.
Сонда баяғы циркульмен танымал
болып алған Серікболға ұстаздары
да, сыныптастары да аламан додаға
«сен қатысасың» дейді. Осылайша
Серікбол қарапайым қазақтың бесігін
жақсарта түсуді ойластырып, бала жы-
ласа өздігінен тербелетін бесік ойлап
табады.
«Бесікті 10-сыныптан бастадым.
Ара-тұра ғылым – техника комитеті-
не барып жүрдім. Ойлаған бесігім
алғашында көңілімнен шықпады. Бес-
ікті жақсартудың әртүрлі нұсқаларын
ойлап жүрдім. Әр құрылғыны қосқан
сайын түрліше өзгерістер байқадым.
Бесік тоқпен жұмыс істейтін болған
соң балаға неғұрлым қауіпсіз болуын
ойладым. Сөйтіп, бала жыласа дыбыс
шығаратын, өздігінен тербелетін, сүт
жылытатын құралды қостым.
«Бесік автоматты тербелетін
ету үшін қазіргі ғимарат салу-
да қолданылып жүрген дыбыстық
айырып-қосқышты пайдаландым. Со-
нда бесік бала жылағанда өздігінен тер-
белетін болды. Мен әрі бұл бесікке сүт
жылытатын құрылғы, баланың дәретке
отырғанын хабарлағыш, ана әлдиін
есіне сақтап сәбиге қайталап айтып бе-
ретін құрылғыларды енгіздім» деді ол.
Алғашында бесікті қағаз
қорапшадан жасадым. Қытайда кім-
де кім жаңалық ашып, онысын тиісті
комитетке көрсетсе, ондағылар құрақ
ұша жүгіріп жүріп көмектесуге даяр.
Ал мұнда керісінше, бәріне өзің
жүгіруің керек. Тіпті жасаған ісіңе
мұрын шүйіріп қарайтындар да бар.
Тамыр-танысың болса, ісің алға баса-
ды, болмаса өзіңмен өзің жүре бересің.
Мұны Өскеменде облыстық дарынды
балаларға арналған мектеп-интерна-
тында 2 жыл оқып жүргенде сезін-
дім. Жобаммен жарысқа қатысып,
Облысқа ешқандай сүрінбей өтсем
де, Республикалық жарысқа ауыз тол-
тырып айтарлықтай жобасы жоқ бала
жеңімпаз болып шықты. Қазір жасаған
бесігім жатақханада тербеліп тұр. На-
урыз айында Алла қаласа Қазақстан
азаматтығын аламын, сол кезде патент-
тік құн сұрап өтініш жасап көремін.
Серікбол осы жетістіктері үшін ең
алдымен ата-анасына қарыздар екенін
айтады. Өйткені осы өнертапқыштық
қасиетінің қалыптасуына себеп
болған да ата-анасы. Қазақтың көпті
көрген көреген кісілері бала кезде өте
қыңыр-қырсық, бұзық болған баладан
бірдеңе шығады деп, оларды ешкім-
ге ұрсып, сөктірмеген. Сол бүлдіргіш
баланың бірі Серікбол бала кезінде
теледидар, магнитафон сынды үйдің
құндылау деген дүниесін шашып,
қайта құрастыруға әуес болады, соның
барлығына да ол ата-анасынан «рұқсат
қағазын» алып қойған.
«Өнертапқыштықтағы ең адал
ұстазым – ардақты әкем мен аяулы
анам» деп білемін»,- дейді Серік-
бол. Айтқанынан қайтпайтын Серік-
бол бірде анасының қатты ауырып
жатқанына қарамастан, жаңа ойлап
тапқан «жұмысына» егеу керек деп
шарқ ұрады. Сонда анасы төсек тар-
тып жатқан жерінен тұрып барып,
дүкенен баласы айтқан егеуін алып
келіп берген. «Анамның осы бір ер-
лігін мен ешқашан ұмытпаймын.
Балықпен ата-анамызға қанша салмақ
салсақ та, өскен кезде ұмытып кетеміз
ғой»,- дейді ол.
Бүгінде Л. Гумилев атындағы Еура-
зия ұлттық университетіндн Физика-
техникалық факультетінің радиотех-
ника, электроника және телекоммуни-
кация мамандығы бойынша 2-курста
білім алып жатқан Серікболға акаде-
мик Мұхтарбай Өтелбаев ақыл қосып,
көптеген жобаларына жетекшілік етіп
жүр. Мәселен, құрғақ жерлерде қолдан
жауын жаудыратын және жел энергия-
сын пайдаланатын құралдың сызбасын
жасауға бірлесіп жұмыс жасап жүрген
ұстазы осы Мұхтарбай аға екен.
«Біздің қазіргі кезде ғылымның да-
муына тежегіш болып отырған не?»
деген сауалымызға, жас өнертапқыш:
«Бұрын әр ғалымның өзіндік мектебі
болған. Қаныш Сәтбаевтың мектебі-
нен өткен ғалымдар отандық ғылымды
биік белеске жеткізді. Осылайша олар
бірін бірі көтермелеп отырды»,- деп
жауап берді. Расында, бүгінде жастар-
ды тәрбиелейтін ұстаздар азайып бара
ма, әлде ғылымға деген қызығушылық
жоқ па, осы жағы түсініксіздеу.
Қытайда циркульді қалыпқа құю
үшін бірнеше жүз мың юань талап ет-
кен. Бірақ Серікболдың ата-анасында
мұндай қаржы болмағандықтан кідіріп
отыр.
«Өнертапқыштық – ұсталық өнер
емес» дейді Серікбол. Себебі, оның
айтуынша, сызған дүниесін іс жүзінде
жасап көргенде «мазасы» қашатын
көрінеді. Бұл Абайдың «көңілдегі
көрікті ой ауыздан шыққанда өңі
қашады» дегеніне саяды.
Жуырда Серікболдың
«Өнертапқыш: амал мен әдіс»
атты кітабы 100 данамен Дихан
Қамзабекұлы, Рамазан Саттарұлы сын-
ды ғалымдардың қолдауымен шықты.
Бала кезден кітап жинап өскен, жи-
нап қана қоймай оқып, көңіліне тоқып
өскен Серікбол бұл кітабында негізі-
нен өнертапқыштықтың амалы мен
әдістерін көрсете жазған.
Құндыз ҚОЖАБАЙҚЫЗЫ
Серікбол ШӘЙМАРДАНҰЛЫ, өнертапқыш:
В рамках акции «Астана – город
без наркотиков» среди студентов
столичных университетов состоялась
интереснейшая и захватывающая
игра «Encounter». Организатором
мероприятия выступили государст-
венный фонд по поддержке молодеж-
ной политики при Акимате г. Астаны
и Молодежное правительство Евра-
зийского национального университе-
та имени Л. Гумилева.
Участие приняли 10 команд из Каз-
ГЮУ, Аграрного университета, Евра-
зийского университета, Медицинского
университета, Университета искусств
«Шабыт», МК «Жас Отан». В соста-
ве каждой команды было 5 человек.
Для игры ребятам понадобились авто-
мобиль, сотовые телефоны, фонарики и
цифровой фотоаппарат.
Перед стартом участники получили
схемы объектов города, списки ориен-
тиров, фотографии объектов, бейджи,
фирменные футболки и бейсболки с
надписью «Молодежь Астаны против
наркотиков». Старт игре был дан рано
утром возле здания столичного Акима-
та.
Об основных целях данного меро-
приятия мы узнали у Министра инфор-
мации и связи Молодежного Правитель-
ства ЕНУ имени Л. Гумилева Санжарбе-
ка Кылыч уулу.
– Начну с того, как мы получили
первое задание: в конверте лежала фо-
тография какого-то здания. Нам надо
было найти это здание, подъехать туда.
Там нас ждал агент, он сообщил нам
буквы, среди которых таилось зашиф-
рованное слово. Долго размышляя, мы
все же отгадали ребус и взяли курс на
СК «Алатау». В огромном спортком-
плексе найти следующего агента нам
крайне тяжело. Мы бегали как сумас-
шедшие, лихорадочно его искали, ведь
нужно было срочно выполнить новое
задание. Наконец, в зале для тенниса
мы увидели парня с бейджем. Он выдал
нам конверт, там был листок с цифрами.
Не сразу мы догадались, что за цифрами
зашифрованы буквы алфавита! В ито-
ге мы распознали слово «Жер уйык».
Начали звонить знакомым, спрашивать
есть в городе место с таким названием.
Один сказал нам, что «Жер уйык» - это
такой район, другой убеждал нас, что
это ресторан. Лишь один подсказал нам
правильно: «Жер уйык» - это парк, и
мы нашли его на карте! Проблема была
в том, мы находились далеко от парка и
опаздывали. Пришлось превысить ско-
рость, нарушить правила. Это был такой
адреналин!
Приехав на условленное место, мы
носились по парку «Жер уйык» и иска-
ли секретного агента, чтобы получить
задание №4. Он сидел на лавочке с чемо-
даном, в котором было много разных бу-
клетов и календариков с надписью «Мо-
лодежь Астаны против наркотиков». Он
вручил их нам и сказал, что мы должны
раздать их в торговом центре. При этом
нам нужно было сделать много фото-
снимков. Справившись с заданием, мы
оправились к исходной точке. На фини-
ше нас и остальных участников встреча-
ли болельщики. На площади культурно-
го центра «Жастар» была установлена
сцена, на которой выступили молодые
таланты Евразийского университета.
Нашу команду своим выступлением
также поддержали танцевальная груп-
па «Самұрық» и исполнительница
А.Каримова. Мы очень рады, что приня-
ли участие в конкурсе, который пропа-
гандирует спорт. Наши студенты против
наркотиков, алкоголя и курения.
Похоже, вести правильный и здоро-
вый образ жизни не только полезно и
весело, но еще и выгодно. Победители,
команда КазГЮУ «Number one» полу-
чили дипломы, мобильные телефоны и
книги «В сердце Евразии» Н. А. Назар-
баева.
Сборная «Жастар Үкіметі» ЕНУ –
обладатели почетного второго места
ушли с дипломами и новенькими ipad
mp3. Ну а бронзовые призеры, команда
МК «Жас Отан» выиграли флеш-кар-
ты.
Достарыңызбен бөлісу: |