А. Қ. Құсайынов атындағы еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасы


«Бекітілді» №1 хаттама 2022 ж. 27 тамыз



бет18/36
Дата08.06.2023
өлшемі115,63 Kb.
#99703
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
Байланысты:
20 ғасыр жауаппен

«Бекітілді»
1 хаттама 2022 ж. 27 тамыз
Кафедра меңгерушісі __________ А.Е. Алимбаев


А. Қ. Құсайынов атындағы ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


Қазақ және орыс филологиясы кафедрасы


Оқу пәні: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

10 емтихан билеті





  1. Ұлт азатшыл бағыттағы ақын-жазушылар

Ұлт-азатшыл бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығының басты
міндеті ұлт-азаттығының тірегі ұлттық сананы ояту болды. Олар өз
шығармашылығында отаршылдыққа қарсы ашықтан-ашық пікір
айтып, азатшыл күрес идеясын өркениетті елдердегі саяси күрес
тәсілімен ұштастыруды мақсат тұтты. Ағартушылық, өнер-білім
барлығы ең алдымен ұлт-азаттығы үшін қызмет етуі керек деген берік
байламдағы ой-идеяны насихаттады. “Мақсаты тіл ұзартып, өнер
шашпақ” болған Абайдың ағартушылық бағыттағы ой-толғамдарын
жаңа арна-азаттықпен ұштастырды. Тапшылдық, жікшілдік
мүдделерді көздемей, ұлт тұтастығын сақтауға ұмтылды. “Елім”,
“Жерім” деген ұрандарды ұлттық сананы ояту жолындағы негізгі
ұстындарға айналдыруды көздеді. Яғни бұл бағыттағы ақын-
жазушылар шығармашылығында “елшілдік” (М.Әуезов) сипат басым
болды.
Бұл бағыттың қалыптасуына ХХ ғасырдың басында жаңа
әлеуметтік саяси күш – ұлтжанды зиялы топтың пайда болуы жан-
жақты әсер етті. Олардың көбі шығармашылықпен айналысқандықтан
да, өз шығармаларында бостандық, теңдік, азаттық идеяларын ту етіп
көтерді. Ал өздерінің саяси көзқарастарында елдің жігін ажыратпай,
біртұтас етіп біріктіруді көздеді. Сондықтан ең басты мәселе ретінде
саяси тәуелсіздікті нысана етіп қоя білді. Ұлттың жан-жақты дамуы,
өркендеуі ұлттық салт-дәстүрлерді сақтай отырып, өзге өркениетті
елдерден үйренер еркіндік салтымен жетілуде деп білді. Оқу-ағартуды,
өнер-білімді ел тәуелсіздігі жолындағы саяси күреске пайдалануға
әрекеттенді. Әдеби шығармаларында ұлттық сананы оятуды,
күрескерлік рухты көтеруді басты мақсат тұтты. Сондықтанда олардың
шығармаларындағы көркемдік әдіс-тәсілдер азатшыл оймен ұштасып
жатты. Ұлт-азаттық әдебиет бағытының өкілдері қандай да бір әдеби
шығарма болмасын, оған ұлттық мұрат тұрғысынан талап қойды.
Сөйтіп қазақ әдебиетіндегі өзінен бұрынғы Дулат, Шортанбай, Мұрат,
Махамбет дәстүрлерін жаңа арнада дамытты. Халықты саналы іс-
әрекетке үндей отырып, таптық қайшылықты емес, ұлттық бірлікті
жырлап, ұлт тұтастығын сақтауды көздеді. Бұл бағыттың ірі өкілдері
Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев
шығармашылығында Ресей империясы отаршылдық езгісінің бүкіл
сипаты толыққанды ашылды.
Қазақ əдебиетінің тарихының күрделі кезеңі мен тұтас дəуірінің болмыс-бітімін тануда əр ғасырдың алар орыны айрықша болып табылады. Б.Кенжебаев ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін зерттеуде орын алып отырған басты кемшіліктерді: «Бізде ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін менсінбеушiлік, жете бағаламаушылық болды; кейбір даурықпалар ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті идеялық, көркемдік дəрежесі төмен, ескішіл, ұлтшыл əдебиет, тіпті ХХ ғасыр басында бізде шын мағынасындағы əдебиет болған жоқ десті. Осыдан ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін зерттеп, бастыруға жете көңіл бөлінбеді» [1; 136], — деп көрсетті. Əсіресе өткен дəуір мұрасын бағалау мен зерттеудің əдіснамалық негіздерінің қателіктерін дұрыс көрсетіп, ақын-жазушылар дүниетанымындағы қайшылықтардың туындауына жете үңілу керектігін, əдебиеттің тұтас тарихын жазу, оған назардан тыс қалып келе жатқан қаламгерлердің барлығын да енгізу туралы келелі ойларын бүкпесіз жеткізді. Ғалым: «Дұрысында, тарихта болған, заманында өзінің шамасы келгенше қоғамдық, прогресшіл қызмет атқарып, əлеуметтік, мəдени, əдеби мəні бар азды-көпті шығармалар қалдырған ақын, жазушылардың бəрінің де аттары аталуға, қызметтері мен шығармалары көрсетілуге, зерттелуге тиісті; саяси жəне басқа үлкен қылмысы барлары болмаса, аттары аталмайтын, қызметтері мен шығармалары көрсетілмейтін ақын, жазушылар болмауға тиісті» [1; 146], — деген таза ғылыми жəне азаматтық ұстанымда болды. Сол арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін кешенді зерттеу мəселесін күн тəртібіне өткір қойды. Зерттеуші пікірінің астарында Алаш қалам қайраткерлерінің де мұрасы ескерілуі тиіс деген емеурін жатқанын аңғарамыз. Өйткені ғалым өзінің «Өтелмеген парыз» [2] мақаласындағы елдікпен сабақтасып жатқан ойларынан, азаматтық ұстанымынан бір табан шегініс жасағаны жоқ. Əдебиетші Қ.Ергөбеков атап өткеніндей, «идеология жегіндісіне айналғысы келмеді. Саясаттан ғылым, ғылымнан саясат жасағысы келмеді» [2; 115]. 1959 жылғы əдебиеттану ғылымына арналған конференцияда Алаш арыстарының əдеби мұрасы мен шығармашылығы назардан тыс қалғанын, аталғанның өзінде қараланғанын айтар болсақ, тек Б.Кенжебаев қана М.Жұмабаев есімін ілтипатпен атады. А.Нұрқатовтың Ақан сері туралы жасаған баяндамасымен ой бөліскенде: «Ақан серінің шығармаларының жиналуына сын көзімен қарауы керек еді. Тіпті Ақан сері шығармаларын бірінші жинап бастырған М.Жұмабаевты да ескеруі керек еді» [1; 294], — деп дерек көздерін дұрыс игерудің ғылыми мəнін əдебиетшілер зердесіне құйды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет