А. Қ. Құсайынов атындағы еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасы


Бекет Өтетілеуовтың шығармашылық ғұмырнамасы



бет15/36
Дата08.06.2023
өлшемі115,63 Kb.
#99703
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
Байланысты:
20 ғасыр жауаппен

Бекет Өтетілеуовтың шығармашылық ғұмырнамасы

1883 жылы бұрынғы Торғай облысының Қостанай уезіндегі Обаған ауданының бірінші ауылында (Қ|азіргі Қостанай облысының Обаған ауданындағы М.Ю. Лермонтов атындағы совхоз) орта шаруаның отбасында дүниеге келеді. 8-9 жасқа толғаннан кейін Бекет әкесінің шаруашылығына көмектесе бастайды және реті келгенде ауыл мұғалімдерінен сабақ та алып жүреді. Осылай сауатын ашқаннан кейін, ол 1897 жылы ауылдағы үш жылдық орыс мектебіне түсіп оқиды. 1901 жылы бұл мектепті бітіргеннен кейін қазіргі Меңдіғара ауданының орталығы Боровойдағы екі кластық мектепке түседі, бұдан кейін 1902 жылы Қостанайдың екі кластық, қазақ-орыс мектебіне ауысады. Мұны 1905 жылы бітірісімен Қостанайдағы оқытушылар даярлайтын мектепке түсіп, оны аяқтап шығады. Бекет Өтетілеуов өз өмірінің көптеген жемісті жылдарын халык ағарту және жастарға адамгершілік тәрбие мен білім беруге, надандықты, қараңғылықты жою күресіне арнады. Халык ағарту майданында ол бар ынта-талантымен еңбек етті.
Бекет Өтетілеуов ағарту ісіне шын беріле еңбек еткені соншалық - ол өзінің педагогикалық жұмыспен айналысқан кезінде бірнеше оқу құралы мен методикалық нұсқаулар да, көрнекті құралдар да жасады. «Дүние ісі ахиретке кетпес» (1912), «Жиған -терген» (1914), деген кітаптары жарық көрген. Бекет Өтетілеуов негізінен аудармашы. Ол И.А.Крылов, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, В.А.Жуковский, А.Н.Плещев шығармаларын қазақша сөйлетті.
Дәуір әдебиетін іштей байытып, рухани түлететін жанр – аударма десек, Б.Өтетілеуовтың бұл саласындағы еңбегі елеулі.
Бекет Өтетілеуов 1949 жылы 9 маусымда қайтыс болды. Оның сүйегі өзінің туып-өскен жері Қараобада жерленді.

  1. С.Көбеевтың «Қалың мал» шығармасының мазмұны

«Қалың мал» романы – тілінің тазалығы, көркемдігі жағынан да өзімен тұстас прозалық туындылардан өзгеше шығарма. Жазушы романында халықтың сөз байлығын, мақал-мәтелдерді орынды пайдаланған, кейіпкерлер мінезін даралап көрсеткен. Спандияр Көбеев екі рет Ленин орденімен марапатталған. 1913 жылы Қазанда басылған жазушының «Қалың мал» романы қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш көлемді прозалық туынды болып саналады. Романда Революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген. Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнеленумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген.
Романның негізгі кейіпкер¬лерінің бірі Ғайша 14 жасар әдеп¬ті қыз. Ақылына сай, көркі, білімі бар. Дүниеқор әкесі оны қалың¬малға сатуға бел байлайды, бірақ ол сүймеген адамына бармауға бекініп, болашағы үшін күреседі.
Жазушы осы шығармасында Итбайды сараң, байлыққа, ақшаға құмар адам ретінде суреттейді. Үйіне келе жатқан қонақтарды көріп: «Бұлар Тұрлығұл байға біздің Ғайшажанды айттыра келген шығар, қазыны бұзбай сал», деп озбырланады әйеліне.
Ал осы романдағы Тұрлығұл бейнесі толық ашылған деп айтуға толық негіз бар. Ол мейі¬рім¬ділік, ізгілік, махаббат дегеннен жұрдай, ашкөз бай. Ақиқатқа емес, өрісіндегі малына ғана сенеді. Сол үшін де ол он төрт жасар қызды өзіне айттырмақ. Сол үшін де ол сөз арасында: «Маған бермегенмен, малға береді ғой», – деп кіжінеді. Мейлі қай жазушы жазса да, қай шығармада кездессе де, тойымсыз байлардың кейіптері дәл осындай ғана. Бұл тұрғыдан Спандияр Көбеев Тұр¬лығұл арқылы тоғышар байлар¬дың не ойлайтынын, іс-әре¬кетінің қандай екенін айпарадай ашып береді. Сол үшін автор оның бейнесін: «Ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қа¬бақ¬ты, көп сөйлемейтін, жал¬пақ мұрын, қарсы келген адам қай¬мыққандай, елге зәбірлі, көршілеріне мазаң, қатты мінезді адам» деп суреттейді. Бұл роман соңы әйбат біткен ертегідей болып аяқталады. Себе¬бі Қожаш пен Ғайша қосы¬лады, армандары орындалады. Жазушы осы арқылы «енді бізге жарық таң атар, күн сәулесін төгер, ел түзелер» деген ізгі ойын айтқысы келгені мұнда тұр.
шығармасының мазмұны




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет