«А» 26 Ата-аналармен ынтымақтастық формалары. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының қызметі мен факторлары?



бет4/15
Дата05.06.2023
өлшемі67,46 Kb.
#98767
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Ж: Білім беру— тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы 7 маусым қабылданды. Одан кейін 2007 жылы 27 шілдеде қабылданды. ҚР Білім туралы заңы 68 баптан, 12 тараудан тұрады. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықаралық қызмет көрсетілген
3) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Білім беру жүйесінің негізгі буындары, ұстанымдары?
Ж: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік саясат принциптері айқындалады. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның жетісінде қабылданды. Одан кейін 2007 жылы 27 шілдеде қабылданды. ҚР Білім туралы заңы 68 баптан, 12 тараудан тұрады. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықаралық қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар. Осы Заң бiлiм беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, осы саладағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерiн айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың бiлiм алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
29) Құндылық, құндылық қатынас, салауатты өмір салтының негізгі бағыттары?
Ж: «Құндылық», «құндылық қатынас», «салауатты өмір салты» ұғымдары. Денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың әлеуметтік-экономикалық шарттары. Баланың салауатты өмір салтының негізгі бағыттары. Оқушының салауатты өмір стилінің негізгі компаненттері: аса жүктемесіз оқу режимі, бос уақытын қозғалыс тұрғысынан ұйымдастыру, жеке бастың гигиенасы, дағдылар, дене белсенділігі. Салауатты өмір сүру салты дегеніміз – био-әлеуметтік категория Салауатты өмір сүру салты – интегратифті түрде қалыптасады және адамның іс-әрекетіне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты – шаруашылық күнделікті үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін қоғамдық ұйымдарда өзін-өзі ұстай білу, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру, ата-анамен баланың тәрбиелі қарым-қатынасы, тазалық гигиенасын сақтау, ұтымды тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен шұғылдану тағы басқалар жатады. Салауатты сөзінің негізгі мағынасы – парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді. Қоғамымыздағы адамзаттың өмірінің аяғына дейін денсаулығының мықты болуы қоршаған ортаның тазалығына байланысты. Салауатты өмір сүру салты тұлға және адам деңгейінде болуы әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты болады, адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды-биологиялық қасиеттеріне де байланысты. Биологиялық ерекшелігіне байланысты салауатты өмір сүру салты бір келкі болады. Салауатты өмір сүру деңгейі– экономикалық категория. Адамның материалдық және моральдықрухани қажеттілігін толығымен қамтамасыз ету. Салауатты өмір сүру сапасы - әлеуметтік категория – үй-іші қызмет істейтін орындар (оқу орындар, мектептер) неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабороториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі. Салауатты өмір сүру стилі - әлеуметтік психологиялық категория – адамның қоғамдық орындарда өзін -өзі ұстап және көрсете білу . Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы эквопотенциалды болып келеді. Сондықтанда адам денсаулығының жақсы және жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты. Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды –дәстүрлер арқылы қалыптасады. Тағыда тұлғаның бейімділігіне байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет