Ж: Ата-аналар жиналысы. Ата-аналармен ынтымақтастық формалары. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының қызметі мен факторлары.
Ынтымақтастықты нығайтуда, мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысындағы міндеттердің жүзеге асуына, ата-аналарды педагогикалық біліммен қаруландыруда, олардың белсенділіктерін көтеруде - ата-аналар жиналысының маңызы ерекше.
Ата-аналар жиналысының тақырыптары мектептің жылдық жоспарындағы тәрбие жұмысының іс-шараларына, сыныптың жас ерекшелігіне, ағымдағы міндеттерге байланысты іріктеліп алынып, бір апта бұрын жиналыстардың өткізілу кестесі бекітіледі.
Ата-аналар жиналысын дайындау ережесі
Бірінші ереже
-Ата-аналар жиналысының тақырыбы өзекті болуы керек.
Екінші ереже
-Ата-аналар жиналысы оларға ыңғайлы уақытта болуы тиіс.
Үшінші ереже
-Ата-аналарға жиналыстың өту жоспары белгілі болуы қажет.
Төртінші ереже
Жиналыс ата-аналармен сыйластық қарым-қатынаста өтуі керек.
Бесінші ереже
-Жиналыс жоғары дайындықпен өтуі тиіс.
Ата-анамен жүргізілетін жұмыс формасынан күтілетін нәтиже
-Отбасының әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат құрылады
-Мектеп өміріне қатысуға ата-ана өз қажеттігін сезінетіндей жағдай жасалады
-Ата-аналар тақырыптық кеңестер алуына мүмкіндіктер туады
-Шығармашылық кештер бағдарламасы жүзеге асады
-қызығушылықтарына орай отбасылық клубтар құрылады
-Әр түрлі типтегі жанұя мен мектеп арасындағы кері байланыстар ұйымдастырылады
Ата-анамен бірлескен іс-әрекет арқасында тәрбиеленген тұлға диагностикасы шығады:
Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген;
Алған тәрбие мен білімін өз өміріне пайдалана алатын;
Отбасылық құндылықтар мен этномәдени құндылықтарға сүйіспеншілігі бар; Ата-ана мен Отан алдындағы перзенттік парыз бен борышты сезінетін тұлға тәрбиелеу.
«О»
11) Оқыту мен тәрбиелеудегі технологиялық әдіс-тәсілдердің мәні. Педагогикалық технологияны жобалау?
Ж: Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады. Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу.
21) Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысынының мақсаты, міндеттері және қағидалары?
Ж: Негізгі ұғымдар: Оқушылар ұжымы, мақсаты, міндеттері, қағидалары, қалыптастыру, балалар ұжымы, даму, өзін-өзі басқару әдістеме. Оқушылар ұжымы және оның ерекшеліктері. Тұлғны ұжымда тәрбиелеу: ұжымдық іс-әркетте және қарым-қатынаста тұлғалық өзін-өзі бекіту, өзін –тұлға және даралық ретінде ашу. Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының мақсаты, міндеттері және қағидалары. Балалар ұжымын педагогикалық басқару. Балалар ұжымын алуан түрлігі: Мектептік сынып, клуптық бірлестік балалар бірлестігі. Балалар ұжымының негізі сипаттамасы. Ұжымының құрылымы. Ұжым аймағы. Ұжымдағы статустар мен рөлдер. Ұжымның даму кезеңдері. Оқушылар ұжымын қалыптастыру және дамыту бойынша сынып жетекшісінің іс-әркеті –оқушыларды тәрбиелеуші және дамытушы орта және оның мүшелерін қалыптастыру мен өзін-өзі іс-жүзінде көрсететін фактор. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы (мақсаты, міндеттері, қызметі, ұйымдастыру формалары және т.б). Оқушылардың өзін-өзін басқаруын құру әдістемесі.
25) Отбасы – сынып оқушыларын тәрбиелеу және дамыту ортасын құраушы?
Ж: Сынып жетекшісі жұмысында оқушы отбасының жетекшісі жұмысында оқушы отбасының педогогикалык үдерісі диагностикасының жүйесі Мұғалімдер мен ата-аналардың өзара әрекеттестігімен мәні мен аткаратын қызметтері. Ата-аналарды мектептегі тәрбиелік жұмысқа қатыстыру құқығын жүзеге асыру оны қолдау мақсатында ынтымақтастық педагогикасын дамытудың тимді жүйесі. Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамга ең бірінші білім емес , тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өмірін апат әкеледі» делінген. Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұгалім және ата-ананың орны бөлек. Мақсаты: Мектеп ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ,
27) Оқушылардың тәрбиелік диагностикасының мазмұны?
Ж: Оқушылардың құндылықтарын қалыптастыруда сынып жетекшісінің міндеті психологиялық микроклимат жасау. Сынып оқушысы үшін оңтайлы эмоция орталығы тиісті, ал, сынып жетекшісі-ең алдымен ересектермен балалардың сүйіспеншілігімен бірлескен тірлігі үстемдік ететін тату мейрімдішығармашыл, ізгі ұжымның іскер тәрбиешісі болу керек. Cынып жетекшісінің қызметіне мектептің оқу тәрбие жоспарына сәйкес сыныптагы оқу- тәрбие жоспарын құру, әр бағытта сыныптағы оқушының әрекетін ұйымдастыру, әр бір тұлғаның дамуына қамқорлық жасау, сыныпта туындаған мәселелерді шешудегі қамқорлық, мектептегі және сыныптағы өзін- өзі басқару жұмысына нркін араласу бағыттау болса, сынып жетекшісінің құқықтарына баланың психикалық және жалпы денсаулығы ақпарат алу, өз бетімен жұмыс істеу үйрету, балалардың сабаққа қатысуына бақылау, т/б кіреді.
28) Оқушы мен сынып ұжымының диагностикасына қойылатын талаптар?
Ж: Педагогтардың балалар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында әлеуметтік (қоғамдық) белсенділік ретінде күрделі тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Казіргі кезенде бұл қасиет ерекше маңызға ие болады, өйткені ол қоғамдық іс-әрекеттердің маңыздылығын оқушылардың санасына сіңіруін, олардын оған жауапкершілік, белсенділік, ізденімпаздық таныта отырып қатысуға дайындалуын, ұмтылуын қамтиды. Оқушылар ұжымының жағдайы: оқушылар, балалардың өзара пікірлесуі, формальды, формальды емес лидерлерінің болуы. Бұл графикті талдау қажетті деңгейге жету үшін қандай көрсеткіштерді түзету керектігі жөнінде бірден мәлімет алуға мүмкіндік жасайды. Осы жұмыстардың барлығы окушылар мен ата-аналар арасында талқылануы тиіс.Оқушы ұжымының жағдайын диагностикалау және окушылармен, ата-аналармен талқылау процесінде этикалық талаптардың орындалуы бойынша атқарылатын жүйелі жұмыс жүргізуде сынып жетекшісі осы ұжымның қалыптасу деңгейін көтеруге бағытталған жұмыс жүргізу бағдарламасын дайындау үшін материалдар жинақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |