А. А. Айдарбекова магистр, аға оқытушы, Н. А. Сәндібаева п.ғ. к., доцент м а



Pdf көрінісі
бет20/90
Дата15.12.2023
өлшемі4,01 Mb.
#138042
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   90
Қазақстандағы бірінші жел атласы
 
Астанада 2009 жылдың 21 қазанында БҰҰ Даму 
бағдарламасы Ғаламдық экологиялық қор мен ҚР Энергетика және минералды ресурстар 
министрлігінің бірлескен «Қазақстан - жел энергетикасы нарығын дамыту бастамасы» 
атты жобасының аясында Қазақстанның бірінші жел атласының тұсаукесері ӛтті.
«Қазақстанның бірінші жел атласы дегеніміз
 
- таңдап алған жердегі желдің 
жылдық орташа жылдамдығы туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін интерактивті карта. 
Соның арқасында электр қуатын алу үшін елдің түрлі ӛңірлерінде желдің қуатын 
пайдалану мүмкіндігін анықтауға болады». Жел атласына сәйкес, Қазақстан аумағының 
50 мың шаршы метрден астам аумағында айтарлықтай жел әлеуеті бар, оны теориялық 
тұрғыда жылына 900 мың ГигаВатт - сағат электр қуатын алу үшін пайдалануға болады 
[6]. 
Қазақстан Халықаралық кӛрмелер бюросына 1997 жылы мүше болып қабылданған. 
Еліміз тәуелсіз мемлекет ретінде 2005 жылдан бастап түрлі кӛрмелерге қатысып келеді. 
Еліміздегі аталмыш кӛрме 2017 жылдың 10-маусымы мен 10-қыркүйек аралығында 
ӛтпек. Қазақстанда 2017 жылы ӛтетін кӛрмеге 100-ге тарта ел, 10-ға жуық халықаралық 
ұйым және 5 миллионнан астам адам қатыспақ. Халықаралық кӛрме екі түрлі бағытта 
ӛткізіледі. Оның бірі — «Әлемдік әмбебап кӛрме», екіншісі «ЭКСПО — халықаралық 
мамандандырылған кӛрме». ЭКСПО-2017 кӛрмесі 100 гектар аумаққа орналасып, онда 97 
павильон болмақ. 
Аумақтың кӛрмеден кейін пайдалануын бірнеше бӛлікке бӛліп тастадық. Біріншіден, 
аумақтың бір бӛлігі «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша ғылыми зертхана ретінде 
пайдаланылады. Екінші бӛлігі Конгрестер сарайы ретінде қолданылады, яғни, мұнда 
елорда ғана емес, Қазақстан Республикасының іскерлік ӛмір ордасы - бизнес орталықтары 
болмақ. Аумақтың үшінші бӛлігі муниципалды қажеттіліктерге беріледі. Яғни, мұнда 
түрлі іс-шаралар ӛтіп отырады, соның ішінде таңдалған тақырып «Болашақ энергиясын» 
одан әрі дамытуға арналады. 
2012 жылдың 28 маусымында Астанада «Болашақ энергиясы. Ғаламшардың тұрақты 
дамуы» Халықаралық симпозиумы ӛтті. 
Симпозиумның басты мақсаты – ғаламшардың назарын Қазақстанның EXPO-2017 
кӛрмесіне таңдалған «Болашақ энергиясы» тақырыбына аудару. Симпозиумға 
қатысушылар «Энергияны тұтыну және климаттың ӛзгеруі», «Энергияны үнемдеу, 
энергияның тиімділігін арттыру» тақырыптары бойынша пікір алысып, тұрақты әрі 
баламалы энергия кӛздерін арттыру жолдарына талдау жасады. Таусылмайтын, үнемі 
жаңарып тұратын энергия кӛздері ретінде, су, жел, күн, т.б. энергия кӛздері 
қарастырылады. Оның ӛзектілігінің тағы бір қыры - Қазақстанның елорда орналасқан 
орталық бӛлігінде жылына 300 күн бойы Күн нұрын тӛгіп тұрады. Сондай-ақ, мұнда жиі 
далалық жел соғады. Сондықтан, аталған аумақ ӛзін жаңартылған энергия кӛздерімен 
толық қамтамасыз ете алар еді. 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
47
Халықаралық ЕХРО-2017 Кӛрмесінің Астанада ӛткізілуі мемлекет экономикасының, 
атап айтқанда, туристік кластердің дамуына айтарлықтай импульс береді. Елімізге келетін 
шетелдік қонақтардың үлкен кӛпірі туристік саланы жандандырып, ЭКСПО кӛрмесі 
қазірдің ӛзінде орасан қызығушылық туғызуда. Бұл ғылым мен жаңа технологияның 
дамуына жаңа серпін беретін Қазақстан үшін ірі имидждік жоба. «ЕХРО-2017 
кӛрмелерінде барлық мемлекеттер ӛздерінің таңдаулы технологиялық, ғылыми және 
мәдени жетістіктерін кӛрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін 
қалыптастырады. Мұндай шараларға барлық құрлықтардан ондаған елдерден 
миллиондаған адамдар келеді. Астананың бәсекелестік күресте жеңіске жетуі - кездейсоқ 
емес. Біріншіден, бұл біздің астанамызды әлемдік деңгейдегі оқиғаны қабылдауға 
лайықты орталық деп танығандық. Екіншіден, Астананы таңдау біздің мемлекетімізге 
берілген жоғары баға және оның дамуы - бүкіл еуразиялық аймақтың дамуы 
перспективаларын атап кӛрсетеді. Үшіншіден, жеңіске біз ұсынған - «Болашақтың 
энергиясы» тақырыбының ӛзектілігі кӛмектесті. Ақырында, бастысы - Астананы таңдау 
бүкіл қазақстандық халықтың күш-жігерінің жемісіне айналды», - деді мемлекет басшысы 
Н.Назарбаев. Астанадағы ЕХРО-2017 кӛрмесі ҚР елордасының үздік брендтерінің бірі 
және аса әдемі нысан болады. 
ЭКСПО ЕҚЫҰ саммиті сияқты таза саяси пиар жоба емес, бұл науқанның 
Қазақстанға берері кӛп. 
ЭКСПО кезінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең жаңа, заманауи технологиялар 
кӛрмеге қойылып қана қоймай, олардың жұмыс істеу принциптері кӛрсетіледі. Сол 
арқылы біз жаңа технологияларды кӛріп, әлемдегі озық технологиялар мен техниканың 
қай бағытта, қалай дамып бара жатқанына куә боламыз, ӛз еліміз бен дамыған елдердің 
арасындағы технологиялық прогрестің айырмашылығын біліп, ӛз-ӛзімізді бағамдаймыз. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысындағы «Жаңартылатын энергия 
кӛздерін пайдалануды қолдану туралы» заң жобасы бойынша Энергетика және 
минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың баяндамасы. М., 1988.-с. 63-70. 
2. П.Чжен Отрывные течения. М.: Мир, 1972. Т. 1.-299с. 
3. Л.Г.Лойцянский Механика жидкости и газа.:Наука, 1987.-904с. 
4. А.К.Ершина, Ш.А.Ершин, У.К.Жапбасбаев Основы теории ветротурбины Дарье.- 
Алматы: КазгосИНТИ, 2001-104с. 
5. 
Г.Ф.Кнорре, 
К.М.Арефьев, 
А.Г.Блох 
идр. 
Теория 
топочных 
процессов.М.Энергия,1966-487с. 
6. А.К.Ершина, Ч.Ш.Ершин «Ветротурбина Бидарье»(конструктивное исполнение и 
принцип работы), дата подачи патента: 15.02. 2006 г., 73 стр. 
7. А.К.Ершина, Ч.Ш.Ершин, «Вертикально-осевые составные ветро турбины 
карусельного типа», дата подачи патента: 15.02.2006 г., 40 стр. 
РЕЗЮМЕ 
В данной статье сказано, что ископаемые природные ресурсы изо дня в день 
истощаются. С точки зрения экономики и экологии наиболее целесообразным является 
использование ВИЭ. А именно, для Республики Казахстан наиболее актуальным является 
освоение энергии ветра, т.к. обширные пространства нашей страны богаты данным видом 
сырья. 
SUMMARY 
In this article it is shown that natural fuel is petting less day by day. From ecological and 
economical opinion it is letter to use sustainable resources. In Republic of Kazakhstan it is 
profitable to use wind energy according to vast territories of our country. The wind energy 
potential of Kazakhstan is much higher than any other sustainable resources.


48 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет