А. А. Айдарбекова магистр, аға оқытушы, Н. А. Сәндібаева п.ғ. к., доцент м а


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕЛ ЭНЕРГЕТИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет19/90
Дата15.12.2023
өлшемі4,01 Mb.
#138042
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   90
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕЛ ЭНЕРГЕТИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕРІ 
ЖӘНЕ ЖЕЛ ЭНЕРГЕТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ 
 
Қ.А.Шампанова – 4 курс студенті, А.Қ.Ершина – ф.-м.ғ.д., профессор,
А.С.Кӛпенбаева – магистр, аға оқытушы (Алматы қ., Қазмемқызпу) 
 
Аннотация: 
Мақалада қазіргі кездегі электр энергиясының тапшылығына 
байланысты энергия кӛзін тиімді әрі артық шығынсыз жылдам ӛндіруге қол жеткізуге 
болатын мәселелер қарастырылды. Жел энергиясын ӛндіру Елімізге тән табиғи 
құндылықтары кӛрсетіліп, электр энергиясының тапшылығының алдын алу жолдарының 
бірі екендігі дәлелденген. Сонымен қатар елімізде ӛтетін ЭКСПО-2017 кӛрмесінің 
«Болашақ энергия» атты тақырыбына сай осы жұмысты соңына дейін жеткізудің 
маңыздылығы қарастырылған.

Түйін сӛздер: 
ЭКСПО, желкенді, жел жылдамдығы, Қазақстанның бірінші жел 
атласы.
 
Біздің республикамыздың кӛптеген шаруашылықтары автономды электр 
энергиясының кӛздерін, соның ішінде кез-келген регионда ресурсы үлкен жел энергиясын 
пайдалануға қызығушылық танытуда. Ол электр энергиясының жүйелерінен кейбір 
шаруашлықтардың қашық орналасуына, жұмыстарының экспедициялық сипатта болуына 
және отын энергетикалық ресустарды таратудағы нарыққа тәуелді болмау себептерінен 
туындап отыр. Жел энергетикасының дамуына байланысты жаңа жұмыс орындары, жаңа 
ғылыми бағыттар пайда болады. Электр энергиясы еліміздің түпкір-түпкірінде орналасқан 
қазақстандықтарға жайлаудағы, қыстаудағы мал шаруашылығына, альпинистерге 
жеткізіледі. Жылдан жылға электр энергиясының құны арзандайды электр энергиясына 
зәрулік жойылады. Болашақта кӛптеген әлеуметтік мәселелер шешіледі. Энергия 
кӛздерінің экологиялық жағынан таза, әрі құны қымбат емес бәсекеге қабілетті түрі 
әртүрлі энергия кӛздерімен салыстырғанда кӛптеген артықшылықтары бар жел 
энергетикасы арқылы жүзеге асады. Жел энергетикасына сүйене отырып мемлекеттік 
«Ауылды кӛтеру бағдарламасын» шешуге болады; еліміздің әрбір алыс тұрғын 
аудандарында автономды энергия кӛздері болады; ол ауыл шаруашылығының 
ӛркендеуіне, қарапайым ауыл адамдарының күнделікті еңбектерін жеңілдетуге әсер етеді. 
Жел энергетикасының негізгі аргументі экономикалық тиімділігі және жел электр 
энергиясын ӛндірудің автономиялылығы. 
Жел энергетикасын дамытудың әлеуметтік аспектісіне тӛмендегідей мысалды 
келтіруге болады. Мысалы, Қазақстанда 1млн. тонна кӛмірді ӛндіріп ЖЭС-на пайдалану 
барысында 4 шахтердің ӛмірі қиылып отырған. Немесе атом электр стансасын, кӛмір 
шахталарын салғанда сол жерге жұмысшылардың тұрғын үйі де салынды. Станция,
шахта жабылған кезде адамдар жұмыссыз қалады. Оларды кӛшіру, жұмыспен қамтамасыз 
ету, үлкен қаражатты қажет етеді. Әсіресе ТЭС (ГРЭС), АЭС-те істейтін
жұмысшылардың денсаулығын ерекше айтқан жӛн; Чернобыль атом апатының 
қызметкерлері әлі күнге дейін ақшалай кӛмектерін толық кӛлемде алған жоқ, ал 
экологиялық агрессивті қоршаған ортада тұрып жатқан қарапайым адамдар (Арал, 
Байқоңыр, Семей, т.б.) еске де алынбайды. 
Осы әлеуметтік мәселелер қазіргі заманғы энергетиканың алдында тұрған ӛзекті 
мәселелердің бірі [7]. 
 
Біздің елімізде «Қазақстан Республикасындағы жел энергетикасының дамуының 
Ұлттық бағдарламасы концепциясының» проекті қабылданды. Бұл концепцияны жасауға: 
1) Үкіметтің 25 тамыз 2003 жылы 857 номерлі «Жел энергетикасының дамуы» Үкімі; 
2) Қазақстан үкіметі мен – Біріккен Ұлттар Ұйымның даму бағдарламасының «Қазақстан 
жел энергетикасының нарығы дамуының инициативасы» атты 2004 жылы қол қойылған 
біріккен Жобалық құжаты негіз болды.


44 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
Жел энергетикасын дамытудың Ұлттық бағдарламасының негізгі мақсаты 
Қазақстанның жел потенциалы экономиканың энергосыйымдылығын тӛмендету қоршаған 
ортаны және органикалық отынның жаңартылмайтын қорларын сақтап және Қазақстан 
Республикасының климатының ӛзгеруі туралы БҰҰ-ның рамкалық Конвенциясын, ҚР-
ның «Энергияны үнемдеу, Электр энергетика туралы» заңдары, 2010 жылы аралығына 
және болашақта 2015 жылы Қазақстан Республикасының электр энергетикалық жүйесінің 
дамуының Мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалды 
инновациялық дамуы стратегиясында елдің орнықты экологиялық, экономикалық және 
әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін электр энергияны ӛндіруді қолдау болып 
табылады.
1-сурет. Жел электр станциясы 
Жел энергетикасының дамуының Ұлттық бағдарламасының міндеттері: 
1) Қазақстанның жел энергетикалық потенциалын бағалау;
2) Жел энергетикасының дамуының нормативті құқықтық базасын және мемлекеттік
саясатын қалыптастыру; 
3) 2020 жылға дейінгі жел энергетикасының даму жоспарын жасау және іске асыру; 
4) Жел энергетикасының ғылыми-техникалық және ӛндірістік базасын сонымен қоса, 
жел машина жасау саласын.
5) Жел энергетикасының даму саласындағы халықаралық серіктестік. 
Қазақстанның барлық аймақтарына қатысты сұрақтардың бірі- қашықтағы ауыл 
тұтынушыларын энергиямен қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанның айтарлықтай 
үлкен территориясы және селолардағы тұрғындардың тығыздығының аздығы, сирек 
орналасуы электр энергиясын тасмалдау үшін, жуықтап алғанда 360 000 км құрайтын 
электр желілерін тартуға тура келеді. Үлкен қашықтықтағы электр желілері арқылы 
электр энергиясын тасымалдағанда, электр энергиясы құнынан елеулі түрде 50% артады. 
Сарапшылардың бағалауы бойынша алыстағы тұтынушылар үшін электр энергияны 
тасмалдаудың нақты құны 5 цент /кВт сағ-қа дейін жетуі мүмкін, бұл қашықтағы аздаған 
тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз етуді тиімсіз етеді. Қашықтағы тұтынушыларды 
энергиямен қамтамасыз етудің экономикалық альтернативасы жаңарып тұратын 
энергетика кӛзі болып табылады.
Электр энергиясымен объектілер мен қоршаған ортаның ластануы туралы мәселе ӛз 
алдына бӛлек. Кӛмірлі энергетикаға сүйену тұрғындардың денсаулығына және қоршаған 
ортаға зиян келтіреді. Қазақстандағы кӛмір жағатын электр станцияларының түтінді 
газдарындағы зиянды заттардың концентрациясы халықаралық стандарттардан бірнеше 
рет асып түседі. Электр станциялардың атмосфераға бӛлетін зиянды заттар қалдықтары
жылына 1 млн тоннадан асса, ал ластайтын заттардың жалпы кӛлемі 11 млн. тоннаны 
құрайды. Сарапшылардың жуықтап бағалаулары бойынша Қазақстандағы кӛмір 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
45
энергетикасының қоршаған ортаға келтіретін зияндығы құны 7,7теңге/кВт сағатты құрап, 
электр энергиясының ӛз құнынан асып түседі. Осылайша, қоршаған ортаға кӛмірлі ЖЭС 
жасайтын экологиялық әсерін тӛмендету жайындағы сұрақ ӛткір мәселе болып табылады.
Жылу электр станциялары Қазақстандағы жану ӛнімдерін бӛлетін негізгі кӛздердің 
бірі болып табылады. Бұл сектордың үлесі Қазақстандағы жану ӛнімдерінің 43% құрайды. 
2010 жылдарға қарай энергосектордың жану ӛнімдерінің кӛлемі 1990 жылғы деңгейден 
асады. Осыған байланысты энергосектордың жану ӛнімдерінен бӛлінетін қалдықтарын 
азайту қажеттілігі туындауда, бұл генерациялаушы қуаттардың құрылымын 
диверсификациялау, энерготиімділікті арттыру және энергияның жаңартылатын кӛздерін 
қолдануды арттыру есебінен орындалады. 
Жел құрылғыларының тимділігін арттыру мен олардың құнын кемітуге байланысты 
жел энергетикасындағы жетістіктер, жел энергетикасын қолдану масштабтарын және 
тартымдылығын айтарлықтай арттырды. Қазіргі уақытта әлемнің 60 мемлекетінің электр 
энергетика саласында ЖЭС бар. Әлемнің 43 елінде жуық арадағы және орташа тӛтенше 
перспективасында жүздеген және мыңдаған мВт қуатты құрылғылы жел энергетикасын 
дамытудың Ұлттық бағдармалары жасалған. Бағдарламаның деректері, ережеге сай, жел 
энергетикасын құрудың ӛзіндік бағасын дамытумен қатар жүреді, бұл жергілікті машина 
жасау зауыттарында жел құрылғыларын жасап және олардың құнын арзандатуға 
ұмтылумен түсіндіріледі.
Казсельэнергопроект жүргізген зерттеулерге сонымен бірге Energieteam (Германия) 
компанияларының зерттеулеріне негізделген жел энергетикасы жӛніндегі ПРООН жобасы 
аясында Қазақстандағы ірі ЖЭС-ын салу үшін перспективалы аудандарының тізімі 
әзірленді. ЖЭС үшін аудандар желдің орташа жылдық жылдамдығы жӛніндегі 
метеостанциялардың кӛп жылдық мәліметтері, Қазақстан территориясын WASP 
бағдарламасы бойынша Әлемдік жел атласының мәліметтерін және NASA топографиялық 
моделінің деректерін қолдана отырып, сонымен қатар келесі факторларды ескеріп 
анықталды. 
1. ЖЭС-нан қуатты беруге арналған подстанциялар мен электр тасымалдау 
желілерінің жақындығы; 
2. 
Жаңа энергокӛздерден қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін электр 
қабылдағыштардың бар болуы;
3. Рельефтің ыңғайлылығы және аймақтың биіктігі; 
4. Кӛлік коммуникацияларының болуы; 
5. ЖЭС құрылысын салу мүмкіндігі; 
6. ЖЭС құрылысын салуды алдын-ала ойластыру ықтималдығы; 
Тегін желдің энергиясын іс жүзінде қолдану перспективасын түсіне отырып, 
Республика үкіметі бірнеше бағдарлама қабылдады. 
1. Қазақстан Республикасы 1995-2000 жылғы сарқылмайтын энергоресурстарды 
энергобалансқа тарту бағдарламасы. 
2. Энергетика Министрлігінің 26.04.1997 жылғы № 124 «Энергияның жаңартылатын 
кӛздерін меңгеру мен инвестиция тарту саласындағы бірегей техникалық саясатты жүргізу 
туралы» бұйрығы.
3. 1998 жылы Қазақстан Республикасының бюджет туралы заңының 36-бабында 
қайтымды негізде жаңаратын және дәстүрлі емес энергетиканың дамуына 200млн. теңге 
бӛлуді қарастырды. 
4. Энергияны үнемдеу және Қазақстан Республикасының энергия балансына 
жаңаратын энергия кӛздерін тарту жӛніндегі Қазақстан Республикасының энергетика, 
индустрия және сауда Министрлігі 1999 жылы қабылдаған бағдарлама. 
Кӛптеген ғылыми ұжымдар мен жеке тұлғалар, республикадағы жел энергетикалық 
ӛндірістің даму маңыздылығын сезініп үлкен талпыныспен жел энергетикасының 
мәселелерін зерттеумен айналысып, белгілі бір нәтижелерге жетуде (Қазақ мемлекеттік 
қыздар педагогикалық университеті, Алматы энергетика және байланыс институты, Қазақ 


46 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
энергетика ғылыми зерттеу институты, Ауыл шаруашылық техника, әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ, ЖАҚ «Азияэнергопроектмонтаж» және т.б.).
Қазақстандағы жел энергетикалық жобаларды іске асырудың тікелей әрекеттеріне 
келесілерді жатқызуға болады. 1997 жылы қазанда Алматы қаласында үкімет мүшелері 
және парламент депутаттарының қатысуымен «Энергияның жаңартылатын кӛздері 
бойынша аймақтық іскерлік кездесу» атты халықаралық форум ӛтті. Оңтүстік Қазақстан 
облысының Кентау қаласында 2003 жылы Үндістан компаниясымен бірге әрқайсысының 
қуаты 1мВт екі жел станциясын салу жоспарланды. 2005 жылы Жоңғар таулары 
ауданында 5мВт бір (ЖЭҚ) жел электр құрылғысын салу жобаланды. Жоба Біріккен 
Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының қолдауымен іске асады деп күтілуде. 
Алматы қаласында 2006 жылдың 3 ақпанында Қазақстан Республикасының 
Энергетика және биоресурстар министрлігінде Қазақстандағы жел энергетикасының 
дамуы жӛніндегі жұмысшы топтың біріккен бас қосуы ӛтті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет