Күтілетін нәтижелердің дұрыс сипатталуы үш себептерден туындайды:
1-себеп: Күтілетін нәтижелердің айқын кӛрсетілуі - оқу материалының мазмұнын,
пайдаланатын кӛздер мен оқыту әдістерін анықтау үшін негіз болып табылады.
2-себеп. Күтілетін нәтижелер айқын кӛрсетілмесе, оқушылардың олардан талап
етілгендерді қаншалықты үйренгендігін мұғалімге анықтау қиындық туғызады. Тек
күтілетін нәтижелер айқын әрі дәл анықталған жағдайда ғана мұғалім бақылау
сұрақтарын, қорытынды тапсырмаларды дұрыс таңдап және оларды оқушыларға ұсына
алады.
3-себеп. Күтілетін нәтижелердің айқын сипатталуы оқушылардың назарын
ұсынылатын материалдың маңызды жақтарына аударуға себептеседі, сонда оқыту
үдерісінде оқушы ӛзінің күш-жігерін саналы түрде бағыттай алатын болады.
Сонымен бірге күтілетін нәтижелерді анықтауда қолданбалы курстардың түрлері
және олардың міндеттері мен функцияларын да ескерген жӛн (1-кесте). Бұл күтілетін
нәтижелердің нақтылығын қамтамасыз етеді.
Әдетте оқушылардың басым кӛпшілігі «Мұғалім олардан нені талап етіп
отырғанын» түсінбейді. Сондықтан күтілетін нәтижелер туралы оқушыларға айқын әрі
дәл ақпарат беру оларды оқу жұмысында бірлесе жұмыс жасауға бағыттайды. Оқыту
тәжірибесіндегі күтілетін нәтижелерді нақтылау оқытудың оқушыға әсерін ғана емес, оны
сипаттаудан басталуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда қолданбалы курстарды оқыту кезіндегі
күтілетін нәтижелерді нақтылаудың басты бағыттарына:
-
білім беру шарттарының сипаттамасын (оқушыларға қалай ықпал ету керек және ол
үшін қандай жағдайлар қажет?);
50 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
-
ішкі үдерістік параметрлердің - оқушылардың қабілеттілігі мен мүмкіндіктерін
(қандай қабілеттіліктерді және мүмкіндіктерді қалыптастыру қажет?),
-
білім беру нәтижелерінің сипаттамасын (қолданбалы курсты оқу нәтижесінде
оқушылар қандай нәтижелерге жете алады?) жатқызуға болады.
Оқытудың тиімділігін бағалау оқушының жетістікке жету дәрежесімен анықталады.
Игерілетін білімге сәйкес келетін игеру деңгейлерінің минимум да, мүмкін де деңгейлері
болуы мүмкін.
Игеру деңгейі - қолданбалы курсты оқыту аясында игерілген білім нәтижелерін
бағалаудағы маңызды ақпарат болып табылады. Игеру деңгейі білім, білік, дағдылардың
тереңдігі мен күрделілігін, сондай-ақ оларды тәжірибеде ӛз бетінше қолдана алуға
қабілеттілікті кӛрсетеді. Қолданбалы курстарды оқытудан күтілетін нәтижелер ӛлшене
алуы және оларға жетудің қажетті механизмдерімен қамтамасыз етілуі тиіс (1-кесте). Енді
қолданбалы курстарды оқытудан күтілетін нәтижелер ретіндегі білім мен біліктердің тӛрт
деңгейін ұсынуға болады:
-
бірінші деңгей – қолданбалы білім мен дағдылардың шектеулі аясын алдын ала
болжауға болатын жағдаяттарға қолдана алу қабілеттіліктері, олардың қатарына
мұғалімнің тікелей бақылауымен жүргізілетін жұмыс та жатады;
- екінші деңгей
– біршама дағдыларды қайсыбір жағдаяттарға қолдана алу, олардың
кейбіреуі стандартты болмауы мүмкін, ӛз бетінше белгілі бір дәрежеде бағытталған іс-
әрекеттерді жүзеге асыру қабілеттіліктері;
1-кесте
Математикадан қолданбалы курстардың түрлері және олардың міндеттері мен
функциялары
Курс түрлері
Қолданбалы курстардың
міндеттері
Қолданбалы курстардың
функциялары
Қолданбалы
курстардың
мысалдары
Пәндік
бағдарланған
- оқушының математикаға
қызығушылығын арттыруға
мүмкіндік туғызу;
- оқушының математиканы жоғары
деңгейде игеруіне дайындығын және
қабілеттілігін анықтау;
- оқушының оқуын жалғастыруы
тұрғысынан
таңдап
алған
бағдарының дұрыстығына сенім-
ділігін арттыруға кӛмектесу;
- базалық және бейінді
пәндер
бағдарламаларының
кейбір жеке тақырыптарын
тереңдету;
- жалпыбілімдік
бағдарламаны оның
аясынан тыс тақырып-
тарды зерделеу есебінен
кеңейту
- бейінді пәндер бойынша
оқудағы жетіспеушіліктің
орнын толтыру
- «Теңсіздіктер»
- «Параметрлері бар
теңдеулер
мен
теңсіздіктер»
- «Қиындығы жоғары
есептерді
шығару
әдістері»
-
«Функция
және
оның
күнделікті
ӛмірде қолданылуы»
-
«Математика
тарихы» және т.б.
Пәнаралық
- жоғарғы сынып оқушысына таңдап
алған бағдарының дұрыстығына
сенімділігін арттыруға кӛмектесу;
- оқушыларды бейінді оқытуды
анықтайтын пәндер циклі бойынша
білімнің синтезін талап ететін әрекет
түрлерімен
және
кешенді
проблемалармен таныстыру
- қазіргі кездегі кешенді
проблемаларды зерделеу,
- пәндік құзырлаықтармен
қарулану және іс-әрекет
түрлерін игеру;
- игерілген түсініктеріне
сүйене отырып әлемнің
біртұтас бейнесін
интеграциялау
- «Математика және
экология»
- «Экономикадағы
математика» және
т.б.
Кәсіби
бағдарланған
- қазіргі заманғы мамандықтар
саласына бағдарлау үшін негіз құру
- оқушыларды кеңінен таралған
мамандықтарға сәйкес келетін іс-
әрекет түрлерінің ерекшеліктері
таныстыру;
- нақты оқыту бағдарына оқушының
мотивациясын қолдап отыру
- кәсіби бағдарлану;
- нақты кәсіби бағдарға
тән құзырлықтармен
қарулану;
- «кәсіби сынақ»
- «Математика және
компьютер»
- «Статистика және
қоршаған орта» және
т.б.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
51
- үшінші деңгей
–
білім мен дағдыларды кешенді іс-әрекетке қолдана алу
қабілеттіліктері, ақпаратты ӛз бетінше таба алу және талдай алу және таныс және таныс
емес мәнмәтінді процедураларға негізделген пайымдаулар құра алу және сәйкесінше
ӛзінің іс-әрекетін басқара алу;
- тӛртінші деңгей
– білімді тереңірек игеру тәсілдерін ұқыпты түрде таңдай алу
қабілеттіліктері, біршама арнайы дағдыларды қолдана алу, ақпаратты бағалай алу және
оны ӛзінің іс-әрекетіне пайдалана білу, қайсыбір кездейсоқ проблемаларды шеше алу.
Осы деңгейлердің тұжырымдалуларынан олардың түйінді құзырлықтармен
(ақпаратттық, коммуникативтік және проблемаларды шешу құзырлықтары) тікелей
байланысты бірден байқауға болады.
Жалпы алғанда қолданбалы курстарды оқытудан күтілетін нәтижелер:
а) бағдарламаның мазмұнын емес, оқытудың әр түрлі кезеңіндегі оқушының жетістік
деңгейін сипаттауы, кӛзделген мақсатты қамтуы;
ә) ұсынылған курста неге үйрету керектігіне әсер ететіндей болып құрылуы;
б) мұғалімнің ӛз жұмысын жоспарлауы және шешім қабылдауы, оқушылардың
жетістігін бағалауы үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуі қажет.
Сонымен қолданбалы курстардың мазмұны жоғарыда қарастырылған күтілетін
нәтижелер тұрғысынан дұрыс таңдалып алынған жағдайда оқыту үдерісін іс-әрекеттік
және тұлғалық-бағдарланған тұрғыдан құру жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ
зерттеушілік сипаттағы мұндай курстарды оқыту оқушылардың ӛз бетінше білім ала
білуіне, игерген білімін жаңа жағдайларға қолдана алуларына, шығармашылық іс-әрекет
тәжірибесімен, мектептен кейінгі білімін жалғастыру үшін қажет түйінді құзырлықтармен
қарулануына себептесетін болады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. И.А.Валодарская, А.М.Митина Проблемы целей обучения в современной
педагогике. – М., 1998. С.31.
2. Б.С.Гершунский Философия образования для ХХI века.- М., Совершенство, 1998.
3. К.Ӛ.Қонақова, Д.М.Қазақбаева және т.б. Қазақстан Республикасы мектептерінде
бағдарлы оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар.- Алматы, 2006. 64 бет.
4. Күтілетін нәтижелер және жетістіктер/Қазақстан мектебі, №5-6, 2007. 35-38 беттер
5. Күтілетін нәтижелерді оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту негізі
ретінде жобалау/ Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің хабаршысы, №1
(29), 2010. -54-61 беттер
РЕЗЮМЕ
В статье рассмотрены роль и место ожидаемых результатов обучения прикладным
курсам, а также виды прикладных курсов по математике и их задачи и функции.
SUMMARY
The article deals with the role and place of expecting results in teaching applied courses,
and also types of applied courses and their functions in mathematics.
52 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
УДК 372.3 Х19
Достарыңызбен бөлісу: |