А. А. Айдарбекова магистр, аға оқытушы, Н. А. Сәндібаева п.ғ. к., доцент м а



Pdf көрінісі
бет65/90
Дата15.12.2023
өлшемі4,01 Mb.
#138042
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   90
Минерал агрегаттары-
жаралуы бірдей бірнеше минералдар жиынтығы. 
Құрамы бойынша агрегаттар мономинералды (моно-біреу) және полиминералды 
(поли-кӛп) болып келеді. Кристалды дәрежесі бойынша: анық кристалды, жасырын 
кристалды және аморфты болып ажыратылады. Кеңістікті толтыру дәрежесі бойынша: 
қопсық және тығыз болып кездеседі. 
Минерал агрегаттарының басты типтеріне; түйірлі агрегаттар, друзалар, дендриттер, 
тасшемен, тасберіш, сауысты агрегаттар, оолиттер, жер тәрізді масса және т.б. жатады [2]. 
Минерал агрегаттарының морфологиясын анықтау. 
Түйірлер шекарасы кӛрінетін 
агрегаттар анық кристалды болып табылады. Жасырын кристалды агрегаттарда түйірлер 
шекарасы кӛрінбейді. 
Тығыз агрегаттарда түйірлер қысылып жанасады және бір-бірімен берік ӛседі. 
Қопсық агрегаттар қолға жұғады, сырттан қысым түскенде шашырап кетеді. Оларға 
мынадай терминдер жиі қосылады: күйе тәрізді (қара), ұн тәрізді (ақ), жосалы (тот басқан 
қоңыр). 
Белгілі бір ғана минерал түйірлерінен тұратын агрегат 
мономинералды
(мәрмәр), ал 
агрегат бірнеше минералдардан құралса 
полиминералды
(гранит) деп аталады. 
Түйірлі агрегаттар түйірлер ӛсуінің жиынтығы. Мысалы, кез келген таужынысы 
немесе кен. Түйірлі агрегаттарда кӛп немесе аз изометрлі түйірлер кездеседі. Агрегаттар 
түйірлер пішініне қарай ажыратылады: қабыршақ түйірлі, жапырақша түйірлі, пластина 
түйірлі. Түйірлер бағыты белгілі бір роль атқарады, мысалы, параллель бағаналы, серіктес 
талшықты, желпуіш тәрізді, сәулелі тарамдалған агрегаттар. Ӛлшемі бірдей түйірлерден 
құралған агрегаттар 
біркелкі түйірлі
, ал әр түрлі түйірлі агрегаттардан құралса 
әркелкі 
түйірлі
деп аталады. Біркелкі түйірлі агрегаттар ішінде түйірлердің абсолюттік ӛлшемі 
бойынша бӛлінеді: зор түйірлі (түйір ӛлшемі 20 мм-ден артық), ірі түйірлі (түйір ӛлшемі 5 
мм 20 мм-ге дейін), орта түйірлі (түйір ӛлшемі 1мм-ден 5мм-ге дейін), ұсақ түйірлі (түйір 
ӛлшемі 1 мм-ден аз). 
Друзалар
 -
бір тұғырда қырланып ӛскен кристалдар. Кристалдану кезінде әкелінетін 
ерітінділер бос кеңістікте пайда болады. Друзалар үшін аралас таужыныстары минерал 
ӛсетін жоғары беті белгілі болуы тән. Бір уақытта бірге ӛсуде «геометриялық талдау» 
туындайды: жақтары жоғары қарай ӛсуге бағытталған кристалдар, біртіндеп ӛлшемі 
бойынша азаяды, содан кейін олардың ӛсуі тоқтайды. Друзалар кварц, кальцит, турмалин, 
берилл, флюорит, пирит кристалдарына тән. 
Щеткалар 
- друзалар кристалл ӛлшемдерінің кіші болуымен (см-ге дейін) 
ажыратылады. 
Дендриттер 
- ағаш бұтағы тәрізді агрегаттар (ағаш тәрізді). Қаңқалы пішінінен 
айырмашылығы бӛлек кристалл индивидтерінен тұратын, бір-бірімен параллель немесе 
қосақталған жағдайда ӛседі. 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
149
Тасшемен (секреция) -
 
коллоидты немесе кристалл заттармен толтырылған
концентрлік зонада орналасқан, дӛңгелек немесе бұрыш пішінді жаралым. Тасшемен 
таужыныстарының қуыстарын және жолақтарын минералдық заттармен қуыстың шетінен 
ортасына қарай толтыру нәтижесінде жаралады. 
Жеодалар 
-
кремнезем тобы минералдары (халцедон, кварцпен, опалмен) жолақ 
агрегаттары немесе концентрлі зоналармен, сонымен қатар тӛмен температуралы 
минералдар: кальцит, цеолиттер, марганец, темір гидроксидтерімен толған. 
Тасберіш (конкреция) -
шар тәрізді немесе пішінсіз сфералы жаралымдар, кейде ішкі 
құрылысы күн сәулесі тәрізді тарамдалып, тасшеменнен айырмашылығы тасберіш 
ортадан шетке қарай ӛседі. Тасберіш ӛлшемі мм-ден ондаған см-ге дейін, кейде кӛлденеңі 
метрге дейін ӛзгереді. Тасберіш түрінде фосфорит, питрит, марказит кездеседі. 
Оолиттер
-
концентратты зоналы қабықшалы, кейде тарамдалған құрылысты шар 
тәрізді жаралым. Коллоидты ерітінділер және гельдер коагуляция нәтижесінде пайда 
болады. 
Сауысты агрегаттар 
-жаңа минерал зонасы түзілген минерал заттарына біртіндеп 
сауыстану жолымен жаралады. Коллоидты гель есебінде түзіледі. Мұндай агрегаттарға: 
бүйрек тәрізді агрегаттар,«шынылы бас», тассүңгі, тасқада, қабықшалар жатады. Бұндай 
жаралымдар ӛлшемдері әр түрлі болуы мүмкін [3]. 
Минералдардың оптикалық қасиеттері. 
Минералдардың оптикалық қасиеттері 
минерал бетінде жарық сәулесінің шағылуынан, минералдарда жұтылуынан байқалады. 
Мӛлдірлігі
заттардың ӛздері арқылы жарық ӛткізу қабілеті. Ірі кристалдарында 
бақылау арқылы, барлық минералдар мӛлдірлік дәрежесі бойынша тӛмендегідей топтарға 
бӛлінеді: 
1.
Мӛлдір (тау хрусталі, исланд шпаты) 
2.
Жартылай мӛлдір (сфалерит, киноварь) 
3.
Мӛлдір емес (пирит, магнетит) 
Жылтырлығы
- минерал бетінен шағылысатын жарық бӛлігі. Жылтырлығы кірікпе 
және жарықшақтардан жоғары бетінен шағылысатын минерал сыну кӛрсеткішіне 
байланысты. Металша, жартылай металша, бейметалша (алмазша, шыныша, майша, 
күңгірт, балауыз, жібекше, інжуше) жылтырлықтар бӛлінеді. 
Минералдар түсі
- ең айқын кӛрінетін қасиеттері, ол ең бірінші кӛзге түсетін 
анықтау белгілері болып табылады. Түстері әр түрлі және химиялық құрамы, 
механикалық қоспалары және басқа кӛптеген себептеріне негізделген. 
Құбылу
- мӛлдір және шала мӛлдір минералдардың жоғары бетінде немесе жіктілік 
жазықтығында жарықтың тӛгілуі. Ол кристалдардың ішкі жақтарынан, жіктілік 
жазықтығы, басқа минералдардың микроскопиялық жарықтарына негізделген. Лабрадор, 
опал (Асылтас), ай тас (калий натрийлі дала шпаттары) минералдарына тән.
 
Құбылу - бұл 
түс лабрадор минералында ӛзіне тән әр түсті түс алмасуы калий натрийлі дала 
шпаттарында кӛгілдір түсі байқалады. 
Құлпырым 
- мӛлдір емес минералдардың жоғары бетінде әр түсті кемпірқосақ тәрізді 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет