ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МҦНАЙ ӚНЕРКӘСІБІНІҢ ҚАЗІРГІ
ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Г.Ж.Сарманова – магистрант, К.Н.Мамирова – п.ғ.к., доцент
(Алматы қ., Қазмемқызпу)
Аннотация:
мақалада Қазақстан Республикасы бойынша мұнай ӛнеркәсібінің ең
алғашқы пайда болған аудандары, негізгі таралу аймақтары және де қазіргі кездегі
жағдайы айтылған. Қазақстан бойынша негізгі Атырау, Шымкент, Павлодар мұнай ӛңдеу
заводтары жайында мағлұмат берілген. Қазақстан мұнайының экспорттық бағытын
дамыту және әртараптандыру мақсатында жобаларды іске асыру үшін негізгі бағыттар
кӛрсетілген.
Түйін сӛздер:
ЭЛОУ-АВТ-3, АМӚЗ, Еуро-4 стандарты, ҚазТрансОйл, СNODC
компаниясы, Петро Қазақстан Ойл Продактс, Атасу-Алашонькоу мұнай құбыры, Баку-
Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры.
144 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
Қазақстан Республикасы қазба байлықтарының кӛлемі мен мұнай шикізатының
қорлары бойынша әлем бойынша барынша кӛзге түседі. Кӛмірсутекті шикізаттың едәуір
қорына ие болуда. Сараптаушылардың бағалауынша Қазақстанның болжамды мұнай қоры
13 млрд.т., ал оның жер астынан алынатын қоры -2,76 млрд.т., бұл жалпы дүниежүзілік
қордың - 1,92% құрайды. Қазақстан әлемде мұнайдың анықталған қорынан 11, ал
болжамды қорынан 12 орында. Осы заманғы шаруашылық мұнайсыз мүлдем қызмет
атқара алмайды. Дамудың «Қазақстандық жолын» қалыптастырған егеменді
мемлекетімізде тәуелсіздік алған жылдар ішінде жүргізілген сындарлы саясаттың
арқасында экономикалық және әлеуметтік ӛмірімізде оңтайлы ӛзгерістер орын алып,
кӛптеген жетістіктерге қол жеткізді. «Алдымен экономика, содан кейін саясат» деген
ұстаным негізінде Қазақстан экономикасы озық қарқынмен дамып, бүгінде экономикалық
даму жағынан ТМД-ның барша елдерінің алдына шықты. Оның ең негізгі ерекше
факторлары болып ең алдымен дұрыс бағытта жүргізген саясаттың арқасы болса, екінші
жағынан еліміздің орасан - зор жер асты қазба байлықтарына ие болуы екендігін ерекше
атап ӛтуіміз керек. Қазақстан ӛзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі болып
есептелінеді. Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын 1899 жылы Қарашүңгілден алғаш
мұнай ашылуы, іле Доссор және Ембіде Мақат кен орындарының ӛмірге келуі
Қазақстанның болашақ экономикалық, отын-энергетикалық әлеуетін танытса, 1961 жылғы
5 шілде күні Жетібайдағы №6 ұңғымада мол мұнай кӛзінің ашылуы туған жеріміздің,
республикамыздың атақ - даңқын асқақтата түскен аса маңызды оқиға болды. «Мұнай»
сӛзі «наф ата» деген, парсы тілінен аударғанда «ағып жиналушы, ағып шығушы» деген
мағына береді [1].
Мұнайды игеру техникасымен технологиясына тоқталатын болсақ, мұнайды алғаш
ретте ұңғымадан атқылау арқылы ӛңдеп ала бастады. Бұл ӛңдеудің алғашқы сатысы
болып табылады. Жер ұңғымасынан атқылап шыққан соң, соңына қарай атқылау процесі
аяқталып, оны механикалық тасымалдау әдісіне айналдырады (насостың кӛмегімен).
Келесі кезеңде ұңғымадағы ӛнімді қысым арқылы тасымалдау түрі біртіндеп бәсеңдейді.
Барлығына дерлік ұңғымалар механикалық әдіспен тасымалданады. Осы деңгейдің
соңына қарай тасымалдауды қажет етпейді.Соңғы кезеңінде ӛңдеу процесі жүргізіледі.
Судың қоры кӛп болып келсе, мұнайды ӛңдеу кӛлемі біршама азаяды. Тәжірибеге
сүйенсек, мұнайды ең кӛп кӛлемде ӛңдеу жылына 8-10% - дан аспау қажет, ал орташа
есеппен алғанда жылына 3-5%-ӛңделеді. Қазыналы ӛлке байлықтарын қысқа мерзімде, кең
ауқымда жедел игеру үшін Қазақстандықтарға Татарстанның, Башқұртстанның,
Әзірбайжанның, Түркменстанның, Краснодар және Ставрополь ӛлкелерінің, Куйбышев
және басқа облыстардың мұнайшылары шақырылды [2].
Жер
қорларын
пайдалану
тәртібін
бағыттаумен
негізінен
Қазақстан
Республикасының заңдарымен халықаралық шарттардың қадағалануымен жүзеге асады.
Ең негізгісі: 1996 жылғы «Жер қорлары туралы заң», 1995жылғы «Мұнай туралы заң».
Осы заңға да бірнеше рет ӛзгерістер енгізілді. Соның ішінде ең маңыздысы 1999 жылғы
және 2004 жылы желтоқсан айындағы мұнай операциялары кезіндегі ӛнімді бӛлу,
келісімдер туралы «Мұнай туралы заңды» атап ӛтуге болады. 2010 жылғы 1 наурызда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің №153 қаулысымен адам ӛмірін және денсаулығын,
жеке заңды тұлғалардың мүлкін, қоршаған ортаны қорғау мақсатында автомобиль
бензиніне, дизель отынына және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейтін
«Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық
регламенті бекітілді. Оның аумағында құрлықтағы кен орындарында игерілетін
кӛмірсутек шикізатының басым бӛлігі жылдық ӛндірудің ең жоғары деңгейлі сатысына
жетті. Құрлықта ӛндірудің одан әрі ӛсуі бірінші кезекте Теңіз және Қарашығанақ кен
орындарын игерудің жылдамдауына байланысты. 2012 жылдың аяғында Қарашығанақ кен
орнын тәжірибелік-ӛнеркәсіптік іске асыруды бастау жоспарлануда. Бұл ретте ӛнімді бӛлу
туралы келісімге Екінші қосымша шартқа сәйкес Қашаған коммерциялық ӛндірісінің
басталуы 2013 жылдың қазанына дейін ұзартылуы мүмкін. 2015 жылы мұнай және газ
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
145
конденсатын ӛндіру 2009 жылмен салыстырғанда 124,2%-ға дейін ӛседі деп күтілуде
(ӛндіру ӛнімі 18,5 млн.тоннаны құрайды) [3]. Қазақстан бойынша мұнай ӛңдейтін ең ірі
үш мұнай зауыттары бар. Оларға тоқталатын болсақ: 1.Атырау мұнай ӛңдеу зауыты, 2.
Шымкент мұнай ӛңдеу зауыты, 3. Павлодар мұнай ӛңдеу зауыты. Мұнай ӛндіру
басқармасындағы кәсіптік- ресурс әлеуетінің негізгі мақсаты - кәсіптік ресурс әлеуетінің
жақсы нұсқасын қолдануы, яғни ӛндіру, баға, шығын қызметтерді нарық жағдайындағы
конюктураға байланысты болуы және мұнай ӛндіруіндегі мемлекеттік реттеудің бар
болуы. Отандық мұнай ӛңдеу зауыттарын қайта құру және жаңғырту мынадай
инвестициялық жобаларды іске асыруды кӛздейді: Атырау мұнай ӛңдеу зауытында:
ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысының вакуумдық блогын және АМӚЗ баяу кокстеу
қондырғысын қайта құру вакуумдық блоктың қуатын жылына 1800 мың тоннаға дейін
және баяу кокстеу қондырғысының қуатын жылына 1000 тоннаға дейін жеткізу. Жобаны
іске асыру мерзімі - 2011жыл.
Жылына 133 мың тонна бензол, 496 мың тонна параксилол ӛндірумен хош иісті
кӛмірсутек ӛндірісі кешенін салу және мұнай ӛнімдерінің сапасын 3 - экологиялық кезеңге
дейін жақсарту. Жобаны іске асыру мерзімі- 2011-2013 жылдар. Зауыт базасында мұнайды
терең ӛңдеу бойынша жылына мұнай ӛңдеуді 5500 мың тоннаға дейін жеткізумен және
мұнай ӛнімдерінің сапасын 84%- ға дейін ӛңдеу тереңдігі бойынша Еуро-4 стандартына
дейін жақсартумен кешен салу. Жобаны іске асыру мерзімі - 2011- 2014 жылдар [4].
Атырау облысындағы Солтүстік- Каспий экологиялық базасының негізгі жобасы:
Каспий теңізінің солтүстік Қазақстандық бӛлігінде құйылмалы мұнай түрін іске асыру.
Жобаны іске асыру мерзімі – 2009 - 2012 жылдар. Жобаның негізгі ұсынылуы:
- теңіз маңындағы мұнай ӛңдеу аймақтарын құру;
- экологиялық, метеорологиялық мониторинг;
- органикалық дүние қорын кеңейту [5].
Маңғыстау облысы маңындағы Каспий теңізінің шығыс бӛлігінде Баутино
аймағындағы мұнай ӛңдейтін базаға тоқталатын болсақ, толығымен автоматтандырылған,
автоцистерна және теңіз аймағындағы жанар - жағармайларды экологиялық қауіпсіз
тасымалдап, пайдалануға мүмкіндік бар.
«ҚазТрансОйл» АҚ негізгі атап ӛтетін жетістіктеріне тоқталсақ: 2009 жылғы
9 қазанда «Кеңқияқ-Құмкӛл» магистральды мұнай құбыры коммерциялық пайдалануға
берілді. Мұнай құбыры «Қазақстан-Қытай» экспорттық мұнай құбыры құрылысының
екінші кезеңінің бірінші желісі болып табылады. Оның құрылысын қазақстандық
«ҚазТрансОйл» АҚ және қытайлық СNODC компаниясының бірлескен кәсіпорны
«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС жүргізілді. «ҚазТрансОйл» АҚ орналастыратын
акцияларды тӛлеу мақсатында компания акционері - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
5 наурызындағы шешімімен «Туймазы-Омбы-Новосибирск 2» (ТОН-2) магистральды
мұнай құбырының Қазақстандық учаскесі тапсырылды. «ҚазТрансОйл» АҚ тармақталған
магистральді құбыр жүйесі арқылы мұнай тасымалдауы мен су жеткізуді қамтамасыз
ететін ҚР басты мұнай тасымалдау компаниясы.
«Петро Қазақстан Ойл Продактс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде (бұдан әрі
-ПҚОП): Мұнай ӛңдеу бойынша қуатты жылына 6000 мың тоннаға дейін жеткізумен,
ӛңдеу тереңдігін 90% дейін ұлғайтумен, зауытты қайта құру және жаңғырту, мұнай
ӛнімдерінің сапасын 4-экологиялық кезеңге дейін жақсарту. Жобаны іске асыру мерзімі-
2011-2014 жылдар. Павлодар мұнай-химия зауытында (бұдан әрі - ПМХЗ):
Зауыт қуатын жылына 6000 мың тоннаға дейін жеткізуде, мұнай ӛңдеу тереңдігін
90%-ға дейін ұлғайтумен қайта құру және жаңғырту, мұнай ӛнімдерінің сапасын
4-экологиялық кезеңге дейін жақсарту. Жобаны іске асыру мерзімі- 2011-2013 жылдар.
2011жылы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды- инновациялық даму
бағдарламасына
сәйкес,
сондай-ақ,
«ҚазТрансОйл»
АҚ-ның
инновациялық-
технологиялық даму бағдарламасын іске асыру аясында Павлодарда орталық диспетчерлік
бекет іске қосылды [6].
146 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
Мұнай ӛңдеу зауыты қайта құру және жаңғыртуды аяқтау 2015 жылы
республиканың тұтынушыларын 3-4-экологиялық кезеңнің талаптарына сай келетін
сапалы мұнай және мұнай-химия ӛнімдерімен қамтамасыз етуге, қоршаған ортаға зиянды
әсерді азайтуға, республиканың автомобиль және авиация отынына қажеттігін қамтамасыз
етуге, мұнай ӛңдеу зауыттарының жиынтық қуатын жылына 17,5 млн. тоннаға дейін
жеткізуге мүмкіндік береді [7]. Қазақстанда түрлі маркадағы мұнай ӛндіреді. Қашаған
теңіз мұнай ӛңдеу аймағында 8 млрд. баррель кӛлемінде мұнай ӛнімі бар екендігі
анықталуда, екі жасанды аралда 20 эксплуатациялы скважинаның бұрғылауы жасалынды.
Қазақстанның Каспий шельф аймағында Қашаған, Ақтоты, Қайраң, Қаламқас
аймақтарында 41 скважина ӛңделіп, эксплуатацияланып, сараптамалық бақылау
жасалынды. Қазақстанның Каспий аймағында мұнайды барлау 2013 жылғы маусым айына
жоспарлануда. Алғашқы кезеңдерінде тәулігіне 400 мың баррель мұнай ӛңделеді.
Қашағанда ең жоғарғы кӛлемде мұнай ӛңдеу тәулігіне 1,5 млн. баррель болуы мүмкін.
Қазақстан мұнай транзитіне тарифтерін бекітті. Ол мұнай магистралі 2005 жылы
аталған тариф Қазақстанның мемлекеттік агент негізінде бекітіліп, 1 қыркүйектен ӛз
жұмысын бастады, ол «Атасу-Алашонькоу» деп аталатын құбыр жүйесімен
тасымалданады (1тонна 1000 км-ге 1673,89 теңгені құрайды). Атасу станциясынан
(Қарағанды облысы) Алашонькоу теміржол станциясына (ҚХР) дейін аралықта
орналасқан. Алғашқы кезеңде құбыр арқылы мұнайды жіберу мүмкіндігі жылына 10
млн.тонна, екінші кезеңде 20 млн.тоннаға жуық болды. 2008 жылы Қытайға осы құбыр
арқылы біздің мұнайымыздың 5,1 млн.тоннасы экспортталды; 2011 жылы Атасу-
Алашонькоу мұнай құбыры 2010 жылдың алғашқы 4 айына қарағанда 3млн.751мың
тонна, яғни 15%-ға жоғары болды. Қазіргі кезде ресей мұнай компаниялары «Атасу-
Алашонькоу» мұнай құбыры арқылы тасымалды іске асырып жатқан жоқ. Одан басқа
Қазақстанның мұнай және газ министрлігі мұнай құбырымен Қытайға 250 мың тонна
кӛлемінде мұнай тасымалдауға квотаны бекітті. Бұл айлық квота жыл соңына дейін
сақталуы мүмкін [8].
Қазақстан мұнайының экспорттық бағытын дамыту және әртараптандыру
мақсатында мына жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде: мұнай құбырын
кезең-кезеңмен кеңейту, Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырына қосу арқылы Қазақстан-
Каспий тасымалдау жүйесін құру және Қазақстан-Қытай бағыттары бойынша
ұлғайтылатын болады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Т.Омарәлиев. «Мұнай мен газды ӛңдеудің химиясы және технологиясы», I бӛлім,
Астана- 2011, «Фолиант» баспасы, 6-8 б.
2. К.И. Джиембаева, Т.К. Ахмеджанов, М.К.Сакиева, «Техника и технология добычи
нефти», Алматы- «Экономика» баспасы, 2011, 5-11, 91-97 б.
3. Е.А. Ахметов, Г.Е. Бердығұлова «Қазақстан Республикасының экономикалық
және әлеуметтік географиясы», Алматы-2011,76-85 б.
4. «Petroleum», Алматы- 2012, 57-58- б.
5. «ҚазМұнайГаз», Алматы- 2011, 4-5- б.
6. «ҚазТрансОйл», Астана-2012, 12-13-б.
7. «Нефтяное хозяйство», 2’2012, 18-19-б.
8. «Нефть и газ», Алматы-2011, №5 (65), 151-152-б.
РЕЗЮМЕ
В этой статье рассматривается состояние и развитие нефтяной промышленности в
Казахстане. Так же дается анализ межгосударственным и международным соглашениям
по добыче нефти.
SUMMARY
This article deals with the state and development of the oil industry in Kazakhstan and
analysis of international agreements in oil production.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
147
ӘОЖ 911.2: 551.4
Достарыңызбен бөлісу: |