ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
Ш.Т.Юлдашева - магистрант, Ш.М.Надыров - г.ғ.д, профессор
(Алматы қ., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)
Аннотация:
мақалада Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық сауданың
ерекшеліктерін зерттеудің маңызы артуына байланысты екі мемлекет арасындағы сауда-
экономикалық байланыстардың қалыптасу тарихы мен даму тенденциялары және бұл
байланыстардағы ШҰАР-ның рӛлі қарастырылып, тауар айналымына талдау жасалған.
Түйін сӛздер:
сауда-экономикалық байланыстар, тенденция, шоп-туризм.
Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының экономикалық қатынастарының
жаңа тарихы ӛз бастауын ХХ ғасырдың 80-жылдардан алады. 1986 жылдың қаңтар
айында ҚХР мемлекеттік кеңесі Шыңжан-Ұйғыр автономды ауданымен Кеңес Одағы
арасындағы сауда байланыстарын жаңғырту туралы шешім қабылдады. Қазақстан мен
ҚХР арасындағы экономикалық қатынастардың бастапқы этапта біршама ӛсуі байқалады.
Егер 1986 жылы Шыңжан мен Қазақстан арасындағы сауда кӛлемі 3 млн. долларды
құраған болса, 1987ж. - 11,8 млн., 1989 ж. - 45 млн. долларды құрады. Бұл сауда
байланыстарының егемендікке дейін де кең кӛлемді болғанын кӛрсетеді. 1989 жылы
Шыңжан мен Қазақстан арасында 1989-1995 жж. арасындағы кезеңге экономикалық,
техникалық және сауда келісіміне қол қойылды. Бұл келісімде қарастырылған
жұмыстардың ӛзіндік құны 15 млрд. долларды, ал осы ӛңірлер арасындағы тауар
айналымын 1995 жылда 220-260 млн. долларға жеткізу кӛзделді. 1991 жылдың шілде
айындағы Н.Назарбаевтың ШҰАР-ға сапары барысында «Қазақ КСР мен Шыңжан
арасында байланыстардың даму бағыттары мен негізгі принциптері тұралы келісімге» қол
қойылады. Сонымен қатар, 1991 жылдың 31 шілдесінде Құлжада «шоп-туризмді»
кӛздеген Қазақстан мен ШҰАР арасында келісім орнатылады. Бірақ, Кеңес одағының
ыдырауымен бұл келісімдегі шарттар толығымен орындалмай қалды. Сӛйте тұрса да, екі
жақтың сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға қызығушылығы айқын байқалды.
Сонымен, Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық қатынастардың
қалыптасу механизмдері мен принциптерінің негізі қаланған кезеңі ретінде ХХ ғасырдың
80 жылдарын алуға болады. Осы кезеңде екі жақтың сауда-экономикалық және ғылыми-
156 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
техникалық байланыстарды дамытудағы құлшынысы байқалып, Қазақстанның Қытайдағы
негізгі серіктесі Шыңжан Ұйғыр автоном районы болатыны айқын кӛрінген болатын.
Шыңжан Ұйғыр автономиялық ауданы (ӛлкесі) (ШҰАР)
–
Қытай Халық
Республикасының солтүстік-батыс ӛңіріндегі орналасқан әкімшілік-аумақтық бӛлініс
жағынан ең ірі автономиялық аумақ. Орталығы – Үрімші қаласы. Халқының саны – 21,8
млн. адам (2010ж.). Халық тығыздығы жӛнінен 12,5 адам/км
2
– Қытай бойынша 32
орында. Солтүстігінде Алтай таулары арқылы 52 км. Ресей Федерациясымен, шығысында
Монғолияның Баян-Ӛлгей, Ховд аймақтарымен, оңтүстігінде Тибет автономиялы
ауданымен, солтүстік-батысында Қазақстан, батысында Қырғызстан және Тәжікстан
республикаларымен шектеседі.
Негізгі атауы «Шығыс Түркістан», ал Шыңжан (Жаңа аумақ) атауы 1877 жылы
берілген. Еуразия материгінің кіндігінде орналасқан, жер аумағы 1,74 млн. км
2
Шыңжан
Қытай аумағының алтыдан бірін құрайды. Шекарасының ұзындығы 5400 км-ден асады.
Жері оңтүстігінде әйгілі Такла Макан шӛлі мен Куньлун таулары, батысында Тәңіртау,
солтүстігі мен солтүстік-шығысында Алтай тауларына жанасып жатыр. Тәңіртаудың
оңтүстігінде Тарым, солтүстігінде Жоңғар ойпаты бар. Шыңжандағы 750 астам ӛзендер
ішіндегі ең ірілері Іле мен Ертіс. Қалғандары – Тарым, Қарашәрі, Үліңгір, Манас секілді
орташа немесе шағын ӛзендер. Тауларында 18600-ден астам мұздық бар. Ал 139 кӛлінің
аумағы 1 км
2
-ге жетеді. Суы тұщы Бағдаш кӛлінен жылына мың тоннадан астам балық
ауланады. Боғда кӛлі теңіз деңгейінен екі мың метрдей биіктікте тұр. Солтүстік
Шыңжанда бұдан басқа Сайрам, Қанас сияқты тамаша кӛлдер бар. Шыңжан құрғақ,
жауын-шашын аз, ауа райы құбылмалы ӛлке. Шыңжанның 38% жері ғана ауыл, орман,
мал шаруашылықтарына істетіледі. Егістік жері кісі басына 3,13 мудан (1 га= 15 му) тура
келеді. Орманды жер кӛлемі – 1,978 млн.га. Пайдалануға болатын табиғи жайылымы
51,310 га-дай [1].
Шыңжан пайдалы ресурстарға ӛте бай ӛлке. Түрі жағынан саны 139 табиғат
ресурсының 26 түрінің қоры жағынан Қытай бойынша алдыңғы бестікке кіреді. Алтайдың
алтыны, жақұты, шырымталы әлемге әйгілі. Ӛлкеде энергетикалық ресурстардың да қоры
ӛте мол. Мұнайдың қоры 20,860 млрд. т., табиғи газдың қоры –10,3 млрд. м
3
деп
мӛлшерленуде. Жалпы ішкі ӛнім (ЖІӚ) 220 млрд юаньды құрайды [2].
1991 жылдың желтоқсан айында Қытайдың сауда және сыртқы экономикалық
байланыстар министрі Ли Ланкин басқарған делегация Орта Азия елдеріне жаңадан
қалыптасып келе жатқан нарықтық мүмкіндіктерді зерттеу мақсатында Экспресс-турне
ұйымдастырды. 1992 жылдың қыркүйек айында Мемлекеттік кеңес премьері Ли Пэн
ШҰАР-ды астанасы Үрімшіде бірінші халықаралық жәрмеңке ұйымдастырды. Бірнеше ай
бойы Шыңжандың тӛрт қаласыда шетелдермен сауданы дамыту үшін бизнесмендер мен
инвесторларға әртүрлі жеңілдікдер енгізілді. 1990 жылдарда ҚР мен ҚХР арасында сауда-
экономикалық қатынастардың негізгі түрі, жоғарыда аталған «Шоп-туризм» болды.
Бұл қазақстандықтардың ҚХР-на коммерциялық мақсатта барып қайтуы, яғни, ол
жақтан арзан бағада жеңіл ӛнеркәсіп ӛнімдерін сатып алып отанда оны қымбатқа сату
болатын. «Шоп-туризм» кейде туризмнің бір түрі ретінде де бӛлінбейді. Дүниежүзілік
Сауда Ұйымының (ДСҰ) берген анықтамасы бойынша, басқа бір жерге барып, ақылы
жұмыспен айналыспайтын кез келген адам саналады. Екі ел арасындағы бірінші 20
жылдағы экономикалық байланыстарды қарастырып отырып, сандық және сапалық
жағынан жақсарып келе жатқанын қорытындылауға болады. 1980 жылдардан басталған
мемлекеттер арасындағы экономикалық ӛзара әрекеттер механизмінің барлығының дерлік
мемлекеттік
құрылымдар
арқылы
ӛткені
кӛрінеді.
Ғылыми-техникалық
ынтымақтастықтың басымдылығы бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі болып табылады. Ал
осы 80-жылдардың ортасынан бастап екі мемлекеттің экономикалық ынтымақтастыққа
ұмтылысын тауар айналымының ӛсуінен байқауға болады.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ-қытай экономикалық байланыстарының
жаңа кезеңі басталады. Осы кезеңнің басы мен 90 жылдардың ортасына дейін екі ел
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
157
арасындағы
экономикалық
әрекеттестік
толық
либералдылық
пен
басқару
құрылымдарының әлсіз болуымен, соңына қарай тауар-экономикалық ынтымақтастықтың
белгілерін сандық және сапалық тұрғыдан екі жақты қатаң бақылауға алуымен
сипатталады.
Байқап отырсақ, экономикалық кӛзқарас бойынша бұл әрекеттестіктен Қытай,
әсіресе, Шыңжан Ұйғыр автономиялық ауданы кӛбірек пайда алды. Қазақстанда тоқыма
және жеңіл ӛнеркәсіп тауарларына сұраныстың және ыңғайлы факторлардың болуы
ШҰАР-да ӛнеркәсіп пен инфрақұрылымның дамуына себеп болды. Бұдан басқа, Орта
Азия, соның ішінде, негізінен Қазақстаннан шикізатты импорттау арқылы Шыңжан ӛзінде
ӛңделген ресурстарды сыртқа шығару мүмкіндігін күшейтті және ел экономикасына
айтарлықтай үлес қосты. Қазақстанға тиген пайдасына келсек, Қытаймен
ынтымақтастықтың арқасында еліміз тауар тапшылығын азайтуға, қазақстандықтарды
біршама жұмыс орны және тұрақты жалақымен қамтамасыз етуге мүмкіндік алса да,
экономикаға келген табыс мӛлшері айтарлықтай кӛрінбеді. Дегенмен, бұл кезеңнің
басында болған мәселелердің кӛбі шешімін таппаса да, сауда-экономикалық
байланыстарды реттеу механизмі жетіле түсті.
Сонымен қатар, Қазақстан Қытайдың ШҰАР-дан басқа ӛңірлерімен де
экономикалық байланыстарды орнатуға кірісті. 2000 жылдың бірінші жартысында Орта
Азия елдеріне, соның ішінде, Қазақстанға экономикалық ену Қытайдың сыртқы
саясатының негізгі элементі болды. Бұл, негізінен, Қытай капиталы негізінде кӛптеп
кәсіпорындардың пайда болуы, осы елдерде ірі экономикалық және инфрақұрылымдық
жобалардың құрылуы арқылы жүзеге асты.
2000 жылдардан кейін Қазақстан-Қытай экономикалық байланыстарының дамуында
бірнеше тенденциялар байқалады:
-
Бірге жаңа жобаларды жүзеге асыру;
-
ҚХР-ның Қазақстанмен энергетикалық байланыстарды дамытуға кӛп кӛңіл бӛлуі;
-
Сыртқы сауда операцияларның кӛлемінің ұлғаюы және Қазақстанның сыртқы
сауда балансының жақсаруы.
Осы кезеңнің ірі біріккен жобаларына тӛмендегілерді жатқызуға болады:
-
2003 жылы Қазақстанның батысында ұзындығы 448,8 км, ӛткізу қуаты жылына 12
млн. тонна Кенқияқ-Атырау құбыр жолының қолдануға берілуі. Бұл салыну туралы
меморандум 1997 жылы «Батыс Қазақстан-Қытай» мұнай құбырының бір бӛлігі болуы
тиіс;
-
2003 жыл мамыр айы – CNPC компаниясы «CNPC Ақтӛбемұнайгаз» ӛндіріс
орнының мемлекетке тиесілі акцияларын (25,12%) 150,2 млн. долларға сатып алып,
компанияның жалғыз иесі болды;
-
2003 жыл тамыз айы – CNPC Сауд Арабиясының Nimir Petroleum Ltd.
компаниясынан солтүстік Бозащы жобасының 35%-ын алды;
-
2004 жыл 17 мамыр – Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху Цзинтаоның Атасу-
Алашанькау мұнай құбырын салу туралы арнайы келісімге қол қойды;
-
2005 жылы Қытай компаниялары Қазақстан мұнай активтерін алуды жалғастырып,
сәуір айында CNODC компаниясы «Айдан мұнай» АҚ-ның жалғыз акционері болды.
Мұндай жобалар осы кезеңнің соңына дейін кӛбейіп, Қытай бизнесмендерінің
Қазақстанға қызығушылығының жоғары екенін кӛрсетті. Бұл кезеңнің ірі жобаларын
қарастыра отырып, олардың біріккен жобалар деп аталса да, негізінен Қытайдың
Қазақстан мұнайына ие бола бастаған кезеңі екенін байқауға болады. 2000 жылдан бастап
Қытай ірі ӛнеркәсіп пен инфрақұрылымға кӛңіл бӛле бастады. 2004 жылдың қыркүйек
айында Трансқазақстан теміржолы магистралі туралы келіссӛздер басталып, құрылысы
жайлы меморандумға 2005 жылы қол қойылды. Осы айда China National Gold Group
Association компаниясы мен «Қазақалтын» (Kazakhaltyn Mining Co. Ltd.) кен ӛндіру
концерны Қазақстанда алтын ӛндіру бойынша бірігіп кәсіпорын құру тұралы
келісімшартқа қол қойды.
158 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
Қытайдың энергетиктері Екібазтұзда жаңа ГРЭС салуда да шетте қалмай, 2006
жылдың желтоқсанда қытайдың Гуандун ядролық энергетикалық корпорациясы (China
Guangdong Nuclear Power Holding (CGNPC)) мен қазақстандық «Казатомпром»
стратегиялық қызметтестік туралы келісім түзді. Олардың арасында қытайлық АЭС үшін
ядролық отын және ҚХР дамып келе жатқан атом энергиясын ресурспен камтамасыз ету
үшін 2007 жылдың мамырында стратегиялық қызметтестікті тереңдету мен кеңейту
келісіміне қол қойылды. 2007 жылы тамызда ҚХР председателі Ху Цзиньтао Қазақстанда
сапарымен болып қайтты. Ал 2008 жылдың сәуірінде ҚР премьер министрі Кәрім
Масимовтың Қытайға сапары кезінде «Қазақстан мен Қытай арасындағы шикізаттық емес
сектордағы әріптестік программаларын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына»
қол қойылды [3]. 2010 жылы ҚХР-ның председателі Ху Цзиньтао Қазақстанға келіп 5
пункттен тұратын «Қазақстан-Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту»
туралы ұсыныс жасады.
Ал, 2011 жылдың ақпан айында Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев Қытайға сапар
шекті. Елбасы екі жақты байланыстарды дамыту барысында жеткен жетістіктерді жоғары
бағалап, екі ел лидерлері Қазақстан-Қытай әріптестік байланыстарын жаңа сатыға
шығаруға үлес қосатындығын жариялаған болатын.Қазіргі күнге дейін жоғарыдағы
келісімдер негізінде жүзеге асқан кӛптеген жобаларға ӛзіміз куә болып келеміз.
Бүгінгі күнде Қытай мен тауар айналымы кӛлемінен Қазақстан Ресейден кейінгі 2-
орында (ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында). Кедендік статистиканың мәліметтері
бойынша айналым кӛлемі 2002-2007 жылдар аралығында 1,3 млрд. АҚШ долларынан 9,1
млрд., ал Қытай интернет орталықтарының деректері бойынша тауар айналымының
кӛлемі 1994-2004 жж. аралығында 336 млн.-нан 4,498 млрд. АҚШ. долларына дейін ӛсті.
Екі ел арасындағы тауар айналымы жыл сайын 60% ӛсуде. Бұл кӛрсеткіш 2008 жылы
17,55 млрд. доллар, ал 2010 жылы 20,4 млрд. долларды құрады. Сыртқы сауда айналым
кӛлемі 2003 жылы 3,2 млрд. доллар, 2005 жылы – 6,81 млрд., 2007 жылы- 13,8 млрд.
долларды құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |