А. А. Айдарбекова магистр, аға оқытушы, Н. А. Сәндібаева п.ғ. к., доцент м а



Pdf көрінісі
бет87/90
Дата15.12.2023
өлшемі4,01 Mb.
#138042
түріСабақ
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90
 
Тұқымдарын жинау. Аршаның
 
жеміс бүрі жидек пішіндес немесе шар тәріздес, 4-6 
жапырақша бірігіп ӛскен, әрбір жапырақша түбінде бір дән бар. Ішіндегі дәні (тұқымы) 
қыркүйек айында піседі. Жеміс бүрі әдепкіде кӛкшілдеу болады. Тұқым піскен кезде 
жапырақшалар қоңыр түсті болады да, жапырақшалар ашылып, дәндер (4-5 тұқым) жерге 
түсіп шашылады. Сосын оны жинап алу ӛте қиын, ӛйткені, дәндердің түсі топырақ 
тәріздес әрі майда.
 
Сондықтан жеміс бүрі жапырақшалары ашылмай тұрғанда, шамалы 
қоңырқай түсті болғанда, қыркүйек, қазан айларында жинайды. Жиналған тұқым жетіліп 
піскенше 10 күн «
жатып сақталуы
» керек, сосын егуге болады.
 
Емен
 
негізінен тұқымы арқылы кӛбейеді. Сәуір-мамыр айларында гүлдеп, қыркүйек-
қазан айларында жеміс береді. Тұқымы 
жаңғақ
, оны қыркүйек айында, жауын-шашын аз 
болып, ауа, топырақ құрғақ болған кезде жинаған дұрыс. Емен жаңғағын жинағанда оның 
қабығының шытынамағаны жақсы. Шытынаған жағдайда ол жерлерге микробтар түсіп, 
ылғал болған жағдайда тұқымдарды шірітеді. Жиналған жаңғақ тұқымы 10-15 күн 
«
жатып
сақталуы
» керек, сосын егуге болады. 
Акацияның
тұқымы ұзын бұршақ (боб) түрінде, ішінде 4-10 тұқым болады. Қыркүйек 
айында бұршақ ішінде дән (тұқым) піскенімен бұршақтың кӛпшілігі ағашта салбырап 
тұрады. Оларды қыркүйек-қазан айларында жинау керек.
 
Тұқымдарды егу.
Бұл үшін бір рет пайдаланатын стакандар алынып, біреуінің түбін 
шприцтік инемен немесе бізбен теседі (3-5 рет), ал екіншісі тесілмейді. Тесілген стаканды 
тесілмеген стакан ішіне кигізеді, сосын кӛң араластырылған топырақпен, дұрысы гүлдер 
ӛсіруге арналған қара топырақпен толтырады, шамалы нығыздайды. (Гүлдер ӛсіруге 
арналған қара топырақ магазиндерде (базарларда) сатылады, және ол арзан). Әрбір 
стаканға арша тұқымы 3-5 тен себіледі; емен жаңғағы 3-ден, акация тұқымы 10-нан 
(ӛйткені олардың шығымдылығы тӛмен), сирень тұқымы 5-ден себіледі. Беті топырақпен 
жабылады, бірақ тұқым тереңге түспеуі керек, беті жабылса болды, тереңдігі 0,8-1 см, 
сосын жаймен су құйылады. Топырақ тұрақты түрде ылғалды болуы керек, сонымен бірге 
тұқымның ӛнуі үшін оттегіде қажет. Ол үшін 2-3 күн ӛтіп, 3-ші немесе 4-ші күні әрбір 
стакандар суарылады, бірақ су кӛп құйылмауы керек. Нәтижесінде стакандағы топырақ 
ылғалды болады, әрі арасына ауа кіріп, бӛрткен тұқымдар оттегімен қамтамасыз етіледі. 
Егілген арша, сирень, тұқымы 40-45 күннен кейін екі ұрық жапырақты болып шығады.
 
Ауылдық жерлерде және ондағы мектептер айналасына арша, емен, акация т.б. 
ағашты және декоративті ӛсімдіктер ӛсіру үшін он мыңдаған ӛскін кӛшеті қажет. Олардың 
әрбіреуін 10-15 мың теңгеден сатып алу үшін ауылдық әкімдікте және мектептерде 
қомақты қаржы жоқ. Ал, біздің осы әдістемеміз бойынша аталған ағашты және 
декоративтік ӛсімдіктер ӛскіні кӛшеттерін дайындау ӛте арзанға түседі. Аталған 
әдістемені мектептердегі биология және экология пәні мұғалімдеріне және оқушыларға 
үйретсек, олар ӛздері ӛте кӛп мӛлшерде арша, емен, акация, сирень ӛскіндері кӛшетін 
дайындай алады. Егер оқушылар ӛздері осы ӛсімдіктер кӛшетін ӛсіріп дайындаса, сосын 
мектеп айналасына, ауылдарының кӛшелеріне және маңына отырғызып, ӛздері күтіп-
баптаса, онда олардың табиғатқа, оның экологиялық жағдайына кӛзқарасы түбегейлі 
ӛзгереді. Мұның 
тәрбиелік мәні зор
және мектептің ӛзінде оқушылар кәсіби мамандық 
алуға бейімделеді. 
Ӛскіндерді күтіп-баптау. 
Әрбір стаканға егілген аршаның 3-5 тұқымын, еменнің 3 
жаңғақ тұқымын, акацияның 10 тұқымының, сиреннің (жұпаргүл) 5 тұқымының барлығы 
түгел шыға бермейді. Ӛйткені аталған тұқымдардың табиғи жағдайдағы физиологиялық 
қасиеті, 
шығымдылығы 
әртүрлі. 
Сондықтан 
тұқым 
себілген 
стакандардың 
кейбіреулерінде бір ӛскіннен, кӛпшілігінде екеуден, аз бӛлігінде 3-5-ден шыққан. 
Ӛскіндер шыққан стакандар терезеге жақын, күн сәулесі түсетін жерде үстелге 
орналастырып, қыс бойы күтіліп бапталады.
 
Күтіп-баптау шаралары − 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет