А. А. Айдарбекова магистр, аға оқытушы, Н. А. Сәндібаева п.ғ. к., доцент м а



Pdf көрінісі
бет84/90
Дата15.12.2023
өлшемі4,01 Mb.
#138042
түріСабақ
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   90
Э К О Л О Г И Я 
 
 
ӘОЖ 502.1(574);581.524 
МЫСТЫҢ ZEA MAYS ӚСІМДІГІНІҢ ҚАЗАҚСТАН 587 ГИБРИДІНІҢ ӚСУІ МЕН 
БИОМАССА ЖИНАҚТАУЫНА ӘСЕРІ
 
Д.З.Абильмажинова – магистр, оқытушы, Г.С.Шыныбекова – магистр, оқытушы
(Алматы қ., Қазмемқызпу). 
Аннотация: М
ақалада мыстың Zea Mays ӛсімдігінің Қазақстан 587 гибридінің ӛсуі 
мен биомасса жинақтауына әсері жайлы айтылған.
 
Түйін сӛздер: 
пестицид, концентрация, ауыр металдар, гибрид, биомасса, 
антропоген. 
ХХІ ғасырдың басында ғылым мен техниканың дамуы ӛндіріс орындарының жедел 
ӛсуіне ықпал етті. Осыған орай алғаш рет қоршаған ортаға химиялық элементтердің түсуі 
мен таралуы және олардың тірі ағзаларға әсерін жүйелі түрде зерттеу ӛзекті мәселелер 
қатарынан орын алды [1].
Қоршаған ортаға таралған барлық зиянды қалдықтар түптің түбінде топырақты 
ластаушы болып табылады. Мұндай зиянды заттарға күнделікті тұрмыстық қалдықтардан 
бастап үлкен ӛндіріс орындарынан шығарылатын барлық қалдық түрлері кіреді. Ӛндіріс 
орындарынан шығарылатын газды және аэрозольды қалдықтар атмосферадағы су буымен 
қосылып және оттегімен тотыға отырып қышқыл жауын ретінде топыраққа түседі. Ондай 
газдардың ең үлкен үлесі күкірт пен азот оксидтері болып табылады. Шаң мен қатты 
қалдық ретінде шығарылатын заттарды кейде кӛзбен кӛру де қиын емес. Мысалы, қыстың 
күндері ӛндіріс орындарының маңында ақ қардың бетінен қара түйіршіктермен ластануы 
жиі байқалады және сонымен қатар, үлкен жолдың маңында да дәл осындай кӛріністерді 
аңғаруға болады. Әсіресе, жазда ӛсімдік жамылғысының жапырағында шаң мен қатты 
аэрозоль түрінде қонған лас заттар усьтица арқылы ӛсімдіктерге сіңіріледі. Ал, күзде 
ӛсімдік қурағанда барлық лас заттар кері топыраққа араласады. Осындай жолдармен 
ластанған жердің литосфера қабаты қазіргі кезде ғалымдарды алаңдатып отыр. Себебі, 
әртүрлі жолдармен түскен улы заттар қоректік тізбек арқылы адам денсаулығына кері 
әсерін тигізеді [1.2].
Қазіргі кезде осындай техногенді ластанған аудандарда әртүрлі аурулардың пайда 
болуы мен қозуы жиі байқалады. Ғылыми деректерге сай, трофикалық байланыстар 
арқылы адам ағзасы тағам ӛнімдерінен 40-50%, судан 20-40%, ауадан 20-40% улы 
заттарды қабылдайды [3].
Ластанған қоршаған ортаны қалпына келтірудің физикалық, химиялық және 
биологиялық жолдары белгілі. Олардың ішінде физикалық немесе химиялық жолмен 
тазарту ӛте тиімсіз. Жоғарыда келтірілген әдістердің ішінде ең тиімдісі – биологиялық 
әдіс. Әсіресе, ластанған ортаны ӛсімдіктер кӛмегімен қайта қалпына келтіру жолдарын 
жасау соңғы жылдары аса қарқынды дамуда [5].
Ауыр металдар ағын суларда, металл ӛндіруші ӛндірістің маңайында топырақта, 
тастанды қазба орындарында, қалалық қоқыс тастайтын жерлерде және тұрып қалған су 
қоймаларында кӛп мӛлшерде кездесіп, қоршаған ортаны ластайды. Қазақстанның егін 
шаруашылығы мен жайылым жерлерінің үлкен кӛлемі ауыр металдармен ластанған [4].
Ӛндіріс орындарынан бӛлінген экотоксиканттар метерологиялық фактордың 
әсерінен атмосферада, суда және топырақта кең таралып, тірі организмдердің тіршілік 
әрекетіне кері әсер етуде. Зиянды қалдық заттардың қоршаған ортаға түсуін, жиналуы мен 
миграциясын зерттеу олардың тірі организмдеріне әсерін дұрыс бағалауға мүмкіндік 
береді. Қазіргі кезде барлық табиғи орталарда бақыланып отырған ластаушы химиялық 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
177
заттардың негізгілерінің бірі ауыр металдар. Бұл бір жағынан металдардың биологиялық 
активтілігіне байланысты. Сонымен қатар, олар органикалық қосылыстар сияқты 
ӛзгеріске ұшырамайды (трансформацияланбайды), биохимиялық айналымға түскенде ұзақ 
сақталады [5].
Ауыр металдардың топырақта кӛп мӛлшерде болуы оларға сезімтал түрлерінің 
жойылуына және белгілі бір аймақтағы ӛсімдіктердің азайып кетуіне әкеледі. Ауыр 
ӛндіріс орындарының дамуына байланысты табиғатта «техногенді аймақтар» пайда 
болады. 
Қазіргі кезде дүние жүзі ғалымдарының басты мәселелерінің бірі – пестицидтерден 
кейін ауыр металдардың тірі ағзаларға улы әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр 
металдардың қоршаған ортаға таралуы тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен қатар 
антропогенді жолмен де қарқынды түрде жүзеге асуда. Олардың қатарына ӛндіріс 
қалдықтары, тау-кен ӛндірісі, транспорт, қара және түсті металл ӛндіру, құрамында ауыр 
металл кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтарын (ЖЭО) 
жатқызуға болады [4].
Ауыр металдармен ауаның, судың, топырақтың ластануы Қазақстанның ірі ӛндіріс 
орталықтарында да экологиялық ӛзекті мәселе болып саналады. Мысалы, Семей 
қаласының ӛндірістік орындарына жақын маңындағы топырақ құрамындағы кейбір ауыр 
металл концентрациялары қалыпты жағдайдағы топырақпен салыстырғанда мырыш – 7,4, 
қорғасын – 9,9, мыс – 3,8, кадмий – 13,3, марганец – 1,3, кобальт – 2-3,5 есеге дейін 
жоғарылаған [5].
Біздің зерттеуіміздің мақсаты Қазақстанда кең таралған жүгері гибридінің ӛсуі мен 
биомасса жинақтауына мыстың әсерін анықтау. 
Зерттеу материалдары мен әдістері. 
Зерттеу объектісі ретінде жүгері ӛсімдігінің 
Қазақстан 587 гибридінің дәндері алынды. Ауыр металл ретінде мыстың (Сu) әртүрлі 
(25мг/л, 50мг/л, 100мг/л) концентрациялары алынды. Зерттеу 4 вариант бойынша ылғалды 
ортада жүргізілді. 1 бақылау варианты, 2 вариант - 25мг/л Сu ионы, 3 вариант – 50 мг/л 
Сu ионы, 4 вариант – 100 мг/л Сu ионына есептелген күкірт қышқылының тұзы алынды. 
Әр вариант үш қайталаумен жүргізілді. 
Зерттеуге алынған ӛсімдік дәндерін ӛндіруге қоймас бұрын, толық қалыптасқан 
біркелкі дәндерді іріктеп алып 5-6 қайтара қара сабынмен сумен жуып, 16% сутек асқын 
тотық ерітіндісінде 15 минут ӛңдеп, одан кейін тағы да бірнеше қайтара дистильденген 
сумен жуып, залалсыздандырамыз. Тұқымдар 3 күнге ӛндіруге қойылып, ӛнгеннен кейін 
тәжірибе ауыр металсыз бақылау варианты және мыс пен кадмийдің 25мг/л, 50мг/л, 
100мг/л концентрациялары бойынша варианттар алынды. Тәжірибе 7 күнге созылды. 7 
күндік жүгері гибридінің тамыр және сабақ ӛскіндерінің ұзындықтары сызғышпен, жеке 
мүшелерінің биомасса жинауы электронды таразыда ӛлшенді.
Зерттеу нәтижелері. 
Кӛптеген зерттеушілердің мәліметтері бойынша ауыр 
металдардың әсерінен тамырдың ӛсуі сабаққа қарағанда кӛбірек тежеледі, тамыр 
түктерінің саны мен құрғақ биомасса жинауы азаяды. Ауыр металдардың әсерінен 
алдымен меристема аймағы, содан кейін тамыр түктерінің түзілуі жүретін созылу 
аймағының клеткаларында күрделі ӛзгерістер орын алады. Ӛсу корреляциясы бұзылып, 
апикальды ӛсуі мен латеральды ӛсу үйлесімділігі жойылады. Соның салдарынан 
тармақталуы, бойлай ӛсуі тежеліп қысқа жуан тамырлар түзіледі. Нәтижесінде ӛсімдік 
тамырының жалпы және адсорбциялағыш бетінің кӛлемі кішірейеді, осыдан барып 
ӛсімдік біртіндеп тіршілігін тоқтатады. Тамырдың коректік заттарды сіңіру қабілетінің 
тӛмендеуі бара-бара ӛсімдіктің ӛсуін, дамуын тежеп тіршілігін тоқтатуға дейін әкеледі [3].
Келтірілген мәліметтерді ескере отырып ауыр металл мыстың әр түрлі 
концентрацияларының Zea Mays ӛсімдіктердің құрғақ биомасса жинақтауына әсерін 
қарастырайық. 7 күндік жүгері ӛсімдігінің жеке мүшелер зерттеу барысында 1 бақылау 
варианты бойынша сабақтың ұзындығы (7,05 ±0,091 см), ал тамырының ұзындығы (1,85 
±0,084 см) болды. 2 вариант (25мг/л Сu) бойынша сабақтың ұзындығы (6,25 ±0,043 см) 


178 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
және тамыр ӛскіні (1,8 ±0,055 см) бақылау вариантымен салыстырғанда біршама қысқа. 3 
вариант (50мг/л Сu) бойынша тамыры (1,52 ±0,076 см), сабағының ұзындығы (6,02 ±0,043 
см). 4 вариант (100мг/л Сu) бойынша байқағанымыз сабағы (5,78±0,02 см) 3 вариантпен 
салыстырғанда сәл қысқалау және тамыр ӛскіні (1,46 ±0,084 см) (1- кесте және 1- 
диаграммада мыстың 7 күндік жүгері ӛсімдігінің Қазақстан 587 гибридінің ӛсуі мен
биомасса жинақтауына әсері айтылған).
1-кесте 
Тәжірибе 
варианттары 
Тамырдың ұзындығы 
1 ӛсімдік 
тамырының 
құрғақ салмағы 
Сабақтың ұзындығы 
1 ӛсімдік сабағының 
құрғақ салмағы 
мг/л 
см 

мг 

см 

мг 

бақылау 
1,85±0,084 
100 
2,06 
100 
7,05±0,091 
100 
9,17 
100 
25 
1,8±0,055 
97,2 

97,1 
6,25±0,035 
88,7 
7,6 
87,9 
50 
1,52±0,076 
82,2 
1,93 
93,7 
6,02±0,043 
85,4 
6,04 
65,7 
100 
1,46±0,013 
78,9 
1,8 
87,4 
5,78±0,02 
82 
5,02 
54,5 
1-диаграмма 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет