184 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
Р.П.Барыкина және басқалар [3] бойынша жасалынды. Зерттеу нәтижелерін
математикалық ӛңдеу Г.Ф.Лакин [4] бойынша жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері:
Күріштің Маржан сорты (57,6-58,1 ц/га) және Арал 202 (57,9-
59,5 ц/га) сорты ең мол ӛнімі 7 млн. шығымды дән себіліп, N60P120+N120 кг/га ә.з. дозада
минералды тыңайтқыштар берілгенде алынды. Минералды тыңайтқыштар орташа
мӛлшерде (N60P90+N60 кг/га) берілгенде күріш ӛнімі – 51,2-50,0 ц/га болды. Қоректену
алаңына, тыңайтқыштардың мӛлшері мен енгізу әдістеріне байланысты күріш
сабағындағы анатомиялық ӛзгерістер болатындығы анықталды.
Сабақтың анатомиялық құрылысы. Сабақтың анатомиялық құрылысын талдау үшін
негізгі даму кезеңдері мен танысқан жӛн. Ӛсу конусының астында алғашқы жапырақ
түзілген деңгейде ӛркеннің осьтік бӛлігінің орталығында және шетінде орналасқан.
Сабақтың кӛлденең кесіндісінде тӛмендегідей ұлпалар анықталады: эпидермис, майда
жасыл ассимиляциялаушы паренхима, түссіз негізгі паренхима, «айналмалы» склеренхима
талшықтары, екі қатар (сыртқы және ішкі) талшық-түтікті ӛткізуші шоқтар және сабақ
ортасындағы қуыс. Кейбір жағдайларда сабақтың сыртқы қабырға клеткалары
склерификацияланған
және ішкі, орталық қуыс жағында рексигендік (ауа ӛткізуші
қуыстарды қалыптастыратын) зоналар бар.
Бір қабат эпидермис клеткаларының қабырғаларының құрылысы тор тәрізді, ӛте
майда, қабырғалары қалыңдаған, әрі кремнийленген, үсті жұқа кутикуламен жабылған.
Эпидермисте лептесіктер және бір немесе екі клеткалы түкшелері бар. Бұл түкшелердің
пішіні домалақтау, томпақ немесе шамалы ұзынша.
Тығыз орналасқан, ұзынша, майда клеткалы паренхима эпидермиске жанаса
орналасқан. Ішкі жаққа қарай майда паренхималық клеткалар негізі ассимияциялаушы, ірі
клеткалы ұлпаларға айналды. Бұл клеткалардың қабырғалары жұқа, домалақтау, арасында
ұзынша пішінділері де кездеседі, кӛптеген клетка аралық қуыстары бар.
Сабақ қабырғаларында екі қатар орналасқан ӛткізуші шоқтар бар. Сыртқы ӛткізуші
шоқтарды қоршаған склеренхималық ұлпалар «айналымдық қоршау» склеренхима
элементтерінен ұштасып орналасқан. Механикалық ұлпалар іші арқылы ӛтетін сыртқы
ӛткізуші шоқтардың
кейбіреулері бір-бірінен алшақ, ал кейбіреулері жақын орналасқан
және клеткалары майда. Сабақтың қырлылығы сыртқы ӛткізуші шоқтарға байланысты.
Орталыққа жақындау орналасқан паренхималық клеткалар арасында үлкен ішкі түтікті
шоқтар жүйесі баролар сабақта «дұрыс шеңбер» болып орналасқан, бірақ, бір деңгейде
емес. Барлық ӛткізуші шоқтар жабық.
Л.Р.Петрова, А.Г.Ляховкиннің [5] зерттеулері бойынша, күріштің жатпайтын Анауо
сорты сабағындағы ішкі, ірі ӛткізуші шоқтардың пішіні ұзынша, жұмыртқа тәрізді, ал
жатпау қасиеті орташа УЗРОС 7-13 сортынікі-ромба тәрізді, домалақтау, сабақтары жатып
қалатын Арпа-шалы сортынікі-сопақша, домалақ, екі бүйірі қысыңқы орташа. Біздің
зерттеген сорттарымыздың ішкі ірі ӛткізуші шоқтары пішіні бойынша жатпай қасиеті
орташа УЗРОС 7-13 сорты ӛткізуші шоқтарының пішініне ұқсас. Яғни,
Қазақстандық
селекциясы сорттары – Маржан, Арал 202, Түгіскен күріш сорттарының жатпау қасиеті
орташа деңгейде.
Шоқтар құрамында флоэма және ксилема бар. Флоэма және ксилема – бұлар су мен
онда еріген қоректік заттар және синтезделген органикалық заттарды ӛсімдіктер денесінде
жылдамдатып тасымалдайтын, ӛте маңызды физиологиялық жүйе. Күріш сабағында
ксилема 3-5 түтіктерден құралған, оның ішінде 1-3-і ірілеу тесікті.
Флоэма кӛп қырлы елек тәрізді түтіктерден және кішкенелеу «серік» клеткалардан
құралған. Флоэманың түрі тор секілді, оның үлкенде қуыстары елек тәрізді түтіктердің
кӛлденең кесіндісіне сәйкес. Сабақтың ӛткізуші шоқтар саны 10-нан 40-қа дейін.
Сыртқы ӛткізуші шоқтарды қоршаған механикалық (арқаулық) ұлпалар бірнеше
қатар, бір-бірімен тығыз орналасқан, клетка аралық қуыстары жоқ. Олардың клетка
қабықшалары склерификацияланған, қалыңдау. Бұлар
сабақты қоршаған арқаулық
склеренхималық клеткалармен ұштасып орналасқан және де сабаққа белгілі дәрежеде
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
185
мықтылық қасиет береді. Ішкі ӛткізуші шоқтарды қоршаған арқаулық скленхималық
клеткалар 2-3 қатарлы, тығыз орналасқан. Олардың сыртында, қабықшалары жұқа
майдалау паренхималық клеткалар қоршаған.
Тыңайтқыштар, оның ішінде азотпен үстеп қоректену мӛлшері артқан жағдайда
склеренхималық қоршау клеткалары бар ӛткізуші шоқтар (оның ішінде майда, сыртқы
шеңбердегі және ішкі, ірі шоқтар) саны кӛбейеді үлкен ӛткізуші шоқтардың кӛлемі де
ұлғайған (1 кесте). Бұл флоэма арқылы сіңген қоректік заттардың кӛбірек жылжуын
туындатады. Жоғары дәннің қалыптасуына әсері үлкен. Сорттық ерекшеліктеріне келетін
болсақ, күріштің 202 сорты сабағындағы ішкі, ірі және сыртқы «майда шоқтар саны
бұрыннан» 1986-1987 жылдардан бері егіліп келе жатқан маржан сортына қарағанда
мӛлшерде кӛп. Бұл жаңадан аудандастырылған Арал 202 сортының негізгі
артықшылықтарының (1 кестеде) кӛрсетілген. Тыңайтқыштар орташа (N60P90+N60кг/га
ә.з) және жоғары дозада (N60P120+N120 кг/га ә.з) берілгенде зерттелген сортарда ішкі,
сыртқы майда ӛткізуші шоқтар саны кӛбейген. Осы шоқтарды қоршай орналасқан
скелеренхималық клеткалар сабақтың мықтылығын күшейтіп, сабақтың жатпайтын
күшейтеді. Бірақ тыңайтқыштар, үстеп қоректендіру жоғары дозада енгізілгенде сабақтың
орталық қуысы кеңейіп, үлейген және сабақ ұзарғандығы байқалған. Бұл сабақтың
қасиетін күшейтеді. Тыңайтқыштар берілмегенде зерттелінген сабағының буын
аралығында ішкі ірі ӛткізуші шоқтар паренхималық
клеткалар ортасында, ауа ӛткізуші
аэренхима қуыстарынан сәл тӛмендеу болған.
Тұқым себу нормасы кӛбейіп, 7 млн. шығымды тұқым себілгенде және
тыңайтқыштар жоғары дозада берілгенде сыртқы, майда ӛткізуші шоқтар сабағының
сыртынан томпақ болып шығып, оның қырлылығын күшейтеді. Ал ішкі, ірі ӛткізуші
шоқтар
сабақтың перифериясына, сыртқы қабырғасына жақындау орналасып, сабақтың
ішкі қуысы шамалы кеңейген. Сонымен бірге сабақ буын аралықтары ұзарған. Бұл әсіресе
Арал 202 сортына тән қасиеттер және сабақтың жатып қалу қасиетін шамалы болса да
күшейтеді деген пікір туындайды.
1-кесте Күріш сабағының ішкі анатомиялық құрылысы кӛрсеткіштерінің тыңайтқыштар
мӛлшеріне және енгізу әдістеріне байланысты ӛзгерістері
Күріш сорттары
7 млн. тұқым себілгенде
NOPO,
бақылау
N
60
P
90+
N
60
орташа доза
N
60
P
120
+N
120
жоғарғы доза
Ішкі, ірі ӛткізуші шоқтар саны, дана
Маржан (стандарт)
10,5±0,35
13,3±0,53
17,0±0,63
Арал 202
12,0±0,30
16,0±0,70
19,1±0,40
Сыртқы, майда ӛткізуші шоқтар саны, дана
Маржан (стандарт)
15,5±0,53
17,2±0,61
21,7±0,76
Арал 202
17,5±0,42
20,2±0,51
26,5±0,62
Сыртынан томпақ болып шығып, оның қырлылығын күшейтеді. Ал ішкі, ірі ӛткізуші
шоқтар сабақтың перифериясына, сыртқы қабырғасына жақындау орналасып, сабақтың
ішкі қуысы шамалы кеңейген. Сонымен бірге сабақ буынаралықтары ұзарған. Бұл әсіресе
Арал 202 сортына тән қасиеттер және сабақтың жатып қалу қасиетін шамалы болса да
күшейтеді деген пікір туындайды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Прозина М.Л.Ботаническая микротехника.М.,1960-28-08 с.
2.
Пермякова А.И. Микротехника.М., 1988-208 с.
3.
Барыкина Р.П. и другие. Справочник по ботанической микротехнике. Основа и
методы. М.: Изд-во МГУ.2004-312 с.
4.
Лакин Г.Ф.Биометрия М.: Высшая школа.1990-352 с.
186 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
5.
Петрова Л.Р., Ляховкин А.Г. Структурный особенноснти стебля и листового
влагалища некоторых полегающих и неполегающих сортов риса Oryza sativa L. //ботан.
Журн., 1968, т.53, №1. –С.75-84
6.
Мұхитдинов Н.М., Бегенов Ә.Б. , Айдосова С.С., Ӛсімдіктер морфологиясы және
анатомиясы, 2001-Б 166 с.
7.
Жайлыбай Н.К. Күріш егіншілігі және экология 2006 ж. Алматы
РЕЗЮМЕ
В
статье приведены результаты выращивания риса в условиях технологий с
добавлением минеральных удобрений. Проведены исследования анатомического строения
стебля риса.
SUMMARY
The article deals with the results of rice cultivation in the conditions of the technologies
with the addition of mineral fertilizers. Anatomic structure of a stalk of rice is given.
ӘОЖ 376. 72: 373. 5
Достарыңызбен бөлісу: