Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
149
Тасшемен (секреция) -
коллоидты немесе
кристалл заттармен толтырылған,
концентрлік зонада орналасқан, дӛңгелек немесе бұрыш пішінді жаралым. Тасшемен
таужыныстарының қуыстарын және жолақтарын минералдық заттармен қуыстың шетінен
ортасына қарай толтыру нәтижесінде жаралады.
Жеодалар
-
кремнезем тобы минералдары (халцедон, кварцпен, опалмен) жолақ
агрегаттары немесе концентрлі зоналармен, сонымен қатар тӛмен
температуралы
минералдар: кальцит, цеолиттер, марганец, темір гидроксидтерімен толған.
Тасберіш (конкреция) -
шар тәрізді немесе пішінсіз сфералы жаралымдар, кейде ішкі
құрылысы күн сәулесі тәрізді тарамдалып, тасшеменнен айырмашылығы тасберіш
ортадан шетке қарай ӛседі. Тасберіш ӛлшемі мм-ден ондаған см-ге дейін, кейде кӛлденеңі
метрге дейін ӛзгереді. Тасберіш түрінде фосфорит, питрит, марказит кездеседі.
Оолиттер
-
концентратты зоналы қабықшалы, кейде
тарамдалған құрылысты шар
тәрізді жаралым. Коллоидты ерітінділер және гельдер коагуляция нәтижесінде пайда
болады.
Сауысты агрегаттар
-жаңа минерал зонасы түзілген минерал заттарына біртіндеп
сауыстану жолымен жаралады. Коллоидты гель есебінде түзіледі. Мұндай агрегаттарға:
бүйрек тәрізді агрегаттар,«шынылы бас», тассүңгі, тасқада, қабықшалар жатады. Бұндай
жаралымдар ӛлшемдері әр түрлі болуы мүмкін [3].
Минералдардың оптикалық қасиеттері.
Минералдардың оптикалық қасиеттері
минерал бетінде жарық
сәулесінің шағылуынан, минералдарда жұтылуынан байқалады.
Мӛлдірлігі
заттардың ӛздері арқылы жарық ӛткізу қабілеті. Ірі кристалдарында
бақылау арқылы, барлық минералдар мӛлдірлік дәрежесі бойынша тӛмендегідей топтарға
бӛлінеді:
1.
Мӛлдір (тау хрусталі, исланд шпаты)
2.
Жартылай мӛлдір (сфалерит, киноварь)
3.
Мӛлдір емес (пирит, магнетит)
Жылтырлығы
- минерал бетінен шағылысатын жарық бӛлігі. Жылтырлығы кірікпе
және жарықшақтардан жоғары бетінен шағылысатын минерал сыну кӛрсеткішіне
байланысты. Металша, жартылай металша, бейметалша (алмазша, шыныша, майша,
күңгірт, балауыз, жібекше, інжуше) жылтырлықтар бӛлінеді.
Минералдар түсі
- ең айқын кӛрінетін қасиеттері, ол ең бірінші кӛзге түсетін
анықтау белгілері болып табылады. Түстері әр түрлі және химиялық құрамы,
механикалық қоспалары және басқа кӛптеген себептеріне негізделген.
Құбылу
- мӛлдір және шала мӛлдір минералдардың жоғары бетінде
немесе жіктілік
жазықтығында жарықтың тӛгілуі. Ол кристалдардың ішкі жақтарынан, жіктілік
жазықтығы, басқа минералдардың микроскопиялық жарықтарына негізделген. Лабрадор,
опал (Асылтас), ай тас (калий натрийлі дала шпаттары) минералдарына тән.
Құбылу - бұл
түс лабрадор минералында ӛзіне тән әр түсті түс алмасуы калий натрийлі дала
шпаттарында кӛгілдір түсі байқалады.
Құлпырым
- мӛлдір емес минералдардың жоғары бетінде әр түсті кемпірқосақ тәрізді
болады.
Достарыңызбен бөлісу: