148 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
бірнеше тәсілмен, негізінен минерал жаралу ортасының сипатымен анықталатын мынадай
жолдармен жаралады:
- Табиғи силикат балқыманың (магманың) температурасы оның қатаю нүктесінен
тӛмен түскен кезде кристалдану жолымен;
- Минералдық заттардың шынайы немесе коллоид ерітінділерден түзілуі арқылы,
бұл ерітінділер ыстық (гидротермалық ерітінділер, олардан кӛптеген руда минералдары
жаралады) немесе салқын (мысалы; тұзды кӛлдердің ерітінділері) болуы мүмкін;
- Диффузиялық процестер нәтижесінде қатты заттардың әртүрлі түрлену жолымен;
- Минералдардың газ тәрізді күйден
тікелей кристалдану жолымен, мысалы;
жанартау кратерлерінің қабырғасында күкірттің жанартаулық газдардан кристалдануы.
Кӛптеген минералдық түрлердің 70-ке жуығы ғана кең таралған, олар негізінен
таужыныстар құрамына кіретіндіктен таужыныс жасаушылар деп аталады.
Қазіргі кезде минералдар кристаллохимиялық принцип, яғни, кристалдық құрылымы
мен химиялық құрамы ерекшеліктерінің негізінде типтер мен кластарға жіктеледі,
мысалы: сомтума, сульфид, оксид, карбонат, галоид, силикат және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: