А. А. Какимова Қазақстан Республикасы тарихы


Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж



бет33/69
Дата10.03.2023
өлшемі0,86 Mb.
#73000
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   69
Байланысты:
À. À. Êàêèìîâà ?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñû òàðèõû

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.
2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.

  1. КСРО-дағы оқулықтың алғашқы авторлары?

  2. Ш.Уәлихановты неге қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы деп атаймыз?

  3. Деректану саласында зерттеген Шоқанның қандай еңбектерін айтуға болады?

10 дәріс
Тақырыбы: Шежіренің деректік маңызы,орны және ерекшелігі
Дәрістің мазмұны:ХҮІІІ ғасырдың басындағы орыс ориенталистикасының алғашқы өкілі Г. З. Байер Әбілғазының «Түріктер шежірелік тармағы» деген шығармасын аударумен шұғылданды. Түрік этностарының ортағасырлық тарихын зерттеу ісінде Ресей тарихнамасының бастауында В. Н. Татищев, Н. М. Карамзин, С. М. Соловьев, В. Т. Василевский, П. В. Голубовский және басқалар болды, олар оғыздар мен қыпшақтардың тарихын Киев Русінің тарихымен тікелей байланысы болған ыңғайда қарастырды, Н. М. Карамзиннің өзі қыпшақтардың қазақтармен генетикалық байланысына назар аударды.
Түрік тайпалары мен олардың бірлестіктері айтылған ІХ-ХІІ ғасырлардағы А. Шпенглердің, Г. Юльдің, А. Вамберидің, Х Френнің, В. В. Григорьевтың, В. П. Тизенгаузеннің еңбектерінде олар туралы толып жатқан анық мәліметтерді анықтауға мүмкіндік берді. Нақ осы кезеңде орыстың Шығыс тарихнамасы нарративтік жазбаша ескерткіштер мен нумизматикалық материалдар түрінде берік тарихтану базасына ие болды.
Қазақстанның ортағасырлық тарихы жөніндегі мәліметтер келтірілген бірқатар бағалы деректемелерді ашып, ғылыми айналымға енгізуге Х. Д. Френ (1782-1851 жж.) зор еңбек сіңірді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс ориенталистикасында қазақ халқының шығу тегі проблемаларына, оның негізгі этникалық компоненттерінің тарихына, рулық-тайпалық құрылымына ынта-ықылас арта түсті. Ресейде Шығыс тарихынан университеттік курсты алғашқы рет оқыта бастаған В. В. Григорьев Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуге ерекше көңіл бөлді.
Қазақстандағы тарихи-шығыстанушылық зерттеулердің бастапқы кезеңі А. П. Чулошниковтың, С. Ж. Асфендияровтың есімдерімен байланысты. А.П. Чулошниковтың ғылыми ізденістері жаңа деректемелер тартуға, қазақтардың және оларды құрайтын этникалық компоненттердің тарихын басқа да түрік халықтарының тағдырларымен байланыстыруға әрекет жасауға бағытталды. С. Ж. Асфендияров тарихтың және мәдениет тарихының көптеген түбегейлі проблемаларын – қазақтардың этногенезін, қазақ эпосын зерттеді, Қазақстан аумағында феодалдық құрылыс қалыптасуының күрделі және сонымен бірге әлі де аз зерттелген үрдісін ой елегінен өткізіп, қорытуға елеулі әрекет жасады. Ру тарихын тану бұрынғысынша көкейтесті проблема болып қала берді. М. Тынышбаев қазақтардың негізгі тайпалары мен руларының генеологиясын қысқаша баяндап, тарихи түсініктемелер жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет