А. А. Какимова Қазақстан Республикасы тарихы


Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж



бет30/69
Дата10.03.2023
өлшемі0,86 Mb.
#73000
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69
1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.
2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.

  1. Зерттеуші Л.Н. Пушкарев жазба деректерді қандай жіктерге бөліп көрсетеді?

  2. Жазба деректер эволюциясына әсер ететін факторлар?

  3. Ең алғаш деректерді зерттеу қоғамын ұйымдастырған кім және ұйымның міндеті?

7 дәріс
Тақырыбы: Деректің пайда болуын сынау.
Дәрістің мазмұны: Тарихи деректер өзінің саны, көлемі жағынан аса көп, мазмұны, түрі жағынан әр алуан. Оның бәрін қамту аса қиын. Сондықтан тарихи деректер теңізінде дұрыс жол табу, тарихи зерттеулерде оларды тиімді және пайдалы етіп қолдана білу қажеттілігі оларды сыныптау проблемасын туғызады. Басқаша айтқанда, деректерді ортақ қасиеттері бар, бірақ бір-бірінен ерекше белгілерімен айырылатын категорияларға бөлу.
Деректерді сыныптаудың біздегі бүгінгі жайы туралы тарих ғылымдарының докторы Мерует Әбусейітова, ортағасырлық Қазақстан тарихының деректану мәселесіне тоқтала келе «Важнейшие вопросы казахстанского источниковедения еще не получили удовлетворительного разрешения. Речь идет прежде всего о классификации источников, выработке общих принципов их типологизации. Задача систематизации источников по истории Казахстана связана с необходимостью выработки общих теоретических принципов типологии, что потребует привлечения некоторых формальных методов анализа» (10)- деп, Қазақстан тарихының маңызды бір проблемасының әлі шешімін таппай отырғандығын айтады.
Орыс деректану мектебінде бұл мәселе ұзақ жылдарға созылған ізденістер нәтижесінде біршама шешімін тапқан деп айтуға болады. Сондықтан, сол мектептің тәжірибесіне сүйенсек сыныптау зерттеушіге тәуелсіз обьективті өлшемдерге негізделуі керек, олар обьективті деректердің өзіне тән қасиеттерінен шығуы қажет және онда деректердегі шындықтың ену және бейнелену заңдары көрінуге тиіс.
Демек, сыныптау проблемасы тек таза техникалық емес, методологиялық та пробема болып табылады және тек қалың деректер арасында бағыт көрсету функциясын атқарып қана қоймайды, сонымен қатар оларды зерттеу тәсілі қызметін де атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет